Әлеумет

Бәйдібек ауданында сарбаздарды салтанатты түрде шығарып салды

Түркістан облысына қарасты Бәйдібек ауданында  «Айбынды жастар – жаңа Қазақстанның тірегі» тақырыбында ерлік сабағы мен Отан алдындағы азаматтық борышын өтеу үшін әскерге аттанғалы тұрған азаматтарды салтанатты шығарып салу рәсімі өтті Жиынға қатысқан аудан әкімінің орынбасары Берік Тұрлыбеков,  әскер қатарына жіберілетін азаматтарға Отан алдындағы борыштарын абыроймен атқарып келулеріне тілек білдіріп, естелікке жазушы, еңбек ардагері Бағдат Қалаубайдың кітабын тарту етті. Ал Түркістан ...

Читать далее »

Бірнеше жасанды жол кедергісі орнатылатын болады

  Түркістан облысына қарасты Сайрам ауданы әкімінің берген тапсырмасына сәйкес, аудан әкімінің орынбасары Мадияр Оразалиев Қарабұлақ ауылдық округінің  орталығын ретке келтіру бағытында атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысты. Аралауға ауылдық округі әкімінің орынбасарлары Д.Усманов және Бахтияр Шамуратов  аудан әкімінің баспасөз қызметі Меруерт Шонтукова, аудандық полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі, ауылдық учаскелік полиция бөлімінің басшысы А.Ақмырза, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және ...

Читать далее »

«Ордабасы қауіпсіз аудан» бағдарламасы жүзеге асырылуда

    Құқық бұзушылықтың алдын алу және болдырмау мақсатында Түркістан облысына қарасты Ордабасы ауданы прокуратурасының үйлестіруімен «Ордабасы қауіпсіз аудан» бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары жүзеге асырылуда. Осы іс-шаралар жоспар аясында аудан әкімдігінің, полиция бөлімінің, Ордабасы ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің қызметкерлерімен, сондай-ақ мектеп педагогтары және ата-аналармен бірлесе оқушылармен кездесу, олардың тарапынан қойылатын әрбір сұрақтарына жауап беру, прокурорлық лекциялар оқу ...

Читать далее »

Жетісайлық полицейлер тұрғынға көмектесіп, алғыс алды

  Түркістан облысына қарасты Жетісай аудандық полиция бөліміне Ынтымақ ауылының тұрғыны шағымданады. Ер адамның айтуынша, оның қорасында байланып тұрған бір бас тайы белгісіз жағдайда шығып кетіп жоғалған.   Аталған жүйрік аттың бағасы базар нарқымен 300 000 теңгеден асады. Өзі 4 күн бойы ары-бері іздеп таба алмағаннан кейін, полицейлерден көмек сұрайды. Хабар алысымен тәжірибелі тәртіп сақшылары әрекет етіп, іздеуге кіріседі. Куәлардан ...

Читать далее »

Заң бұзушылықтың орын алуына жол бермеу мақсатында бірлесіп жұмыс жүргізу келісілді

Түркістан облысына қарасты Ордабасы ауданының прокуроры К.Нәрікбаевтің төрағалығымен аудан аумағындағы сауда дүкендерінің иелерімен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағалары бойынша мәселелерге қатысты мәжіліс өтті. Кездесуге аудан әкімінің орынбасары Қ.Сейітқұл, «Атамекен» ҰКП Ордабасы ауданы филиал директоры С.Бердимуратов, аудандық статистика басқармасының басшысы М.Шамшидинова, аудандық кірістер басқармасының қызметкерлері, ауыл округі әкімдері, аудан кәсіпкерлері және БАҚ өкілдері қатысты. Мәжілісте аудан аумағында азық-түлік бағасын тұрақтандыру ...

Читать далее »

Түркістан облысында «Үздік жедел уәкіл» анықталды

ҚР Ішкі істер министірінің тапсырмасына сәйкес Түркістан облысы Полиция департаментінде жедел уәкілдердің қатысуымен «Үздік жедел уәкіл» кәсіби-шеберлік конкурсы ұйымдастырылды. Аталмыш байқауда жедел уәкілдер 4 сайыстан тұратын сынақтан өтті. Атап айтсақ, бірінші кезең кәсіби білім деңгейі (ҚР Заңдары бойынша тест), екінші кезең атыс қаруынан нысанаға дәл тигізу деңгейі, үшінші кезең спорттық деңгейі (100м, 1000м жүгіру, турник немесе бруссия тартылу) болды. Ал ...

Читать далее »

Әлеуметтік желі арқылы жалған мәлімет таратқаны үшін жазаланды

    Түркістан облысының прокуратурасы «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Заңның талаптарына қатысты тұрақты түрде түсіндіру іс-шараларын жүргізіп жатқанына қарамастан, жекелеген адамдар, оның ішінде шетелде жүргендер тарапынан тұрғындарды интернет-ресурстар арқылы заңсыз митингілер мен наразылық акцияларына қатысуға шақырулары жалғасуда. Айта кету керек, биыл екі өңір тұрғындары Түркістан және Кентау қалаларында келісілмеген митингілерге қатысуға шақырғаны үшін тиісті жауапкершілікке ...

Читать далее »

Қырғызстан азаматы тәртіп сақшыларына шынайы ризашылығын білдірді

    Қызмет бабында қатал көрінетін тәртіп сақшыларын көрсе именіп қалатын жандар аз емес. Өкімет өкілі болған соң ба, әлде формасының мысы баса ма әйтеуір полицейлерді көргенде аяқ тартатындар аз емес. Дегенмен олар да адами құндылықты құрметтейтін, мейірімге мелдектеп тұрған жүрегі бар қайырымды жандар. Жолда қалғандарға көмек қолын созып, қайырым мейірім көрсетеді. Өткен демалыс күні «Алматы-Ташкент-Термез» тас жолының 556 шақырымында ...

Читать далее »

Құжатсыз көлік басқарғандарға хаттама толтырылды

  Жол ережелерін сақтау әрбір жүргізушінің міндеті. Алайда оны сақтамайтындардың қатары да аз емес. Заңға бағынбағандардың алар жазасы да жеңіл болмақ емес.  Демалыс күні облыс орталығы – Түркістан қаласында «Қауіпсіз қала» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті. Бұл шараның негізгі мақсаты жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуде ҚР ІІМ мен ПД бастығының тапсырмасына сәйкес бекітілген жобалар мен жоспарларды жүзеге асыру. Осы бағытта рейдке Түркістан қалалық ...

Читать далее »

Матростар Жауынгерлік тумен қоштасты

    Қазақстан Әскери-теңіз күштері әртекті корабльдер дивизионының 70-тен аса матросы Жауынгерлік тумен қоштасты. Бір жыл бұрын Шығыс Қазақстан мен Атырау облыстарынан шақырылған матростарды салтанатты түрде запасқа шығарды. Әскери-теңіз базасының пирсінде дивизионның жеке құрамы мен әскерге жаңа келген сарбаздар, келісімшарт бойынша әскери қызметшілердің отбасы мүшелері тұрды. – Бір жылдың ішінде әскери мамандықты меңгеріп шықтыңдар. Алған білімдерің мен дағдыларыңды жиын-жорықтарда және ...

Читать далее »