
Шымкентте ішкі нарықты қамтып қана қоймай, көрші облыстардан бөлек, шетелдерге де өнімін экспорттайтын кәсіпорындар жетерлік. Солардың бірі «Барыс-2007» серіктестігі. Бүгінде серіктестік қоймаларында жеткілікті қор бар. Атап айтқанда ұн, макарон өнімдері тағы басқа тұтыну тауарлары бар. «Барыс-2007» ЖШС ұннан бірнеше түрлі макарон өнімдерін шығарады. Қазір қажет шикізаттары бар. Серіктестік қосымша 4 облысқа өнімін жөнелтеді. «Тасымалдау теміржол арқылы жүруде. Еш кедергі жоқ. Алдағы уақытта өнім көлемін арттыру жоспарда бар», — дейді «Барыс-2007» ЖШС бас директоры Айжан Найымбетова. Төрайым серіктестіктің өнімдерді бұрынғы бағада босатып жатқанын атап өтті. «Мадина» макарондары бүгінде үлкен сұранысқа ие. Серіктестік қаланың өркендеп, өсуіне өзіндік үлесін қосып келеді.
Ел тұмар Ақпараттық портал
