Жарияланды: 22.06.2026

«Бәйтерек» холдингінің Бірыңғай фронт-офисі!

Кәсіпкерлікті дамыту қоры «Даму» базасында кәсіпкерлерге арналған «бір терезе» қағидаты бойынша қызмет көрсететін «Бәйтерек» холдингінің Бірыңғай фронт-офисі жұмыс істейді.

Мұнда Холдингтің даму институттарының бағдарламалары бойынша кеңес алып, сүйемелдеу қызметтеріне бір жерден қол жеткізуге болады:

🔹 «Даму» қоры — ШОБ-ты қолдау, қаржыландыру, өңдеу өнеркәсібі мен инфрақұрылымға арналған құралдар, лизинг (арнайы техника, көлік және т.б.)

🔹 Қазақстанның Даму Банкі — құны 7 млрд теңгеден басталатын ірі жобаларды қолдау

🔹 Өнеркәсіпті дамыту қоры — өнеркәсіп пен инфрақұрылымға арналған қаржылық құралдар, техника мен жабдықтар лизингі

🔹 Экспорттық-кредиттік агенттік — экспорттық жобаларды қолдау

🔹 Qazaqstan Investment Corporation — 7 млрд теңгеден басталатын үлестік қаржыландыру

«Бәйтерек» холдингінің Бірыңғай фронт-офистері Қазақстанның барлық өңірлеріндегі «Даму» қорының аймақтық филиалдары базасында жұмыс істейді және төмендегі қызметтерді ұсынады:

✔ алғашқы кеңес беру
✔ сүйемелдеу қызметі
✔ Холдинг институттарының атынан өтінімдерді қабылдау

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап 1408 нөмірі «Бәйтерек» холдингінің Бірыңғай байланыс орталығы болып табылады.

1408 нөмірі арқылы Холдингтің барлық еншілес ұйымдарының бағдарламалары бойынша кеңес алуға болады (Отбасы банкін қоспағанда).

Жұмыс уақыты: 08:30–17:30

Қазақстан аумағы бойынша қоңыраулар тегін.

 

177 қаралым