Жарияланды: 06.05.2026

ТҮРКІСТАНДА ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР МЕН ЖЕҢІС КҮНІ МЕРЕКЕЛЕНДІ

ajnj NJjr

🔰Түркістанда Түркістан облысының полиция департаментінің ұйымдастыруымен Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне орай «Жеңіс» саябағында салтанатты іс-шара өтті. Іс-шараға қатысушылар ерлікпен қаза тапқан батырларды бір минут үнсіздікпен еске алып, Даңқ мемориалына гүл шоқтарын қойды.
🔰Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов көпшілікті қос мерекемен құттықтап, ел ешін ерлік көрсеткен батырлардың ерліктері ұмытылмайтынын жеткізді.
📌– Сіздерді 7 мамыр – Отан қорғаушылар күнімен және Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын! Мемлекет басшысы, әскери борышты өтеу Отанға деген шынайы сүйіспеншіліктің жарқын көрінісі екенін айтқан болатын. Бұл абыройлы міндетті Түркістан облысының ержүрек, отаншыл өрендері де жауапкершілікпен атқарып жүр. Ел дамуы үшін тыныштық пен тұрақтылық керек. Бұл ретте бүгінде облысымыздың полиция қызметкерлері қоғам тыныштығын күзетуге үлес қосып жүр. Тәртіп сақшыларын да қос мерекемен шын жүректен құттықтаймын! Биыл Ұлы Жеңіске 81 жыл толып отыр. Соғыс және тыл ардагерлеріне құрмет көрсету – баршамызға ортақ міндет! Бүгінде Түркістан облысында Ұлы Отан соғысының 3 ардагері қалды. Сонымен бірге 3 мыңнан аса Ұлы Отан соғысы қатысушыларына теңестірілгендер мен тыл ардагерлері бар. Біз майдангерлеріміздің ерлігін ешқашан ұмытпаймыз! Отаншылдықты, ерлікті дәріптейтін маңызды қос мерекеде әр отбасыға денсаулық, амандық және мол табыс тілеймін! – деді Зұлпыхар Жолдасов.
🔰Түркістан облысы полиция департаментінің бастығы Арыстанғани Заппаров: «Қос мереке – ерлік пен елдік рухтың, батырлық пен отансүйгіштіктің айқын көрінісі. Бүгінгі бейбіт өмір – кешегі батыр бабалардың жанқиярлығының жемісі. Қайраткер Әлихан Бөкейхан айтқандай, ұлтқа қызмет ету – білімнен емес, мінезден. Елге адал қызмет ету – жүректегі намыс пен жауапкершіліктен басталады» дей келе, құттықтауын жеткізді.
🔰Мерекелік іс-шара барысында ішкі істер органдары үшін маңызды рәсімдердің бірі – жас полицейлердің ант қабылдауы өтті. Сонымен қатар қызметтік міндетін адал атқарып, жоғары нәтижелерге қол жеткізген қызметкерлер мен ардагерлер марапатталды. ҚР ІІМ тарапынан бір топ полицейге түрлі дәрежедегі марапаттар табысталды. Полиция департаменті бастығы мен облыс әкімінің марапаты да иелерін тапты.
🔰Бұдан бөлек, ІІО ардагерлері және қызмет барысында қаза тапқан полицейлердің жұбайларына құрмет көрсетіліп, бағалы сыйлықтар табысталды. Түркістан қаласындағы №9 мектеп-гимназиясының «Жас сақшы» сыныбы да үздік деп танылып, марапатқа ие болды.
🔰Жылдам қимылдайтын арнайы жасақ қызметкерлері арнайы дайындық пен күрес тәсілдерін көрсетіп, көрермендердің ықыласына бөленді.
🔰Салтанатты жиын өнерпаз полицейлер мен облыстық эстрада жұлдыздарының мерекелік концертімен жалғасып, жеке құрамның салтанатты шеруімен қорытындыланды.
57 қаралым