Жарияланды: 14.12.2018

«Кітап және отбасы» байқауының жеңімпаздары

 Түркістан облыстық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы және А.С.Пушкин атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында облыстық «Кітап және отбасы» оқырмандар байқауының қорытындысы өтті. Отбасылар «Таныстыру», «Отбасымызбен оқитын кітап», «Әдеби бәйге» деген кезеңдер бойынша сынға түсті. Байқауға Сарыағаш аудандық орталық кітапхананың белсенді оқырманы Балтабаевтар отбасы қатысып өздерінің өнері мен білімінің арқасында жүлделі орынды иеленді.  Баршаңызды рухани байлықтың мекені, қасиетті кітапханаға отбасымен бірге кітап оқуға шақырамыз. Байқаудың мақсаты: Отбасындағы оқу дәстүрін қалыптастыру арқылы жас ұрпақты кітап оқуға тарту, ұлттық әдебиетімізді насихаттап, белсенді оқитын отбасылық оқырмандарды анықтап, оларға қолдау көрсетіп, көпшілікке өнеге ету. Ал адамның ойын байытып, сауатын жоғарылатып, білім нәрімен сусындатар орта – кітапхана. Әдебиет арқылы әлемдегі мемлекеттер бір-бірімен рухани байланыс жасауда. Бірақ бүгінгі компьютендірілген, қарқынды дамыған техника заманы өз қызығын ұсынуда. Өркениетті елдерде кітап оқуға деген ынта-ықыласты арттырудың түрлі амалдары жасалуда. 

763 қаралым