Әлеумет

Бір миллионнан астам оқушыны тосынсый күтіп тұр

Оқу-ағарту вице-министрі Ғани Бейсембаев мектеп оқушыларының үштен бір бөлігі тегін тамақпен қамтамасыз етілетінін мәлімдеді. Оған қоса, жергілікті бюджеттен де ыстық тамаққа ақша бөлінеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Биыл мектепке 3,6 миллион оқушы барады. Олардың үштен біріне тегін тамақ үлестіріледі.   «Жаңа оқу жылында тегін ыстық тамақпен 1-11 сынып оқушыларының 30 процентін, яғни 1 миллионға тарта оқушыны, соның ішінде әлеуметтік осал ...

Читать далее »

Қай өңірдің мұғалімдері жоғары жалақы алады?

Биыл екінші тоқсанның қорытындысы бойынша білім беру саласындағы орташа айлық атаулы жалақы 293,3 мың теңгеге жетті. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 25,4%-ға артық, деп  Ranking.kz  сілтеме жасап Халық үні хабарлайды. Инфляцияны ескерсек, сектордағы жалақының сатып алу қабілетінің нақты өсімі – 10,1%. Мысалы, Қазақстан бойынша орташа атаулы жалақы – 312 мың теңге, бір жылда нақты мәндегі өсім – плюс 8,9%. Білім беру ...

Читать далее »

«Атырау облысына жұмысқа орналастырып беремін» — деп алаяқтық жасаған тұрғын ұсталды

Кентау қалалық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Жәбірленуші ер адамның айтуынша, оның сырттай танысы Атырау қаласында жұмыс істейтінін айтып «Атырау облысына жұмысқа орналастырып беремін» — деп сеніміне кірген. Ол үшін 250 000 теңге ақшасын алып, қайтармай алдап жүргені туралы жазып көрсеткен. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеуге алды. Осыдан соң тәртіп сақшылары күдіктіні табуға бағытталған іс-шараларды ...

Читать далее »

Еліміздің білікті акушерлер-гинекологтары Шымкентте бас қосты

Акушерлік қан кетуді емдеудің ең кең таралған тәсілі жаңа мұздатылған плазманы, криопреципитат, тромбоконцентрат және қан ұю факторларының оқшауланған препараттарын (VII фактор концентраттары және т.б.) енгізу болып табылады. Бұлардың тиімділігі консервативті шаралар жеткіліксіз және тұрақсыз болып қалады. Қазіргі уақытта дәрігер-клиникке гемостаздық жүйеге біріктірілген, ынталандырушы әсер беретін жаңа жоғары технологиялық препараттар ұсынылды, олардың тиімділігі клиникалық зерттеулерде дәлелденді.Анестезиологтардың, реаниматологтардың және акушер-гинекологтардың арсеналында заманауи ...

Читать далее »

2023 жылы ең төменгі жалақы мен зейнетақы қаншаға өсетіні белгілі болды

  Келер жылдың 1 қаңтарынан зейнетақының ең төменгі мөлшерi 48 032​ теңгеден 53 076 теңгеге дейін көтерілуі мүмкін. Бұл туралы «Ашық» НҚА сайтында талқылауға шығарылған Қаржы министрлігінің «2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджет» жобасында көрсетілген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «2023 жылғы 1 қаңтардан бастап жалақының ең төмен мөлшерi – 60 000, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төмен мөлшері – 21 907, ...

Читать далее »

Салық төлеушілерге арналған акция өтті

Шымкентте Әл-Фараби ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының ұйымдастыруымен арнайы акция өтті. Шарада қала тұрғындарын салықты төлеу тәсілдері, берешек сомасын анықтау мәселелері бойынша кеңінен ақпараттандыру жұмыстары жүргізілді. Арнайы сауда орталығында өткізілген акцияға 50-ге тарта тұрғын қатысып, қажетті кеңес алды. Мамандардың сөзінше, салық төлеу барлық азаматтар, кәсіпкерлер және заңды тұлғалар үшін міндетті болып табылады. Ал салықтан жалтарған төлеуші тек өсімпұл, айыппұл арқалап ...

Читать далее »

Көлігін түтіндетіп, жол ережесін бұзған жүргізуші жауапқа тартылды

Күнделікті әлеуметтік желіге мониторинг жүргізіп отыратын Түркістан облысы ПД қызметкерлері, кезекті жұмыс күні «Тик ток» қосымшасынан «БМВ» маркалы автокөліктердің үлкен жолдың қақ ортасында ҚР Жол жүрісі ережесін өрескел бұзғаны туралы бейнежазбасын анықтады. Бейнежазбаны бірден назарға алған полицейлер, құқық бұзушыларды анықтауға кірісті.   Нәтижесінде оқиға Сайрам ауданы Ақсукент ауылының Жібек жолы көшесіндегі бағдаршамның бойында орын алғаны белгілі болды. Онда жолда, яғни ...

Читать далее »

ТҮРКІСТАНДА «АШЫҚ АСПАН» ДЕМАЛЫС ОРНЫ АШЫЛДЫ

  Түркістан қаласының орталығында ұзындығы 67 метрлік бассейні бар ашық аспан астындағы демалыс орталығы ашылды. «Ашық аспан» Бекзат Саттарханов даңғылы бойындағы 11 гектар жерге жайғасқан «Желілік саябақта» орналасқан. Әсіресе жазы ұзаққа созылатын Түркістан қаласы үшін бұл нысан аса маңызды. Пандемия кезінде салынып, ашылуы кейінге қалдырылған аумақ сенімгерлік басқаруға берілді. Аталған нысан «Балалар жылында» балаларға үлкен сыйлық болды. – Түркістанда су ...

Читать далее »

Түркістан облысының полицейлері інісін қамаудан шығарып беремін деп тұрғынды алдаған алаяқты анықтады

Кентау ҚПБ-ға жергілікті тұрғын шағым түсірді. Жәбірленуші әйелдің айтуынша өзіне жақсы таныс емес азамат, күдікті деп танылған інісін қамаудан шығарып беремін деп алдап, сеніміне кірген. Содан тұрғын алаяққа алданып оған 300 000 теңге ақшасын берген. Алайда ақшаны алған ер адам тұрғынға әр түрлі сылтау айтып, одан қашып жүрген. Осылайша жәбірленуші әйел алаяққа алданғанын түсініп, полицейлерден көмек сұрайды. Аталған жайт ҚР ...

Читать далее »

Мектепте жас мұғалімдерді қолдаудың жаңа форматы енгізілмек

Мектеп пен колледждерде директорлардың тапшылығы байқалып отыр. Бұл туралы педагогтердің республикалық тамыз конференциясында Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Алдағы уақытта мамандығы бойынша жұмыс бастайтындарға арналған жаңа жоба іске қосылады. Яғни, мектепке жаңадан келген әріптестеріміз үшін жыл бойы мамандықты меңгеру бағытында жеке бағдарлама болады. Олардың әрқайсысына жетекшісі бекітіледі. Осы орайда оқу жылы барысында жас маманға қолдау көрсетіледі. Жыл ...

Читать далее »