Жарияланды: 20.09.2025

Түркістан облысының спортшысы жаңа рекорд орнатты

фото ТОӨКҚ

Арыс қаласының спортшысы Азамат Мақұлбеков Алматы қаласындағы «Медеу» мұз айдынының 842 баспалдаққа 100 келілік өгіз мүсінді 34 минут 28 секундта көтеріп шықты. Нәтижесінде ол Қазақстан «Кинэстер» кітабына ресми түрде тіркелді. Шараға облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ғалымжан Худияров, Қазақстан рекордтар кітабының ресми өкілі Бақытжан Тастүлеков арнайы қатысып, спортшыны жетістігімен құттықтады.
Спортшы Азамат Нұрғалиұлы 1986 жылы дүниеге келген. Ол бұған дейін V Дүниежүзілік Көшпенділер ойындарының «Алыптар сайысында» жеңімпаз атанып, ел мерейін үстем еткен. Сондай-ақ, 40 келілік қошқарды 3555 рет көтеріп, Қазақстанның рекордтар кітабына енген болатын.
240 қаралым