
Бүгін Түркістан облысы прокуратурасының Сарапшылық Кеңесі мен Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасының Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Кеңесінің бірлескен отырысы өтті. Отырысқа Ауыл шаруашылығы басқармасы өкілдері және кәсіпкерлер қатысты. Мақсаты ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші шаруаларда орын алатын маусымдық проблемалық мәселелерін шешу.
Қазіргі таңда өзекті мәселе ол — ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерін ағын су, минералды тыңайтқыш және жеңілдетілген жағармаймен қамтамасыз ету және мақта саласы.
Жиын соңында тиісті тапсырмалар беріліп, жыл соңында осындай жиналыс өткізу жоспарға алынды
Ел тұмар Ақпараттық портал
