«Бизнестің барлық шығынын жаппай азайту». Түркістан облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Асқар Абубакиров өңірдегі кәсіпкерліктің жай жапсары туралы нақтылап айтып берді. Палата тарапынан атқарылып жатқан тірліктерді тілге тиек етіп, тәспінің тасындай тізбектеп өтті. Асқар Абубакиров, Түркістан облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры: «Статистикаға қарасақ ең көп кәсіпкерлер шоғырланған өңір осы оңтүстік. 175 мыңға жуық кәсіпкерлеріміз бар… Көбісі «Бизнестің жол картасы -2020» бағдарламасы арқылы ...
Читать далее »Экономика
Жетістіктерді саралады – 2
Түркістан облысына күнгей мен батыс аймақ арасындағы байланысты арттыру мақсатында делегация келген болатын. Негізгі мақсат екі облыс арасында экономикалық әріптестік орнату, сауда саттықты арттыру, тәжірибе алмасу. Ержан Алтаев, Орал ӘКК ҰК басқарма төрағасы: «Түркістан мен Батыс Қазақстан облысы қарқынды дамып келе жатқан облыстардың бірі. Елбасының тапсырмасы бойынша өңіраралық кооперацияны дамыту бастамасы көтерілгені белгілі. Осыған орай екі облыс арасында меморандумға қол ...
Читать далее »Әріптестік аясында…
Түркістан облысына күнгей мен батыс аймақ арасындағы байланысты арттыру мақсатында делегация келген болатын. Екі облыс арасындағы экономикалық ынтымақтастық орната отырып, өзара тауар айналымын ұлғайту, өңірлердің экономикалық жағдайын жақсарту жоспарланып отыр. Осыған орай делегация мүшелері «Оңтүстік» индкстриялды аймағында орналасқан бірнеше ірі кәсіпорындарды аралап, жұмыс барысымен танысты. Қонақтардың алғашқы бас сұққан өндіріс орны шыны шығарумен айналысатын «Еврокристалл» серіктестігі болды. Түтіні түзу ұшып, ...
Читать далее »«Қымыранның кенінде» жұмыс қызу
Тоғыз жолдың торабы саналатын Түркістан облысындағы Арыс қаласы бүгінде өндірісі өрге өрлеген аудандардың алдыңғы көшінде. Мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан көптеген көмектің арқасында көшін түзеген шаруа қожалықтары мен индустриалды-инновациялық даму бағдарламасының игілігін көріп отырған жеке кәсіпкерлердің атқарып отырған жұмыстары көш ілгері. Түйе сүтін пластик ыдыстарға құйып шығаратын цех жұмыс істейді. Теміржол торабын тоғыстырған Арыс ауданы бүгінде ауыл шаруашылығы саласында да ауыз ...
Читать далее »Орта буын жұмыссыз қалмайды -2
Түркістан облысына қарасты Шардара қаласындағы №16 колледж облыстағы алдыңғы көштегі мақтаулы оқу орындарының бірі. Білім ордасы инновациялық бағытта білім береді. Мұнда студенттер «Уорлд скиллис» жобасы барысында студенттер бірінші теориялық сынақтардан өтсе, үшінші деңгейі қиындау, тапсырмаларды тәжірибе жүзінде орындайды. Студенттер бұл сынақтан сүрінбей өтетіндіктеріне бек сенімді. Бүгінде аталмыш оқу орынында жиһаз жасаушы, электрші, құрылысшы, дәнекерлеуші, балық шаруашылығы, аспаз, тігінші мамандықтары оқытылады. ...
Читать далее »Инновациялық бағытта білім береді
Түркістан облысына қарасты Шардара қаласындағы №16 колледж облыстағы мақтаулы оқу орындарының бірі. Өңіріміздегі бұрын соңды болмаған балық шаруашылығы мамандығы осында оқытылады. Сондай-ақ, мұнда былтырғы жылы 5 қабатты барлық жағдайы жасалған жатақхана күрделі жөндеуден өткізіліп, шәкірттердің игілігіне тапсырылды. Студенттер білім алумен қатар, тәжірибе арттыруда да алда.Биылғы жылы колледжге «Нәтижелі жұмыспен қамту 2017-2021» бағдарламасы бойынша 150 студент оқуға қабылданған. Оқу бітіргенше олар ...
Читать далее »Күн энергиясынан қуат алады
Түркістан облысындағы 120 мыңға жуық халқы бар Төле би ауданы енді 5 жылдан соң тек өздерінде өндірілген электр қуатын тұтынатын болады. Қазір аймақта баламалы энергия көзін ұлғайтуға байланысты 7 ауқымды жоба жүзеге асуда. Атап айтқанда, Сайрамсу және Қасқасу өзендерінің бойынан 6 шағын су электр станциясы бой көтеруде. Оның ішіндегі бір станциясының құрылысы тамыз-қыркүйек айларында аяқталады. Құны 1,5 миллиард теңге болатын ...
Читать далее »Жоспар 100 пайыз орындалған
Түркістан облысына қарасты Сайрам ауданы өндіріс өрлеген өңір. Халқы еңбекқор. Шыбық шаншысаң шынар болып шығатын топырағы да құнарлы. Халқы ала жаздай кетпенін күнге сүйдіріп талмай еңбектенеді. Сонысына қарай енбігіне қарай өнбегі. Аудан қазынасын қомпайтуға да атсалысып отыр. Өңіріміздегі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасына қосып отырған үлесі де қомақты. Ағымдағы жылдың төрт айының қорытындысы бойынша ауылшаруашылығы саласында өндірілген өнімнің көлемі 12 млрд. теңгеден ...
Читать далее »Балық нарықта сұранысқа ие
Түркістан облысында балық шаруашылығының өрісі кеңейіп, қарқынды дамып келеді. Шардара ауданында бүгінгі күнге дейін балық, мақта, мал шаруашылығы мен көкөніс пен бау-бақша бағыттарында 19 кооператив құрылды. Шардара ауданындағы «Хамит» өндірістік кооперативі өңіріміздегі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы шеңберінде ашылған. Өндірісі өрлеген кооператив бүгінде өндірген өнімін алыс та жақын шетелдерге экспорттап отыр. Айта кетейік, «Хамит» өндірістік кооперативінде балықтың 10 түрі әзірленеді. Сапалы өнім ...
Читать далее »Индустрияландыру: серпінді ілгерілету
Индустрияландырудың жаңа бесжылдығының басты бір мұраты да серпінді ілгерілету болуы қажет. Шетелдік мамандар жүргізген диагностика қорытындылары бойынша ел үкіметі отандық өнеркәсіптің базалық салаларын технологиялық қайта жарақтандыу бойынша шараларды бекітті. Оларды жүзеге асыру барысында «цифрлық технологияларды енгізуге қажетті экожүйе» түзілуге тиіс көрінеді. Қазақстандық тау-кен металлургия саласының жүйеқұраушы компанияларын цифрландыру бойынша 2025 жылға дейін жүзеге асырылатын 14 жоба анықталып отыр. Бұл жобаларға ...
Читать далее »
Ел тұмар Ақпараттық портал
