
фото ТОПД
Республикалық “Қауіпсіз жол” жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Түркістан қаласында көшеде қалдырылған 30-ға жуық электросамокат айыптұраққа жеткізілді.
Полицейлердің айтуынша, пайдаланушылар ретсіз тастап кеткен самокаттар көлік қозғалысына және жаяу жүргіншілерге кедергі келтіріп жатқаны туралы тұрғындар жиі шағымдануда.
Жол оқиғаларының алдын алу мақсатында тәртіп сақшылары тұрақты түрде рейдтер жүргізіп, электросамокаттарды пайдаланудағы ереже бұзу жайттарын анықтауда.
Тәртіп сақшылары жол қозғалысы қатысушыларының қауіпсіздігі басты назарда екенін атап өтіп, азаматтарды самокатты қолдану барысында жауапкершілік танытуға шақырды.
Ел тұмар Ақпараттық портал
