Жарияланды: 27.11.2018

Зайырлы қоғамда өскен ұрпақ теріс әдеттердің шырмауына түспеуі тиіс

26 қараша күні  Көксәйек көпсалалы-техникалық колледжінде жастарды кереғар діни ағымдардың жетегінен сақтану, түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында Шымкент қаласы бас имамы , Төлеби ауданы бойынша теолог маман Тұртаев Асан Қартабайұлымен кездесу өтті. Кездесу барысында колледж жастары өздерін толғандырған сауалдарға жауап алды. Кереғар ағымдардың халыққа тигізер зияны орасан екені айтпаса да түсінікті. Зайырлы мемлекетімізге үлкен қауіп төндіріп отырған мұндай ұйымдардың жұмысына тосқауыл қою, алдын-алу шаралары бойынша насихат жұмыстарының маңызы зор. Бүгінгі қоғам жастары  өздерінің мәде­ниетін, тілін, дәстүрін сақтау керек. Бұл дегеніміз – рухани негізді игерудегі бүгінгі жаһандану заманында мәдениеттің құлдырауынан сақтайтын, сан түрлі сипаттағы деструк­тивті ағымдарға қарсы тұруды қалып­тастыратын қорған. Зайырлы қоғамда өскен ұрпақ теріс діни сенімдердің торына байланбай, әр нәрсеге сыншыл санамен қарайтын, жан-жақты білім алуға ұмтылған және де өзге дін өкілдеріне құрметпен қарайтын азамат болып өсуі тиіс.

711 қаралым