
фото МжАМБҚ
Бүгін Астанада баспасөз қызметі мен БАҚ өкілдеріне арналған «Салалық журналистика мен медиакоммуникациядағы өзекті тәсілдер» атты үш айлық курс басталды.
Іс-шараның ашылуында ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Қанат Ысқақов «Дағдарыс коммуникациясының негізгі аспектілері» тақырыбында баяндама жасады. Вице-министр өз сөзінде баспасөз қызметтерінің жұмыс істеу қағидаттары, дағдарыс жағдайындағы жұмыс кезеңдері, тиімді коммуникация арналары, сондай-ақ халықаралық тәжірибе туралы айтты.
Сонымен бірге, ҚР Жоғарғы Сотының Коммуникациялар бөлімінің меңгерушісі Перизат Сәдуақас-Хайруллина, ҚР Энергетика министрлігінің ресми өкілі Әсел Серікпаева сөз сөйледі.
Іс-шараға мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың, квазимемлекеттік құрылымдардың 60 баспасөз қызметінің өкілі қатысты.
Курс қазақ және орыс тілдерінде өтіп, бүкіл Қазақстан бойынша онлайн-трансляция арқылы көрсетіледі.
Ел тұмар Ақпараттық портал
