Түркістан облысында полиция қызметкерлерінің жедел әрекеті жол-көлік оқиғасының алдын алды. Түркістан облысы аумағында патрульдік полиция батальонының қызметкерлері ықтимал жол-көлік оқиғасының алдын алды. Қызмет атқару барысында полицейлер көлік құралын мас күйінде басқарған жүргізушіні анықтады. Ол полиция қызметкерлерінің заңды тоқтау талабын елемей, қашуға әрекет жасап, жол қозғалысының басқа қатысушыларына қауіп төндірген. Қызметкерлердің жедел әрі кәсіби іс-қимылының нәтижесінде көлік дер кезінде ...
Читать далее »Авторские архивы: admin
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНА НАУРЫЗЕК ҚҰСЫ ОРАЛЫП, БӘЙШЕШЕК ГҮЛДЕДІ
Түркістан өңіріне көктемнің алғашқы лебі сезілді. «Сырдария-Түркістан» өңірлік мемлекеттік табиғи паркі аумағында көктемнің жаршысы саналатын наурызек құсы қайта оралып, даланы әсем әнге бөледі. Табиғаттың тамырына қан жүгіріп, айнала ерекше бір жылылыққа бөленгендей. Қыстың ызғары толық сейілмей жатып-ақ бәйшешек пен дестегүл бүр жарып, қазжуа мен өзге де нәзік гүлдер жер-ананың қойнынан қылтиып шыға бастады. Әдетте наурыз айында қауыз ашатын гүлдердің биыл ...
Читать далее »«Ұлттық қор — балаларға»: Әр баланың шотына 130,71 доллардан аударылды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы ұлттық байлықты әділ бөлу қағидатын іске асыруға бағытталған. Жастарға бастапқы тең мүмкіндіктерді беру мемлекеттің басымдыққа ие міндеттерінің бірі. Ал Ұлттық қорда жинақталған қаражат жас отандастарымызға ер жетіп, үлкен өмірдегі алғашқы қадамдарын нық сеніммен жасауға жол ашуы тиіс. Биыл бағдарламаға 2008-2025 жылдар аралығында туған 6 918 ...
Читать далее »Овербукинг үшін айыппұл төлеуге мәжбүр болды
Қарағанды қаласының тұрғыны «Астана-Фукуок-Астана» бағыты бойынша жалпы құны 420 мың теңге болатын төрт әуе билетін сатып алған. Ұшуға бір тәулік қалғанда әуе тасымалдаушы жолаушыны рейстің тоқтатылғаны туралы хабардар еткен. Рейстің тоқтатылуына себеп – овербукинг, яғни әуе кемесіндегі орын санынан артық мөлшерде билеттердің сатылуы. Балама ретінде әуе компаниясы билеттердің құнын қайтаруды немесе бастапқы жоспарланған күннен 2 тәулікке кеш ұшатын «Алматы-Дананг-Алматы» ...
Читать далее »Шымкентте 40 млн. теңгеден астам көлемдегі алаяқтыққа қатысы бар дроповод ұсталды
Полиция интернет-алаяқтыққа қарсы күресті қарқынды түрде жалғастыруда. Тұрақты жұмыс барысында қалалық полиция департаментінің киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері интернет-алаяқтық деректеріне қатысы бар ер адамды ұстады. Тергеу барысында Қызылорда облысының тұрғыны «жеңіл табыс» табу мақсатында дроповод ретінде әрекет еткені анықталды. Ол таныстарының банк карталарын жинап, мессенджерлер арқылы үшінші тұлғаларға өткізген. Кейін бұл карталар алаяқтық схемаларда қолданылған. ...
Читать далее »Вейп сатып, 30,7 млн. теңге пайда тапқан
ҚМА Ұлытау облысы бойынша департаменті электронды тұтыну жүйелерін (вейптерді) заңсыз сату, сондай-ақ төлем құралына заңсыз қол жеткізу (дропперлік) фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізуде. 2024 жылдан бастап Сәтбаев қаласының тұрғыны әлеуметтік желілер арқылы вейптерді сатуды ұйымдастырған. Өнімді өткізу қашықтан жүзеге асырылып, жеткізілім курьер арқылы жүргізілген. Вейптерді сатудан түскен қылмыстық кірістірді заңдастыру мақсатында күдікті «дроп-схеманы» қолданған: ақшалай сыйақы үшін ...
Читать далее »Сарыағашта әлемге танымал «Кавендиш» банан сұрпы өсірілуде
Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев Жартытөбе ауылдық округіндегі жылыжай шаруашылығының тынысымен танысып, экзотикалық жемістер өсірумен айналысып отырған жергілікті кәсіпкердің еңбегіне жоғары баға берді.Сонымен қатар, аталған бастаманың өңір экономикасы мен ауыл шаруашылығын дамытуға серпін беретінін атап өтті. Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөліміне жергілікті нарыққа ұсынуды қамтамасыз ету бойынша тапсырма берді. Жартытөбе ауылдық округіне қарасты Ынтамақ елді мекенінде бүгінде әлемдегі ең ...
Читать далее »Пайдалы қазбаларды Қытайға өткізіп келген
ҚМА Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті заңсыз кәсіпкерлік қызмет фактісі бойынша тергеп-тексеруді аяқтады. Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданында орналасқан «Глинковское» кен орнында ЖШС басшысы пайдалы қатты қазбаларды заңсыз өндіру мен өткізуді ұйымдастырған.Компанияның лицензиясы тек геологиялық барлау жұмыстарын жүргізуге ғана құқық берген. Алайда пайдалы қазбаларды өнеркәсіптік көлемде өндіруге рұқсат болмаған. Соған қарамастан, іс жүзінде темір құрамды тау жынысын өндіру, ...
Читать далее »Автонесие рәсімдеуге мәжбүрлеген
19 қаңтар күні ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Алматы, Шымкент қалаларында, сондай-ақ Алматы, Батыс Қазақстан және Түркістан облыстарында әлеуметтік осал азаматтардың атына автонесие рәсімдеп, кейін автокөліктерді шетелге шығарып отырған қылмыстық топтың қызметін тоқтатты. Анықталғандай, күдіктілер қысым көрсету және қорқыту арқылы қорғансыз азаматтарды өз атына автонесие рәсімдеуге мәжбүрлеген. Төлем қабілеттілігі бар деген жалған көрсеткіш қалыптастыру мақсатында ...
Читать далее »Шымкентте адам өлтіру және бұзақылық дерегі бойынша күдіктілер ұсталды
Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлерімен жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде адам өлтіру және бұзақылық қылмыстарына қатысы бар күдікті төрт ер адам анықталып, ұсталды. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Қазіргі уақытта жедел-іздестіру шаралары жалғасуда. 20 қаңтарда 40 жастағы ер адам пышақ жарақаттарынан көз жұмды, тағы бір азамат ауруханаға жеткізілді. Аталған жайт бойынша «адам өлтіру», «бұзақылық» және «адамды ұрлау» баптарымен қылмыстық іс қозғалды. ...
Читать далее »
Ел тұмар Ақпараттық портал
