
фото КҚ
2025 жылғы 14 шілдеде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев МӘМС мәселелері бойынша заңға өзгерістер енгізу туралы құжатқа қол қойды. Бұл өзгерістер 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.
🔹Скринингтік зерттеулер МӘМС пакетiнен ТМККК пакетіне ауыстырылды.
Оның ішінде онкологиялық скринингтер де бар. Енді халық сақтандыру мәртебесіне қарамастан жатыр мойны обыры, сүт безі обыры, колоректалды қатерлі ісік, артериялық гипертония, жүректің ишемиялық ауруы, глаукома, вирустық гепатиттер сияқты ауруларды ерте анықтау қызметтеріне қол жеткізе алады.
🔹 Бұл скринингтер ауруды асқындырмай, ерте кезеңде анықтауға және алдын алуға мүмкіндік береді.
🔹 Сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар ауруларға күдік туындаған жағдайда ерте диагностика тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлеміне енгізіледі.
🔹 МӘМС жүйесінде халықтың әлеуметтік осал топтары үшін жарналарды мемлекет төлейді, бұл медициналық көмектің қолжетімділігін арттырады.
📌 Бұл өзгерістер – халық денсаулығын қорғауға, ауыр ауруларды дер кезінде анықтауға және медициналық көмектің сапасын арттыруға бағытталған маңызды қадам.
«Klinika Qazygurt» ЖШС өз тарапынан МӘМС жүйесіндегі барлық жаңашылдықтарды уақытылы әрі сапалы енгізуге дайын. Біз үшін әрбір пациенттің денсаулығы – басты құндылық. Сондықтан тұрғындарды сақтандыру мәртебесін тексеріп, жоспарлы медициналық тексерулерден өтіп тұруға шақырамыз.
Медициналық қызмет сапасын бірге арттырайық!
Сұрақтар туындаған жағдайда емханамыздың мамандарына немесе тіркеу бөліміне жүгінулеріңізге болады.
Құрметпен,
«Klinika Qazygurt» ЖШС бас дәрігері
Нышанбай Досанбаев
Ел тұмар Ақпараттық портал
