Жарияланды: 14.12.2018

Жаңадан шаңырақ көтерген жас отбасыларға бата берді

13 желтоқсан 2018 жылы Келес ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің АХАТ қызметінде некелесуші жастар А.Ергеш пен А.Шмадияр, Ғ.Қамбаров пен А.Мусатайға «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні» мерекесі қарсаңында салтанатты түрдегі неке қию куәлігі табыс етілді. 
Ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Г.Куралбаева осы өткізілген шарада неке қию куәлігін табыс ете отырып, одан әрі құттықтау сөзімен қатар, некелесуші жастарға заңмен белгіленген нысандағы салтанатты неке қию рәсімінің өткізілу маңыздылығы мен болашақ жетіліп келе жатқан жастарымыздың бойынан еліне деген патриоттық сезімін оятуға және мемлекеттік рәміздерді сыйлауға шақыратындығы туралы, біздің қоғамда отбасы әрқашан рухани және мәдени салт-дәстүрді сақтаған әртүрлі ұрпақтарды жалғастырушы екендігін және Отанға деген махаббат отбасынан басталатындығын, туған шаңырағыңда алған тәрбие-бұл жалпы біздің денсаулығымыз бен келешегіміздің кепілі бүгінгі уақыттағы шаңырақ құрушы жастардың отбасылығын нығайтуға себеп болатындығына түсіндірме беріп өтті.
«Отан – отбасынан басталады» дегендей отанды сүю — отбасынан басталатыны рас. Себебі, отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы. Оның ер жетіп өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік белгілері отбасында қалыптасады, сондықтан да туған үйдің жылуы – оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде жүреді.
Сонымен қатар аталған іс-шараға, шаңырақ көтергендеріне 50 жыл болған аудандағы үлгілі, тәрбиелі отбасы бола білген ата-апаларымыз қатысып, жаңадан шаңырақ көтерген жас отбасыларға өздерінің тәрбиелік сөздерін айтып баталарын берді. Адамгершілік құндылықтар мен берік отбасылық дәстүрлерді жалғастырып келе жатқан ата-апаларымыз 16 желтоқсан тәуелсіздік күні мерексі қарсаңында, Келес ауданы әкімінің алғыс хатымен марапатталды.

589 қаралым