Жарияланды: 25.09.2025

Баспасөз қызметі мен БАҚ өкілдеріне арналған үш айлық курс басталды

фото МжАМБҚ

Бүгін Астанада баспасөз қызметі мен БАҚ өкілдеріне арналған «Салалық журналистика мен медиакоммуникациядағы өзекті тәсілдер» атты үш айлық курс басталды.

Іс-шараның ашылуында ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Қанат Ысқақов «Дағдарыс коммуникациясының негізгі аспектілері» тақырыбында баяндама жасады. Вице-министр өз сөзінде баспасөз қызметтерінің жұмыс істеу қағидаттары, дағдарыс жағдайындағы жұмыс кезеңдері, тиімді коммуникация арналары, сондай-ақ халықаралық тәжірибе туралы айтты.

Сонымен бірге, ҚР Жоғарғы Сотының Коммуникациялар бөлімінің меңгерушісі Перизат Сәдуақас-Хайруллина, ҚР Энергетика министрлігінің ресми өкілі Әсел Серікпаева сөз сөйледі.

Іс-шараға мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың, квазимемлекеттік құрылымдардың 60 баспасөз қызметінің өкілі қатысты.

Курс қазақ және орыс тілдерінде өтіп, бүкіл Қазақстан бойынша онлайн-трансляция арқылы көрсетіледі.

273 қаралым