Жарияланды: 15.09.2025

Қару иелері қатаң тексерістен өтуде

фото ТОПД

Жетісай ауданында өтіп жатқан «Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасына полицейлер мен қоғамдық құрылым өкілі жұмылдырылды. Шара барысында полицейлер тұрғын үйлерді аралап, профилактикалық әңгімелер жүргізді. Атап айтқанда полиция есебінде тұрған азаматтардың тұрғылықты мекенжайы бойынша тексеріп, 47 шетелдік азаматтың құжаттары қаралып, көші-қон заңнамасын бұзудың 15 дерегі анықталды.
Аудан аумағында 765 қару иесін тексерістен өткізіп, түрлі құқық бұзушылықтар бойынша 178 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Полиция өкілдерінің айтуынша, мұндай іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасын тауып, аудан тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталмақ.Бұл шара халықпен тығыз байланыс орнатып, құқық бұзушылықтардың алдын алу, сондай-ақ полиция қызметінің беделін арттыруды көздейді.
235 қаралым