Әлеумет

ДАҢҚТЫ БОКСШЫ ЖАСТАРМЕН ЖҮЗДЕСТІ

А.Пушкин атындағы қалалық әмбебап кітапханада тағылымды іс-шара ұйымдастырылды. Даңқты боксшы, 4 дүркін КСРО чемпионы, 2 дүркін Азия және Азия ойындарының чемпионы, Еуропа чемпионы, Атланта Олимпиадасының қатысушысы Нұржан Сманов оқырмандар, жастармен кездесіп, әсерлі әңгіме өрбітті. ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері, қазақ боксының ақыл-ойы атанған Нұржан Дініқұлұлы спорттағы және өмір жолынан сыр шертіп, емен-жарқын сұқбат құрды. Іс-шараның мақсаты да осы – жастарға ...

Читать далее »

Мектептерде жасанды интеллектіні жауапкершілікпен қолдану бойынша оқыту басталды

Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы еліміздегі барлық мектеп педагогтеріне арналған оқыту курстарын бастады. Бағдарламаның негізгі мақсаты – қатысушылардың білім беру үдерісінде жасанды интеллектіні жауапкершілікпен пайдаланудың қағидаттары туралы түсінігін қалыптастыру, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі. Оқыту барысында этика мен қауіпсіздік мәселелеріне ерекше мән беріледі: баланың игілігіне басымдық беру, академиялық адалдықты сақтау және дереккөздерді белгілеу, қолданудың заңдылығы мен дербес деректерді қорғау, ...

Читать далее »

Енді автокөлік тарихын «ЦОН» қосымшасы арқылы тексеруге болады

Мемлекеттік қызметтерді цифрландыру және олардың сапасын арттыру мақсатында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы «ЦОН» мобильді қосымшасына «Көлік тарихы» жаңа сервисін енгізді. Жаңа сервис азаматтарға Қазақстанда тіркелген көлік құралдары туралы толық ақпарат алуға мүмкіндік береді. Мұнда автокөліктің тіркелуі, тыйым салулар мен кепілдіктердің болуы, әкімшілік айыппұлдар, кедендік рәсімдер, утилизациялық алымның төленуі, ерекше белгілер мен берілген техпаспорттар жөніндегі мәліметтер қамтылады. Бұл мүмкіндік көлікті ...

Читать далее »

Баспасөз қызметі мен БАҚ өкілдеріне арналған үш айлық курс басталды

Бүгін Астанада баспасөз қызметі мен БАҚ өкілдеріне арналған «Салалық журналистика мен медиакоммуникациядағы өзекті тәсілдер» атты үш айлық курс басталды. Іс-шараның ашылуында ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Қанат Ысқақов «Дағдарыс коммуникациясының негізгі аспектілері» тақырыбында баяндама жасады. Вице-министр өз сөзінде баспасөз қызметтерінің жұмыс істеу қағидаттары, дағдарыс жағдайындағы жұмыс кезеңдері, тиімді коммуникация арналары, сондай-ақ халықаралық тәжірибе туралы айтты. Сонымен бірге, ҚР Жоғарғы Сотының ...

Читать далее »

Жалған айғақ бергені үшін айыпты деп танылды

Түркістан облысы Арыс аудандық соты ҚР ӘҚБтК-нің 659-бабының 1-бөлігімен айыпталған Ш.-ға қатысты /көрінеу жалған айғақ беру/ ісінқарады. Аталған бапта – жеке тұлғаға 10 АЕКмөлшерінде әкімшілік айыппұл салу түріндегі жаза көзделген. Сотпен анықталғаны: 2025 жылдың мамырында Ш. танысы К.-тың мас күйде көлік басқарғанын жоққа шығарып, оны жазадан босату мақсатында, сот отырысында куә қатарында көрінеу жалған айғақ берген. Нәтижесінде, Ш.-ға сотта көрінеу ...

