Жарияланды: 13.08.2026

Шымкентте бұрынғы күйеуі әйелді алдап кездесуге шақырып, бетіне қышқыл сұйықтық шашып жіберген

фото gk-analit.ru

 
Ағымдағы жылдың 2 тамызында дене жарақаттарымен Шымкент қаласының тұрғыны ауруханаға жеткізілді.
Анықталғандай, оның бұрынғы күйеуі алдау жолымен кездесуге шақырып, әйелдің үстіне сұйықтық құйып, оқиға орнынан бой тасалаған.
 
Аталған дерек бойынша Полиция департаментімен қылмыстық іс қозғалды. Жедел іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтап, сол күні Алматы қаласында ұстады.
Қазіргі уақытта күдікті ұсталды, қамауға алынды.
 
Тергеу барысы Полиция департаменті басшылығының бақылауында.
210 қаралым