Әлеумет

Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің жұмысына сәттілік тіледі

  Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Бұл құрылым адам құқықтарын мемлекеттік лауазымды тұлғалардың қол сұғуынан қорғауды, заңнаманың және құқық мирасқорлығы тәжірибесінің дамуын қамтамасыз етуді, ағартушылық бағдарламаларды дайындап, оларды жүзеге асыруды мақсат тұтады. Омбудсменнің жұмысы БҰҰ-ның бірқатар конвенцияларын ратификациялаған Қазақстан Респубикасының халықаралық міндеткерліктеріне және осыған ұқсас құрылымдардың әлемдік тәжірибесіне сай атқарылады. Сонымен ...

Читать далее »

Түркістан облысының бас полицейі Мұрат Қабденов 250-ден астам тұрғынның мәселесін тыңдады

Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Мұрат Қабденов, әр апта сайын жеке қабылдау өткізіп келеді. Мұндағы негізгі мақсат — «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы мен полицияның жұртшылыққа жанашыр болуы. Жалпы ТО ПД бастығы лауазымына тағайындалғаннан бері генералдың жеке қабылдауына 258 азамат келіп, өздерінің жеке мәселелері бойынша арыз-шағымдарын жеткізген. ПД бастығы Мұрат Талапұлы тұрғындар тарапынан айтылған барлық мәселелерге мұқият ...

Читать далее »

Балаларына екпе салдырудан бас тартқан ата-аналармен кездесу өтті

2022 жылдың 4 қараша күні №1 Шымкент қалалық емханасы мәжіліс залында, балаларына екпе салудан бас тартқан ата-аналармен кездесу ұйымдастырылып өткізілді.   Кіріспе сөзді емхана бас дәрігерінің ана мен бала денсаулығын қорғау ісі жөніндегі орынбасры Д.Т.Қазахбаева ашып, кездесуге келген Шымкент қаласының дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің маманы Рахымжан Абдувахидұлын таныстырып өтті. Жиналудың себебі жоспарлы екпе салудан бас тартушылармен ...

Читать далее »

Құрылыс құрылғыларын жалға алып сатып жіберген алаяқ ұсталды

  Түркістан облысының полициясына жергілікті тұрғын әйел арызданды. Оның айтуынша өзінің жалға беріп жүрген құрылыс жұмыстарына арналған темір қалыпы мен қазықтарын алыс танысы жалға алып, уәделенген уақытын создырып бермей жүрген. Содан алаяқтың құрбаны болғанын сезген жәбірленуші, полиция қызметкерлерінен көмек сұрайды. Жәбірленушіге келген шығын 1 миллион теңге. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеуге алынды. Түркістан ҚПБ полицейлерінен жедел тергеу ...

Читать далее »

Маскүнемдікке қарсы күрес: Дәрігерлер ашық есік күнін өткізуде

Бүгін Шымкент қалалық психикалық денсаулық орталығына қарасты емханасында Ашық есік күні өтуде. Халықаралық маскүнемдікке қарсы күрес күніне орай ұйымдастырылған шарада тұрғындарға нарколог, терапевт, психолог мамандары кеңес беріп, медициналық көмек көрсетуде. Сондай-ақ шара аясында салаға жауапты мамандардың қатысуымен дөңгелек үстел өтуде. Ашық есік күні бүгін, 26-қазан күні емханда 17:00-ге дейін жалғасады. Айта кетейік, психикалық денсаулық орталығының нарколог дәрігерлері Шымкент қаласындағы барлық ...

Читать далее »

Ерлігі ескерілді 

Ерлігі ескерілді  Республика күніне орай Түркістан облысына қарасты Жетісай аудандық полиция бөлімінің ұйымдастыруымен іс-шара өткізілді. Салтанатты шарада полиция бөлімінің бастығы полиция полковнигі Әділбек Сапарбеков құттықтау сөзін арнады: «Республика күні-егемендігіміздің, елдігіміздің жарқын бейнесі. Осы тұста ел тыныштығын сақтауға қысы-жазы, күні-түні қызмет еткен полицейлердің еңбегін де айтыр өтуге болады. Яғни ішкі істер органдары саласында жылдар бойы қызмет етіп, еңбегі сіңген ардагерлер мен ...

Читать далее »

«DENSAULYQ» кәсіподағы 250 отбасыға азық түлік себетін таратты

«DENSAULYQ» денсаулық сақтау ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі кезекті рет қайырымдылық шарасын өткізді. 25-қазан Республика күніне орай мекеменің қолдауымен Түркістан облысының медицина мекемелеріне қарасты қызметкерлерге азық-түлік себеттері таратылды. Әлеуметтік қолдауға ие болғандардың басым бөлігі кіші буын медицина қызметкерлері. Атап айтар болсақ, аула сыпырушы, тазалықшы, сантехник,қарауыл, жүргізуші,даяшы, кіші мейірбике, күзетші, бағбан, ағаш ұсташы, кір жуушы, хатшы қызметіндегілер. «Осы қайырымдылық шарасына ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ ТЕҢДЕСІ ЖОҚ АУРУХАНА МЕН КЛИНИКАЛЫҚ-ДИАГНОСТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҚТЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ

Шымкенттегі “Бозарық-2” шағын ауданында 800 орындық университеттік көпбейінді аурухана мен ауысымына 700 адам қабылдайтын клиникалық-диагностикалық орталықтың құрылысы басталды. Ресми ашылуға қала әкімі М.Әйтенов, денсаулық сақтау және кәсіпкерлік басқармасының басшылары, «САУТС-Ойл» компаниясының президенті С.Сейітжанов, “China Machinery Engeneering Corporation” директоры Ху Джанху, университет ректорлары, профессорлар, қоғам белсенділері мен БАҚ өкілдері қатысты. Жоба арнайы мемлекеттік бағдарлама аясында Шымкент қаласының Денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытудың ...

Читать далее »

Алматыда «Әлеумет – қоғам айнасы» байқауының жеңімпаздары марапатталды

9 қазан күні Алматы қаласы “Қазақстан” қонақ үйінде «Әлеумет – қоғам айнасы» байқауының жеңімпаздарын марапаттау салтанатты шарасы өтті. Байқауға 40-қа жуық шығарма келіп түскен. Әділқазылар алқасының төрайымы Айнұр Сембаеваның айтуынша жеңімпаздарды анықтау қиындық тудырмаған. Байқау туралы пікірін білдірген “Заң” газетінің бас редакторы Айнұр Сембаева: “Әлеуметтік тақырыптарды жазатын журналистер кілең жастар болды. “Шеврон” компаниясының әлеуметтік бағдарламалары туралы жазғандар, нәсихаттағандар да болды. ...

Читать далее »

“Әлеуметтік журналистика: БАҚ-тағы әлеуметтік мәселелер” атты семинар-тренинг өтті

8-9 қазан күндері Алматы қаласындағы “Қазақстан” қонақүйінде қазақ журналистеріне арналған “Әлеуметтік журналистика: БАҚ-тағы әлеуметтік мәселелер” атты семинар-тренинг өтті. Семинарды Түркітілдес журналистер қоры Шеврон компаниясының қолдауымен ұйымдастырылды.  Екі күнге созылған семинарда елдің әр өңірінен жиналған тілшілер Түркия мен Италиядан, Өзбекстаннан келген спикерлердің дәрісін тыңдады. Италиядағы Шетелдік журналистер ассоциацияcының президенті Эсма Чакыр, Түркиядағы Анталья Журналистер одағының төрағасы Идрис Таш, Түркия журналистер конфедерациясы ...

Читать далее »