Жарияланды: 22.09.2025

ШЫМКЕНТ: ҚАЛАЛЫҚ МАРШРУТТАРҒА 30 ЖАҢА АВТОБУС ҚОСЫЛАДЫ

фото ШСБҚ

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков қоғамдық көлік паркінде болып, күні ертең №146 және №150 маршруттарға шығатын 30 жаңа автобусты қарап шықты. Қарағандыдағы «Qaz Tehna» ЖШС зауытында өндірілген «Yutong» маркалы заманауи автобустар халықаралық стандарттарға сәйкес келеді және әрқайсысы 85 жолаушыға арналған.
Айта кетейік, жолаушылар тасымалын Шымкент нарығында жұмыс істей бастаған «Bozjorga Bus» ЖШС жаңа көлік компаниясы жүзеге асырады. Жаңа операторлардың пайда болуы бәсекелестікті күшейтеді және қызмет көрсету сапасын арттырады. Бұл қала тұрғындарының жайлылығы мен қауіпсіздігіне тікелей әсер етеді.
Қала әкімі көліктердің техникалық жағдайын бағалай отырып, тиісті басқармаға автобустарда Абай Құнанбаевтың қара сөздері мен күйлердің дыбысталуын, сондай-ақ аялдамалар мен жол ақысын төлеу туралы хабарлауды қамтамасыз етуді тапсырды. Бұл жолаушылар үшін жайлы әрі мәдени-тәрбиелік орта қалыптастыруға мүмкіндік береді.
189 қаралым