Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев үндеу жасағанда үстелде сағат не үшін тұрғаны белгілі болды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаған видеоүндеуі кезінде үстелге не үшін сағат қойғаны анықталды, деп хабарлайды Экспресс К. Кешегі Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына жасаған видеоүндеуі біраз талқыланды. Көптеген сарапшылар Елбасының сөздері мен мимикасын ғана емес, сонымен қатар кеңсенің декор элементтерін де талдай бастады. Соның құпиясына да үңіле бастағандар бар. ...
Читать далее »Cаясат
Назарбаев пен оның отбасының артықшылықтары: Жауапкершілікке тартылмау, өмір бойғы күзет және сақтандыру
Қазақстанда сонау 2000 жылы «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті туралы» Конституциялық заң қабылданды және онда Елбасы мен оның туыстарына толық қол сұғылмаушылық кепілдігі берілді. Stan.kz ақпарат агенттігі Елбасы туралы заңға шолу жасап шықты. Елбасыны жауапкершілікке тартуға болмайды Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне – Елбасына ешкімнің тиісуіне болмайды. Ол өзі Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттіктерін орындау кезеңінде жасаған, ал бұлар тоқтатылғаннан кейін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті ...
Читать далее »«Темірқазық»: Қасым-Жомарт Тоқаевқа арналған ән жарық көрді
Уа, Нұр-Атам – Құдайым, Сізден басқа жоқ Құдай!» деп Елбасына жыр арнаған ақын Балтабек Нұрғалиев енді Қасым-Жомарт Тоқаевқа ән арнады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. «Тәуелсіздікке қауіп төнгенде, оны отқа орандырмай қорғап қалған Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Кемелұлына арналады!» — деп жазды ақын Facebook-тегі парақшасында. «Темірқазық» атты туындының мәтіні: Жүрегіміз лүпілдеп соғады, Бəрі жақсы болады, болады. Басымызға бір бақыт қонады! Темірқазық, жол көрсет, Темірқазық! ...
Читать далее »Дариға Назарбаева демалысы біткен соң не істейді?
Мәжіліс депутаты Дариға Назарбаева осы жылдың қаңтар айының соңына дейін жалақысы сақталмайтын демалыста болады, деп хабарлай Stan.kz ақпарат агенттігі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап. Бұған дейін Дариға Назарбаеваның коронавирус инфекциясына шалдығып, үйінде жатқаны хабарланған болатын. Айта кетері, Дариға Назарбаева биыл 5 қаңтарда болған мәжілістің отырысына да келмеді. Кеше президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәжіліс депутаттарына жаңа премьер-министрді таныстырып, өзінің кезекті үндеуін жолдаған болатын. Депутат Назарбаева сол отырысқа ...
Читать далее »Павлодар облысы полиция департаментінің бастығы Мәсімовтің туысы қызметінен кетті
Павлодар облысы полиция департаментінің басшысы Нұрлан Мәсімов қызметінен босатылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. «Қазақстан Республикасы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың бұйрығы бойынша, Мәсімов Нұрлан Мырзаханұлы баянатқа сәйкес Павлодар облысы ПД бастығы қызметінен босатылды», – делінген хабарламада. Департамент бастығының міндетін полковник Жасқайрат Қайыров атқарады. Нұрлан Мәсімов 1973 жылы дүниеге келген. Ішкі істер органдарында 1999 жылдан бастап қызмет еткен. Ал ...
Читать далее »Әлия Назарбаева әлеуметтік желілердегі парақшаларын өшіріп тастады
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың кенже қызы Әлия Назарбаева Instagram мен Facebook желісіндегі жеке парақшасын өшіріп тастады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың кенже қызы Әлия Назарбаева Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасын өшіріп тастаған. Znak порталының мәліметінше, бұған Instagram-ның оның орнасласқан жерін Біріккен Араб Әмірліктері деп көрсетуі себеп болуы мүмкін. Енді оның Instagram және Facebook-тегі парақшаларына кірсеңіз, енді: «Иесі парақшаны жойған немесе оған кіруге шектеу ...
Читать далее »Қару ұстаған қарапайым адам кім?
«Бейбіт тұрғындарды кім өлтірді ❓ Бұл оқиғаларды бағалаудағы маңызды мәселелердің бірі болмақ. Ресми түрде 200-ден астам адам өлтірілген деп танылды — бұл мұқият тергеуді қажет етеді. Бас прокуратура енді әрбір істі тексеруі керек», деп жазды Мұрат Әбенов фейсбуктегі парақшасында. «Міне, мына суретте полицейлердің қасында азаматтық киім киген адам жүр және оның қолында әскери қару бар. Ол кім? Полициядан болса неге ...
Читать далее »Жириновский: Назарбаев өліп қалған, оны жерлеп тастады
Владимир Жириновский Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың “баяғыда-ақ өліп қалғанын” айтты, деп хабарлайды “Адырна” тілшісі. Бұл туралы саясаткер «Комсомольская правда» радиосында айтты. «Менің ойымша, ол баяғыда-ақ қайтыс болған. Өліп қалған, оны жерлеп тастады. Осылайша тыныш тығылып, үнсіз қалып, тірі жүру? Бұл мүмкін емес. Оның үстіне ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы бірден қамауға алынды», — деді Жириновский. Жириновскийдің айтуынша, халық бұрынғы басшыларына ...
Читать далее »Назарбаевтың күйеу балалары қызметтерінен босатылды
Қайрат Шәріпбаев пен Димаш Досанов “QazaqGaz” және «ҚазТрансОйл» ұлттық компанияларының басқарма төрағалары қызметінен кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Ақпаратты «Самұрық-Қазына» қорының баспасөз қызметі растады. Белгілі болғандай, қос басшы 14 қаңтардан бастап өз өтініштері бойынша босатылған. «»QazaqGaz» Ұлттық компаниясы «АҚ Директорлар кеңесінің 2022 жылғы 14 қаңтардағы шешіміне сәйкес, «QazaqGaz» Ұлттық компаниясы» АҚ Басқарма Төрағасы ретінде Қ.Қ. Шәріпбаевтың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды. «ҚазТрансОйл» АҚ ...
Читать далее »«Мемлекетке опасыздық жасаған»: Кәрім Мәсімовтің екі орынбасары ұсталды
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті ҰҚК-нің бұрынғы Төрағасы Кәрім Мәсімовке қатысты мемлекетке опасыздық жасау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді жалғастыруда. Бұл туралы комитеттің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. «Осы істің шеңберінде билікті күшпен басып алуға және лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалануға бағытталған іс-әрекеттер фактілері бойынша қосымша сотқа дейінгі тергеп-тексерулер басталды. Аталған қылмыстарды жасады деген күдікпен К. Мәсімовтен басқа ҰҚК Төрағасының бұрынғы ...
Читать далее »