
фото МЖАМБҚ
Алматыда Әбілхан Қастеев атындағы Ұлттық өнер музейінің 90 жылдық мерейтойына арналған «Қастеев оқулары-2025» ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. 2025 жыл – Қазақстанның жетекші өнер музейінің тарихы мен дамуындағы маңызды кезең. Биыл музей Ұлттық мәртебеге ие болды, сондай-ақ маңызды ғылыми-көрме жобаларымен де ерекшеленді.
Конференцияның негізгі бағыты – музейдің Республикадағы жетекші арт-ұйым ретіндегі маңызын анықтау. Іс-шара ұйымның тарихи даму ерекшелігі мен коллекция қалыптастыру өзгешеліктерін зерттеу, музей құрылған күнінен бастап, бүгінге дейінгі негізгі қызмет салалары, көп қырлы жұмыстарын қарастыруға бағытталды.
Конференцияның мақсаты – қазіргі кезеңдегі мәдени мұраны зерттеу, сақтау және танымал ету миссиясын іске асыру, музей қызметінің тиімділігін арттыру үшін ғылыми жұмыстың нәтижесін ұсыну.
Конференция жұмысының бағыттары: музеология, мәдениеттану, өнер тарихы, өнер философиясы, музей педагогикасы, музей саласындағы жаңа технологиялар мен құралдар.
Конференцияға музей мамандары, өнертанушылар, әлеуметтік мәдениеттанушылар, тарихшылар, көркемдік ЖОО оқытушылары, аспиранттар, магистранттар қатысты.
Жиында Қазақстанның бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнерінің теориясы мен тарихы, тенденциялары, заманауи көркемдік үдерістегі дәстүрлер мен инновациялары талқыланды
Ел тұмар Ақпараттық портал
