
фото МЖАМБҚ
Аталған іс-сапардың мақсаты халықтың дінтанулық сауаттылығын арттыру және дін саласындағы мемлекеттік саясатты түсіндіру жұмыстарын жүргізу арқылы қоғамда жалған діни идеялардың таралуын болдырмау және діни экстремизмнің алдын алу болып табылады.
Аталған бағытта жалпы саны 20 іс-шара ұйымдастырылып, 800-ден астам адам қамтылды.
Аталған іс-шараға: Әліп Тұрсынғали Төреғалиұлы – дінтанушы, гуманитарлық ғылымдар магистрі, Берикбаев Елнар Ғалымжанұлы — Президент жанындағы жастар кеңесі мүшесі, дінтанушы, мәдениеттанушы, Арман Нұрахметұлы – Астана қаласы әкімдігінің «Qamqor Astana» ҚҚ теологы, Сүлейменов Жандәулет Отарбайұлы – «SAPSAN» стратегиялық орталығының директоры, теолог, секілді дін мәселелері бойынша Республикалық ақпараттық түсіндіру тобының мүшелері қатысты.
Түсіндіру тобының мүшелері Астана қаласында болды. Олар халық арасында «Қоғамда дінтанулық сауаттылықтың маңыздылғы», «Теріс идеологияға қарсы сыни-ойлау дағдыларын қалыптастыру», «Ұлттық құндылықтар – ел болашағы» (зайырлылық, толеранттылық, бірлік, жауапкершілік, адамгершілік)», «Қоғамда дәстүрлі отбасылық құндылықтарды дамыту», «Деструктивтік діни ағымдардың таралуын алдын алу», «Жастар арасында медиа сауаттылықты арттыру», «Деструктивті идеологияға қарсы төтеп беру дағдылары» және т. б. тақырыптарда түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Іс-сапар барысындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында, жастар жастар, спортшылар, мекеме қызметкерлері, медицина қызметкерлері, әскери қызметшілер және т.б. топтар қамтылды.