Читать далее »

Мемлекет пен азаматтық қоғам диалогы: XII Форум алдындағы кездесулер басталды

2025 жылдың 16–17 қазан күндері елордада Қазақстанның XII Азаматтық форумы өтеді. Жиын мемлекет пен азаматтық қоғам арасындағы диалогтың негізгі алаңы болмақ. Форум қарсаңында, 24 қыркүйек пен 10 қазан аралығында, орталық мемлекеттік органдардың бірінші басшылары азаматтық мен қоғам өкілдері арасында бірқатар кездесулер жоспарланған. Кездесулер барысында ғылым мен білім, денсаулық сақтау, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, ауыл шаруашылығы, туризм мен спорт, энергетика, ...

Читать далее »

ТҮРКІСТАНДА ГАЗ, ЭЛЕКТР, СУ ӨЛШЕУІШ ҚҰРЫЛҒЫЛАРЫН ӨНДІРЕТІН ЗАУЫТ САЛЫНАДЫ

Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы Түркия Республикасының «Sensemi» компаниясының өкілдерімен кездесіп, келіссөз жүргізді. Кездесу барысында Түркістан қаласында заманауи газ, электр және су өлшеуіш құрылғыларын өндіру жобасын іске асыру мәселелері талқыланды. Тараптар өзара пікір алмасып, жобаның негізгі бағыттарына тоқталды. Әзімбек Пазылбекұлы шетелдік инвесторларға Түркістан қаласының инвестициялық мүмкіндіктері мен туристік әлеуетін таныстырып, барлық қолайлы жағдай жасалғанын және инвесторларға жан-жақты қолдау көрсетілетінін атап ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ: ҚАЛАЛЫҚ МАРШРУТТАРҒА 30 ЖАҢА АВТОБУС ҚОСЫЛАДЫ

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков қоғамдық көлік паркінде болып, күні ертең №146 және №150 маршруттарға шығатын 30 жаңа автобусты қарап шықты. Қарағандыдағы «Qaz Tehna» ЖШС зауытында өндірілген «Yutong» маркалы заманауи автобустар халықаралық стандарттарға сәйкес келеді және әрқайсысы 85 жолаушыға арналған. Айта кетейік, жолаушылар тасымалын Шымкент нарығында жұмыс істей бастаған «Bozjorga Bus» ЖШС жаңа көлік компаниясы жүзеге асырады. Жаңа операторлардың ...

Читать далее »

Түркістан облысының спортшысы жаңа рекорд орнатты

Арыс қаласының спортшысы Азамат Мақұлбеков Алматы қаласындағы «Медеу» мұз айдынының 842 баспалдаққа 100 келілік өгіз мүсінді 34 минут 28 секундта көтеріп шықты. Нәтижесінде ол Қазақстан «Кинэстер» кітабына ресми түрде тіркелді. Шараға облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ғалымжан Худияров, Қазақстан рекордтар кітабының ресми өкілі Бақытжан Тастүлеков арнайы қатысып, спортшыны жетістігімен құттықтады. Спортшы Азамат Нұрғалиұлы 1986 жылы дүниеге келген. Ол ...

Читать далее »

Жаңа тәрбие моделі: «Адал азамат» елдегі барлық мектептерде енгізілді

Жаңа оқу жылынан бастап еліміздегі барлық білім беру ұйымдарында, соның ішінде жекеменшік мектептерде де тәрбие жұмысы «Адал азамат» атты біртұтас бағдарлама негізінде жүргізіледі. Бұл – бұрын жүзеге асырылған «Біртұтас тәрбие» тұжырымдамасының жалғасы, бірақ мазмұны жаңартылып, Мемлекет басшысының «Адал азамат – адал еңбек – адал табыс» идеологиялық қағидасымен үндестірілген. Бағдарламаның басты мақсаты – адал, еңбекқор, елжанды азаматтар тәрбиелеу. Тәрбие жүйесі жалпыұлттық ...

Читать далее »