Құрметті Түркістан қаласының тұрғындары мен қонақтары! Шет мемлекеттер басшыларының қатысуымен Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммиті өтуіне орай 14, 15 мамыр күндері Қожа Ахмет Ясауи кесенесі және музей-қорыққа қарасты барлық музейлер жабық болады. Сондай-ақ ол күндерге «Тикетон» және «Давай сходим» қосымшалары арқылы алдын ала онлайн билет сатып алуға да шектеу қойылды. Халықаралық деңгейдегі маңызды іс-шараны өткізу барысында енгізілетін уақытша шектеулер мен ...
Читать далее »Әлеумет
Шымкентте 700 грамм салмақпен туған сәби өмір үшін 109 күн күресті
Шымкент қалалық перинаталдық орталықтың дәрігерлері жүктіліктің 24 аптасында, мерзімінен ертең келген сәбидің өмірін сақтап қалды. Туған кездегі салмағы небәрі 700 грамм болған нәресте бірнеше айлық ем мен күтімнен кейін үйіне шығарылды. Сәби 2026 жылдың 9 қаңтарында дүниеге келген. Анасының жүктілігі ауыр өтіп, түрлі асқынулар байқалған. Бірден қалалық перинаталдық орталықтың жаңа туған нәрестелер реанимациясы және қарқынды терапия бөліміне ...
Читать далее »ШЫМКЕНТТЕ ТУРИСТІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫ ДАМЫТУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЖАҢА ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА
Шымкент қаласында туризм саласын дамыту және туристік инфрақұрылымды жетілдіру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Бұл ретте қаланың туристік тартымдылығын арттыруға арналған жаңа жобалар кезең-кезеңімен іске асырылуда. Туристік статистикаға сәйкес, 2025 жылдың 12 айының қорытындысы бойынша Шымкент қаласына келген туристер саны 550 063 адамды құрады. Оның ішінде 511 605-і ішкі туристер болса, 38 458-і шетелдік туристер үлесіне тиесілі. Аталған көрсеткіштер қалада туризм ...
Читать далее »САРЫАҒАШ: ДЕРБІСЕКТЕГІ АУЫЗ СУ МӘСЕЛЕСІ ТҰРАҚТЫ БАҚЫЛАУДА
Сарыағаш ауданына қарасты Дербісек ауылындағы «ТП-32» ұңғымасына қатысты мәселе туындаған болатын. Аталған су нысаны бұған дейін «Рауан» ЖШС теңгерімінде болып келген. Су көзін жеке кәсіпкер 27 жыл бойы пайдаланған. Жалға алу мерзімі биыл 25 сәуірде аяқталып отыр. Су ресурсын пайдалануға арнайы рұқсат беру мәселесі бойынша «Арал-Сырдария» бассейндік инспекциясы санитарлық аймақ талаптарының сақталмауына байланысты су пайдалану құқығын ұзартудан бас тартқан. Бұл ...
Читать далее »Жанармай тағы қымбаттай ма?
Түркістан облысы аумағындағы жанармай құю бекеттеріне арнайы мониторинг жүргізілілуде. Жалпы, Түркістан қаласы бойынша 24 жанар-жағармай бекеті жұмыс істейді. Баға тұрақтылығын сақтау және негізсіз өсімге жол бермеу мақсатында барлық жанармай құю станцияларында тұрақты түрде мониторинг жүргізіліп, кәсіпкерлермен түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды. Бұл жұмыстар тұрғындарды сапалы әрі қолжетімді жанармаймен қамтамасыз ету, сондай-ақ нарықтағы тұрақтылықты сақтауға бағытталған. Мониторинг барысында ...
Читать далее »Байып кетпек болып еді…
Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында Ішкі істер министрлігі өнеркәсіп саласындағы қылмыстардың жолын кесу және бизнестің мүдделерін қорғау бойынша жұмыс жүргізуде. 27 сәуірде Қарағанды облысында полиция қызметкерлері «Qarmet» АҚ-да әрекет еткен қылмыстық топтың қызметін тоқтатты. Анықталғандай, күдіктілер жасырын алаяқтық схемаларды қолданып және кәсіпорынның жекелеген қызметкерлерімен сөз байласа отырып, жеткізілетін шикізаттағы темір құрамының көрсеткіштерін қолдан көтеріп отырған. Кәсіпорынға келтірілген залал шамамен 190 млн ...
Читать далее »ТҮРКІСТАНДА ТҰҢҒЫШ РЕТ ӨТКЕН ТҮНГІ МАРАФОНҒА 3 МЫҢҒА ЖУЫҚ АТЛЕТ ҚАТЫСТЫ
Түркістан қаласында 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай «Turkestan Night Run – 2026» атты алғашқы түнгі жүгіру марафоны өтті. «Turkestan Night Run – 2026» – тек жүгіру жарысы емес, Ұлы Жібек жолының рухын заманауи форматта жаңғыртқан түнгі фестиваль. Іс-шараның басты ұраны – «Сен жай ғана жүгірмейсің – сен ғасырларға созылған жолдан өтесің». Бұл идея қатысушыларға ежелгі керуен сапарын ...
Читать далее »ТҮРКІСТАНДА ӨҢЕШІНЕ ИНЕ ТҰРЫП ҚАЛҒАН 9 АЙЛЫҚ СӘБИГЕ ДӘРІГЕРЛЕР ШҰҒЫЛ КӨМЕК КӨРСЕТТІ
Түркістан облыстық балалар ауруханасына жедел жәрдем қызметі арқылы 9 айлық сәби шұғыл түрде жеткізілді. Белгілі болғандай, сәби абайсызда ине жұтып қойған. Тез арада аурухана мамандары — хирург Темірбеков Мұхагали және эндоскопист Ырысқұлов Бабыр эндоскопиялық әдісті қолдана отырып, рентгенологиялық тексеру жүргізді. Нәтижесінде бөгде заттың нақты орналасқан орнын анықтап, өңеште тұрып қалған бөгде затты сәтті түрде алып шықты. Медициналық көмек жедел әрі ...
Читать далее »ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «КҮМІС ЖАС» ЖОБАСЫ СӘТТІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛЫП ЖАТЫР
Түркістан облысында зейнет жасына жақындаған азаматтарды жұмыспен қамтуға бағытталған «Күміс жас» жобасы аясында жүйелі жұмыстар жалғасып жатыр. 2023-2025 жылдар аралығында жобаға жолданған азаматтардың ішінен 4688 адам 2026 жылы да қызметін жалғастыруда. Бұл көрсеткіш аталған бағдарламаның тиімділігін айқын көрсетеді. Ал 2026 жылға белгіленген жоспар бойынша 1100 азаматты жұмыспен қамту көзделген болатын. Бүгінгі таңда бұл жоспар толықтай орындалып отыр. Аталған жоба ...
Читать далее »Halyk қайырымдылық қоры Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізуде
Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры Түркістан облысы Созақ ауданындағы Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін толық қайта жаңғырту жобасын іске қосты. Жобаның жалпы құны 200 миллион теңгеден асады. Жұмыс алты ай ішінде аяқталады. Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесінің алғашқы нысаны XVIII ғасырдың ортасында бой көтерген. Қазіргі сәулеттік келбеті XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басына жатады. 2006 жылы кесене ескі ...
Читать далее »
Ел тұмар Ақпараттық портал
