Әлеумет

Қазақстандық мектептерде бейіндік сыныптар ашылуда

Жұмысшы мамандықтары жылында орта білім беру ұйымдарында 1000 бейіндік сынып құру жүзеге асырылуда. Аталған бастама аясында жалпы саны 31 000-нан астам оқушы кәсіби дағдымен қамтылмақ, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі. Мұндағы мақсат – мектеп оқушыларының еңбек нарығында сұранысқа ие жұмысшы мамандықтарына ерте бейімделуін қамтамасыз ету, олардың кәсіби бағдарын жүйелі түрде қалыптастыру және техникалық-кәсіптік білімге қызығушылығын арттыру. Осыған орай, қазақстандық мектептерде ...

Читать далее »

«Астана Опера» Оманда «Коппелия» балетін ұсынады

«Астана Опера» театры 4-5 желтоқсанда Маскат Корольдік опера театры сахнасында өнер көрсетеді. Оманның басты музыкалық орталығында ұжым Лео Делибтің терең әрі жарқын балеттерінің бірі «Коппелияны» ұсынады. Қойылымға маэстро Руслан Баймурзин дирижерлік етеді. Кемеңгер француз хореографы Ролан Пети бұл қойылымы – иронияға толы туынды. Ол Гофманның тылсым оқиғасын шебер пайымдап, оны жарқын комедияға айналдырды. Балет «Астана Опера» репертуарына 2019 жылы енді ...

Читать далее »

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ҰСТАЗЫ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ҚОЛЫНАН МАРАПАТ АЛДЫ

Ұстаздық – ұлы миссия. Осы бір қадірлі жолда аянбай еңбек етіп келе жатқан Түркістан облысы, Жетісай қаласының тәжірибелі педагогы Ұлжан Райымбекова Мемлекет басшысының қолынан «Қазақстанға еңбегі сіңген ұстаз» медалін алып, ел абыройын асқақтатты. Ұлжан Кеттешқызы – саналы ғұмырын білім беруге ғана емес, жас ұрпақты тәрбиелеуге де арнаған ұлағатты ұстаз. Орыс тілі мен әдебиеті пәнінің жоғары санатты маманы ретінде ол өзінің ...

Читать далее »

230 млн. теңге залал келтірілген қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылды

  ҚМА Алматы қаласы бойынша департаменті «Boxy Wealth» қаржы пирамидасының қызметін тоқтатты. Ұйымдастырушылар өздерін инвестициялық компания ретінде таныстырып, салымшыларға жарнамалық материалдарды қарау арқылы жоғары табыс табуды ұсынған. Олар күн сайын 5%-дан 10%-ға дейін, яғни айына 150%-дан астам және жылына 1800%-дан жоғары кіріс табатынына уәде еткен.   Сондай-ақ, рефералдық сілтемелер арқылы жаңа қатысушыларды тартқан жағдайда 10% көлемінде дивиденд төлеу қарастырылған.   ...

Читать далее »

«ЗАҢ МЕН ТӘРТІП»: ШЫМКЕНТТЕ ЕРЕКШЕ ФОТОКӨРМЕ ӨТТІ

Шымкент қаласындағы «Shymkent Plaza» ойын-сауық орталығында полицейлердің күнделікті қызметі мен жанқиярлық еңбегіне арналған «Заң мен Тәртіп» атты фотокөрме ұйымдастырылды. Көрмеде құқық қорғаушылардың күнделікті көшелерді патрульдеуінен бастап, барынша зейін мен батылдықты, кәсібилікті талап ететін сәттеріне дейінгі жұмысын шынайы бейнелейтін жарқын әрі әсерлі фотосуреттер қойылды. Әрбір сурет полицейлердің қиын да абыройлы еңбегі туралы баяндайтын тірі құжат іспетті. Іс-шараның ерекше атмосферасын Ұлттық ұлан ...

Читать далее »

«ҮРКЕР» — 2025» ұлттық сыйлығына өтінімдер қабылдау басталды

Баспа, радио және интернет-журналистика саласындағы «ҮРКЕР» – 2025 ұлттық сыйлығына өтінім қабылдау басталды. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің ұйымдастыруымен өтетін байқауға медиаконтент өндіретін және тарататын республикалық, өңірлік радиостанциялар, баспа және интернет-басылымдар қатыса алады. Өтінімдер 2025 жылғы 1-20 қазан аралығында қабылданады. Конкурстық жұмыстар 2024 жылғы 12 тамыз бен 2025 жылғы 30 қыркүйек аралығында республикалық немесе өңірлік баспа және интернет-басылымдарда жариялануы, не радиоэфирде ...

Читать далее »

ЗАҢСЫЗ ҚОҚЫС ТӨККЕНДЕР ЖАУАПКЕРШІЛІККЕ ТАРТЫЛУДА

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасын өткізу жөніндегі тапсырмасына сәйкес, Түркістан қаласында тұрақты түрде тазалық іс-шаралары жүргізілуде. Соның ішінде қала төңірегіндегі жазық аймақтар мен төбелерді қоқыс алаңына айналдырмау мақсатында полиция және учаскелік инспекторлар күндізгі және түнгі рейдтік шараларды күшейткен болатын. Қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлы аймақтағы нысандарды аралау барысында заңсыз қоқыс тасымалдаушы жүк көлігінің құрылыс қалдықтарын тасып жатқаны анықталды. ...

Читать далее »

ҚАЗЫҒҰРТТА ЗАҢСЫЗ КАРЬЕР ПАЙДАЛАНУШЫЛАР ҰСТАЛДЫ

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің тапсырмасына сәйкес, 26 қыркүйекте облыс әкімдігі мамандары мен Полиция департаментінің қызметкерлері және өзге де жауапты мекемелер тарапынан облыс аумағында заңсыз жер қойнауын пайдаланудың алдын алу және тоқтату бойынша құрылған арнайы жұмысшы топ Қазығұрт ауданы аумағында рейдтік жұмыстар жүргізді. Нәтижесінде заңсыз қазба жүргізіп жүрген 3 азамат ұсталып, 2 ауыр жүк көлігі мен 1 жүк тиегіш ауыр ...

Читать далее »

Аида Балаева Google өкілдерімен ақпараттық қауіпсіздік мәселелерін талқылады

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Израиль, Түркия, Орталық Азия мен Кавказдағы мемлекеттік саясат мәселелері және мемлекеттік органдармен өзара байланыс бойынша Google компаниясының өңірлік директоры Ноа Лоффлермен кездесу өткізді. Кездесу барысында тараптар өзара байланыстың басым бағыттарын талқылады. Аида Балаева министрлік адами құндылықтарды насихаттап, халықтың цифрлық және құқықтық сауатын арттыратын, сондай-ақ балалардың онлайн ортадағы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған жобаларға ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ 240-ШЫ БҮЙРЕК ТРАНСПЛАНТАЦИЯСЫ СӘТТІ ОРЫНДАЛДЫ

Жергілікті трансплантолог дәрігерлер тобының №1 клиникалық ауруханада жүзеге асырған 240-шы бүйрек трансплантациясы сәтті аяқталды. 37 жастағы әпкесі 2002 жылы туылған інісімен бүйрегін бөлісті. Науқас 2022 жылдан бері созылмалы терминалды бүйрек жеткіліксіздігі диагнозымен нефролог дәрігердің бақылауында болған. Екі жыл бұрын оған бағдарламалық гемодиализ тағайындалды, Мамандар науқасты бір ай бойы отаға дайындап, жуырда бүйрек трансплантациясын жасады. Отадан кейін екеуі де бөлімшеге ауысып, ...

Читать далее »