Жарияланды: 05.08.2025

Бала жоғалды…

фото ТОПД

 
Түркістан қалалық полиция басқармасының №1 учаскелік полиция пунктіне туыстарына қонаққа келген Алматы облысының тұрғыны арызданып, кәмелетке толмаған ұлы үйден шығып, қайта оралмағанын жеткізді. Ақпарат алғаннан кейін полицейлер дереу қарқынды іздеу шараларын жүргізді.
Нәтижесінде қысқа мерзімде учаскелік полиция инспекторлары аялдамалардың бірінен жоғалған жасөспірімді тапты. Белгілі болғандай, бала үйден алыстап кетіп, адасып қалған. Полицейлер баланы анасына тапсырып, профилактикалық әңгіме жүргізді.
Ата-аналар ұлын табуға көмектескен тәртіп сақшыларына алғыс айтты.
54 қаралым