Әлеумет

Құрылыс жұмыстары жүргізілуде

Шымкентке қарасты Еңбекші ауданында орналасқан көшелерді жөндеу жұмыстары жоспарға сай атқарылған. 2019 жылы 167,8 млн. теңге қаржы бөлініп, 8,74 шқ асфальттау жұмыстары, 23,56 шақырым көшеге шағал-тас төсеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, Бадам-2 (жоба құны 1 161,0 млн тг), Қарабастау тұрғын алаптарындағы (жоба құны 607,509 млн тг) және Леңгір тас жолындағы (жоба құны 433,87 млн тг, 2019 бөлінген қаржы 200,0 млн. ...

Читать далее »

Бюджет түсімдері жылдан-жылға ұлғаюда

Шымкент қаласына қарасты Еңбекші ауданының әкімі Ғалымжан Молдабайұлының айтуынша аудандағы ретсіз орналасқан сауда орындарын жою мақсатында, 2019 жылдың 10 айында 80 рейдтік іс-шара ұйымдастырылып, 102 ретсіз сауда орындары жойылса, аудандық жергілікті полиция қызметі бөлімі тарапынан заңнамаға сай 1191 хаттама толтырылып, 505,0 мың теңге айыппұл салынған. Жарнама туралы заңнамаларға сәйкес, есепті кезеңде 84 рейдтік іс-шара ұйымдастырып, жалпы саны 508 заңсыз жарнаманы ...

Читать далее »

Тұрғын алаптарда мәселе болмайды

Шымкент қаласына қарасты Қаратау ауданында  жол жөндеу жұмыстары аясында Достық, Нұртас шағынаудандары мен Тассай тұрғын алабындағы жалпы 15 көшеге күрделі жөндеу жұмыстары, сонымен қатар, Достық, Қайтпас, Асар-2 шағынаудандары мен Қайнарбұлақ саяжайы, Орманшы, Мәртөбе, Қайнарбұлақ тұрғын алаптарындағы жалпы 11 көшеде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жалпы, алдағы уақытта электр жарығы, табиғи газ, ауыз су және жол салуда алдағы уақытта барлық мәселе шешімін ...

Читать далее »

Табиғи газбен қамтылатын болады

Шымкент қаласына қарасты Қаратау ауданын табиғи газбен қамту бойынша Асар-2, Достық, Тұран, Тассай шағынаудандарын табиғи газ жүйелеріне қосу мақсатында жобалар әзірленуде. Қала аумағында табиғи газбен қамту мәселесін шешу мақсатында «АГТС-3» (АГРС-3) стансасының жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан өткізілуде. Қорытынды алынуына қарай, құрылыс жұмыстарына қаржы бөлуге ұсыныс беріледі. Осы жұмыс аяқталса, аудан аумағындағы шағынаудандар толық сапалы табиғи газбен қамтылатын болады.

Читать далее »

Кестеге сәйкес жүргізілуде

Шымкент қаласына қарасты Қаратау ауданын сапалы электр жарығымен қамту мақсатындағы құрылыс жұмыстары Асар-2 шағынауданы мен Тассай, Өтеміс және Шапырашты тұрғын алаптарында кестеге сәйкес жүргізілуде. Достық шағынауданының жаңақұрылыс аумағын сапалы электр жарығымен қамту үшін құрылыс жұмыстарын атқаруға мемлекеттік сатып алу рәсімдері атқарылған. Ауданды толықтай инфрақұрылыммен қамту жақын болашақта мүмкін болмақ.

Читать далее »

Негізгі себептер талқыланды

Шымкент қаласы әкімдігінің ғимаратында қала әкімінің орынбасары Б.Пармановтың төрағалығымен «Шымкент қаласының Кәсіподақтар орталығы» Аумақтық кәсіподақтар бірлестігі, Шымкент қаласының Кәсіпкерлер палатасы мен бірлесе, Шымкент қаласының әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі үш жақты комиссияның кезекті отырысы өткізілді. Комиссия отырысында жалақы қарыздары, өндірістік жарақаттың алдын алу, жұмыскерлерге қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету, зиянды және қауіпті еңбек жағдайлары бар жұмыс ...

Читать далее »

Түрленген. Түлеген. Көркейген

Байырғы Шымкент пен бүгінгі жаңа қаланы мүлдем салыстыруға келмейді. Түрленген. Түлеген. Көркейген. Дамудың даңғыл жолына түскен шырайлы Шымкенттің мақтан тұтар тұстары көп. Миллиондар мекенінің бұрынғысы мен бүгінгісі қандай? Өткен жылы үшінші мегаполистің аумағы 117 мың гектарға дейін кеңейіп, кейбір ірі қалалардың жер көлемінен де асып кетті. Миллионды мегаполисте халық саны да артып келеді. Бұл тұрғыда Шымкент жұртшылығының ел демографиясына қосып ...

Читать далее »

Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында жүргізу тапсырылған

Шымкент қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 15 сәуірдегі «Шымкент қаласының көпқабатты тұрғын үйлер аулаларын абаттандыру туралы» №309 қаулысымен, Қаратау аудандағы көп қабатты тұрғын үйлердің аулаларын абаттандыру және ашық спорт алаңшаларын орнату жұмыстарын мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында жүргізу тапсырылған болатын. Тапсырмаға сәйкес, «Нұрсәт» шағынауданында тозығы жеткен 57 аула 143 көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларын абаттандыру, балалар ойын және спорттық жаттығу тренажерларын орнату мен 19 ...

Читать далее »

Қаланың көркіне айналады

Шымкент қаласындағы «Ескі қала» атымен танымал орталық қазіргі таңда күрделі құрылыс алаңына айналған. Ескі қалаға жиі ат басын бұратын шаһар басшысы тиісті мамандарды сонда жинап, бірқатар нақты тапсырмалар берген болатын. Цитадельдің құрылыс жұмыстары қала әкімі Ерлан Қуанышұлының жіті бақылауында. «Цитадель қалашығы болашақта туристер мен қала тұрғындарының ең қызықты нысандардың біріне айналуы тиіс. 2020 жылы Шымкент ТМД елдерінің мәдени астанасы атанатынын ...

Читать далее »

Кері байланыс орнатылған

Бүгінде Шымкент қаласы әкімдігіне қарасты 4 аудан бар. Олардың барлығы да тұрғындармен кері байланыс орнатып, әр өтінішке нақты жауап беріп, мәселенің түйінін тарқатуға сеп болуда. Мәселен, Қаратау ауданы әкімі аппаратына жыл басынан 534 өтініш келіп түскен. Ол жердегі басты сұрақтар әлеуметтік көмек және инфрақұрылым мәселелері. Оның 224 өтініші қанағаттандырылып, мәселесі шешілді. Ал, 237 өтініш басқа құзырлы мекемелерге жолданды.

Читать далее »