Наурызнаманың онкүндігінде еліміздің барлық өңірінде ұлттық киімдерді насихаттауға бағытталған түрлі іс-шаралар өтуде. Айтулы күнге орай, Арыста қалалық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен «Ұлттық киімдер шеруі» өтті. Қалалық мәдениет үйінің өнерпаздары, сондай-ақ №17 колледж студенттерінің бастамасымен үкілі кәмшат, бүрмелі көйлек пен кимешекті аналар және шапан киген ерлер ұлттық киімдерді паш етті. Мерекелік шеруде белгілі ісмер Гүлмира Үсенбаеваның кішкентай бүлдіршіндерге арналған ұлттық нақыштағы сәндік ...
Читать далее »Әлеумет
Түрлі күмәнді мақсаттарға ақша жинауға 138 банктік карта краудфандингке тартылған
Жалған көмек сұраушыларға 660 мыңнан астам қазақстандық өз ақшаларын жолдаған. Бұл туралы ҚМА алаңында Дмитрий Малаховтың төрағалығымен өткен Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастырудың (жылыстатудың) алдын алу және терроризмді қаржыландыру мен жаппай қырып-жою қаруын тарату мәселелері жөніндегі ведомствоаралық кеңестің кезекті отырысы барысында белгілі болды. Жалпы жиналған қаржы сомасы 6 млрд теңгені құрады, оның 33% (2 млрд) алаяқтық белгілері бар. Әлеуметтік желілерде ...
Читать далее »«БӨГЕН» СУ ҚОЙМАСЫНДА ҚАУІП ЖОҚ
Бүгінгі таңда «Бөген» су қоймасында төтенше жағдайдың орын алу қауіпі төніп тұрған жоқ. 2021-2022 жылдары төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Қазіргі уақытта күрделі жөндеу жүргізуге жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде. Жобаға мемлекеттік сараптамасының қорытындысын ағымдағы жылдың маусым айында алу жоспарлануда. Сонымен қатар су қойманың беріктігін арттыру мақсатында 2022 жылы ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Қазіргі уақытта қоймадағы су авариялық ...
Читать далее »ҚЫЗМЕТ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛДІ
Мемлекеттік қызмет істері агенттігі және оның аумақтық органдары қызметінің басым бағыттарының бірі – халыққа сапалы мемлекеттік қызмет көрсетуді қамтамасыз ету, қызмет алушылардың құқықтарын қорғау және қалпына келтіру болып табылады. 2023 жылы Департаменттің қарауына мемлекеттік қызмет көрсету мәселері бойынша 157 арыз түскен, жалпы өтініштер бойынша 13 азаматтың құқығы қалпына келтірілді. Келіп түскен арыздардың басым бөлігі жер қатынастары (66 немесе ...
Читать далее »Сенімді полиция – тәртіпті қоғам: Түркістан облысында учаскелік және патрульдік полиция инспекторларының слеті өтті
Түркістан облысы Полиция департаментінің үлкен залында учаскелік және патрульдік полиция инспекторларының слеті өтті. Полицияның бойында адамгершілік қасиеттерді тәрбиелеу, ІІО жеке құрамының патриоттық және адамгершілік тәрбиесін дамыту мақсатында ұйымдастырылған шараға жаңадан тағайындалған майталман маман ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Айдар Мұтәлікұлы Сайтбеков төрағалық етті. Сондай-ақ іс-шараға департамент бастығы Мұрат Қабденов, ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев, Консультативтік кеңесші орган, ...
Читать далее »Мереке күні генералдар ардагерге құрмет көрсетті
Бүгін қос генерал, ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Айдар Сайтбеков пен облыстық департамент бастығы Мұрат Қабденов Түркістан қаласындағы жасы 90-ға жақындаған ардагердің халін сұрап, мерекемен құттықтап қайтты. Арнайы іссапармен өңірге келген Айдар Мұталікұлы: «Ардақты ардагеріміз болып ортамызда жүргеніңізге, полициядағы мамандарға ақыл-кеңесіңізді аямай, қолдау білдіргеніңізге мың алғыс. Жыл адамы атанған екенсіз, кітаптарыңызды көріп таныстым, шығармашылығыңыз мұқалмасын…», — деп ізгі тілегін жеткізді. ...
Читать далее »ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ МЕКТЕПТЕРІ МАҢЫНДА 10 МЫҢНАН АСТАМ ҚҰС ҰЯСЫ ОРНАТЫЛДЫ
Біз қамқоршы баламыз, құстарға ұя саламыз! Дәл осындай ұранмен Түркістан облысының білім беру мекемелерінде жаппай құс ұясы мен жем шашатын ыдыстар орнатылды. Бір мезетте білім басқармасына қарасты 1040 мектепке көктем хабаршысы болған құстарға арналған ұялар қойылды. Игі бастамаға қатысқан балалардың жүздері қуаныштан бал-бұл жанды. Мақсат – оқушылардың құстарға, табиғатқа қамқорлық сезімін және мейірімін ояту, еңбекке баулу. Құстардың тіршілігі туралы білімдерін ...
Читать далее »Шымкентте қоғамдық көліктерде жол ақысы көтерілмейді
Қоғамдық көліктердегі жолақыны көтеру маңызды мәселе болып табылады және бұл жан-жақты зерделеуді талап етеді. Жол ақысын көтеру тасымалдаушылар тарапынан көрсетілетін қызметтердің сапасы жақсарған, жолаушыларды тасымалдау қауіпсіздігі қамтамасыз етілген жағдайларда ғана мүмкін болады. Алайда, азаматтардың кейбір санаттарына, әсіресе, халықтың әлеуметтік осал топтарына жеңілдіктер беру мәселесін қарастырылады. Өз кезегінде әкімдік тасымалдаушылардың жауапкершілігін күшейтуді, автопарктерді жаңартуды жалғастыруды жоспарлап отыр. Бұл ретте ...
Читать далее »ТҮРКІСТАНДА ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАР КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ
Бүгін Түркістан қаласындағы «Ұлы Дала елі» орталығында «27 ақпан — Дүниежүзілік үкіметтік емес ұйымдар күні!» мерекесіне орай салтанатты шара өтті. Жиынға Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Ерлан Күзембаев, Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Мекенхан Қырықбаев, Түркістан облысының құрметті азаматы, қоғам қайраткері Шәріпбек Жамалбекұлы, «Түркістан облысының Азаматтық альянсы» заңды тұлғалар қауымдастығы нысанындағы бірлестіктің төрайымы Инара Намазбаева және үкіметтік емес ұйым ...
Читать далее »«ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘУЕЖАЙЫН БАСҚАРУШЫ КОМПАНИЯ АУЫСАДЫ
Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының ұйымдастыруымен құрылған арнайы комиссия Түркістан қаласындағы «Әзірет Сұлтан» Халықаралық әуежайын басқарушы «Turkistan International Airport» ЖШС-нан қабылдау жұмыстарын жүргізуде. Аталған жұмыстар 2024 жылдың 1 наурызына дейін жүргізілетін болады. Айта кетейік, бұған дейін әуежай жұмысын үйлестіруді жүргізген «Turkistan International Airport» ЖШС-мен келісім-шарт 2024 жылдың 1 наурызында аяқталады. Одан кейін «Әзірет Сұлтан» Халықаралық әуежайын ...
Читать далее »