
фото ТСБҚ
Түркістан облысы Арыс аудандық соты ҚР ӘҚБтК-нің 659-бабының 1-бөлігімен айыпталған Ш.-ға қатысты /көрінеу жалған айғақ беру/ ісінқарады.
Аталған бапта – жеке тұлғаға 10 АЕКмөлшерінде әкімшілік айыппұл салу түріндегі жаза көзделген.
Сотпен анықталғаны:
2025 жылдың мамырында Ш. танысы К.-тың мас күйде көлік басқарғанын жоққа шығарып, оны жазадан босату мақсатында, сот отырысында куә қатарында көрінеу жалған айғақ берген.
Нәтижесінде, Ш.-ға сотта көрінеу жалған айғақ бергені үшін, аға сот приставымен хаттама толтырылды.
Ал, К. мас күйде көлік басқарғаны дәлелденіп, ол 15 тәулікке қамаққа алынып 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды.
Ш. сотта кінәсін мойындап, жеңіл жаза тағайындауды сұрады.
11 шілде 2025 жылы сот қаулысымен:
Ш.-ға 27 524 теңге әкімшілік айыппұл салынды.
Қазіргі таңда айыппұл төленді.
Қаулы заңды күшіне енді.
Ел тұмар Ақпараттық портал
