Түркістан облысының полицейлері есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл аясында ірі заң бұзушылықтың жолын кесті. Жетісай ауданында жүргізілген жедел-іздестіру шаралары барысында синтетикалық есірткіні заңсыз сақтап, «жасырып кетумен» айналысқан жас жігіт қолға түсті. Күдіктінің үстінен тінту жүргізу кезінде оның жанынан полиэтилен пакеттерге салынған 60 орама есірткі тәріздес зат табылды. Сараптама нәтижесінде алынған заттың салмағы шамамен 200 грамм, яғни 400 дозаға жуық «мефедрон» ...
Читать далее »Әлеумет
200-ден астам жүк көлігі қарға батып қалды
Түркістан облысында ауа райы күрт суытып, қалың қар түсуіне байланысты жолдар жабылып, жүргізушілерге қолайсыздық туғызуда. Осындай сәтте полиция қызметкерлері оқыс оқиғалардың алдын алу мен жолда қалғандарға көмек қолын созу мақсатында күшейтілген күн тәртібінде қызмет етуде. Полицейлер небары 12 сағат ішінде 200-ден астам жүк көлігіне көмектесіп, жолдан қауіпсіз жүруіне ат салысты. Ауа райының қолайсыздығына байланысты полицейлер тәулік бойы жолды ...
Читать далее »Сот орындаушылардың заңнама талаптарын өрескел бұзғаны анықталды
Мемлекет сот орындаушыларға атқарушылық құжаттарды мәжбүрлі түрде орындауға бағытталған шаралар қабылдауды міндеттейді. Қолданыстағы заңнамаға сүйене отырып, сот орындаушылар банктік шоттарды, мүлікті, нотариалдық актілерді, лицензияларды тәркілеу сияқты мәжбүрлеу шараларын қабылдауға, сондай-ақ борышкердің Қазақстан Республикасынан кетуіне уақытша шектеу қоюға құқылы. Бұл шектеулер заңнамада көрсетілген жағдайларда ғана алынады. Тексеру нәтижесінде 22 жеке сот орындаушысы 102 борышкерге қатысты шектеулерді орындау кезінде заңсыз алып тастағаны ...
Читать далее »Атыс қаруын қолданып бұзақылық жасаған күдікті 10 жыл бойы жасырынып жүрген
Полиция бұзақылық жасағаны үшін 10 жыл бойы іздеуде жүрген күдіктіні ұстады. Түркістан облысы Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу нәтижесінде 2014 жылдан бері іздеуде жүрген Түлкібас ауданының тұрғынын ұстады. Ер адам атыс қаруын қолданып бұзақылық жасады деген күдікпен іздестірілген. Яғни қылмыс орнынан қашып кеткендіктен, іздеу жарияланған. Қазіргі уақытта күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Болған оқиғаның ...
Читать далее »85 млн теңге қарызы бар көлік жүргізуші құрықталды
Патрульдік полиция қызметкерлері “Қорғау — қауіпті жүргізуші” бағдарламасы арқылы Lexus көлігіне қатысты белгі алды. Бұл көліктің иесі қомақты мөлшерде қарызын төлемеген болып шықты. Полиция қызметкерлері көлікті Шымкент — Самара тасжолында тоқтатып, жүргізушінің қаржы ұйымына 85 миллион теңгеден астам қарызы бар екенін анықтады. Көлік айыптұраққа қойылды. Полицейлер жүргізушіге қарызды уақытында төлеу қажеттігін түсіндірді.
Читать далее »Өз-өзіне қол жұмсамақ болған қыз өзенге құлап кетті
Қазығұрт ауданында полиция қызметкерлерінің жылдам әрекеті мен кәсібилігінің арқасында өз-өзіне қол жұмсаған қыз құтқарылды. 18:45 шамасында «Газалкент» каналына белгісіз адамның секіргені туралы хабар алған. Учаскелік полиция инспекторлары Сабит Алимбаев, Жалғасбек Ағабеков және Әбдіәкім Әбдірахым оқиға орнына небары 3 минутта жетті. Қызға көмектесу үшін суға түскен тұрғынды шығарып алғаннан кейін полицейлер қызды да қауіпсіз аймаққа алып шықты. Алғашқы көмек ...
Читать далее »Түркістандық өнерпаз екі аяқтың көмегімен сурет салып, жазу жазады
Бәйдібек ауданының тумасы Нышанғали Рахман екі аяғының көмегімен сурет салып, жазу жазады. Бүгінде ол Кентау қаласындағы арнаулы колледждің екінші курс студенті. Ол өзі сияқты тағдырлас қыз жігіттермен бірге оператор мамандығын меңгеріп жүр. Көпбалалы отбасында тәрбиеленген Нышанғали 19 жаста. Оған екі қолының жоқтығы кедергі емес, барлық істі аяғымен жасап үйренген. Ол ұялы телефонды да аяқ саусақтарымен пайдаланады. Тіпті ойын ойнап, компьютердің ...
Читать далее »Ішімдіксіз ауыл: Түркістан облысында 30-ға жуық ауыл тұрғыны ішімдіктен бас тартты
«Ішімдіксіз ауыл» жобасына Түркістан облысында 30-ға тарта ауыл қолдау білдірді. Атап айтсақ, Ордабасы мен Мақтаарал ауданында 5 ауыл, Келесте 4, Сайрамда 3, Қазығұрт, Төлеби, Сауранда 2, Отырар, Жетісай, Арыста 1 ауыл тұрғындары спирттік ішімдік сатудан бас тартқан. Мәселен Сауран ауданының «Нұртас» елдімекенінде 1835 адам тұрады. Ауылда 1 мектеп, 2 балабақша бар. Тұрғындарға 3 дүкен қызмет етуде. Ауыл тұрғындары құрт пен ...
Читать далее »Түнгі уақытта отшашу атқаны үшін 345 000 теңге айыппұл салынады
Ішкі істер министрлігі 5 желтоқсан мен 3 қаңтар аралығында «Пиротехника» жедел-профилактикалық іс-шарасын бастады. Аталған іс-шара нарықтарда сертификатталмаған пиротехникалық бұйымдарды, сондай-ақ оларды рұқсатсыз бей-берекет сату фактілерін анықтауға және жолын кесуге бағытталған. Іс-шаралар барысында пиротехникалық бұйымдарды сақтау, есепке алу, пайдалану, тасымалдау тәртібіне назар аударылатын болады. Кәмелетке толмағандардың пиротехникалық бұйымдарды пайдалануы кезінде жарақат алмауына ерекше көңіл бөлінеді. Бұл ретте мектептерде оқушылармен тиісті ...
Читать далее »Темекі өнімдерін өртеп жіберді
ҚМА Ақтөбе облысы бойынша департаменті заңсыз кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру фактісі бойынша Қырғыз Республикасының азаматына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізуде. Мәселен, «Жайсан-авто» бекетінде Қазақстан Республикасы аумағынан шығып кету әрекеті кезінде жүк көлік құралының жүргізушісі ұсталды, оның шанағын тексеру кезінде акциздік маркалары жоқ, көкөністерде (пекин қырыққабаты) жасырылған жалпы саны 70 мыңнан астам қорап темекі өнімдері табылды. Мемлекеттік кірістер органдарының деректеріне сәйкес төлеуге жататын ...
Читать далее »