Әлеумет

Жанармай ұрлап, 1 млрд. теңге табыс тапқан

Ішкі істер министрлігі Шымкентте мұнай өңдеу зауытының аумағынан мұнай өнімдерін ұрлау схемасын анықтап, жолын кесті. 7 қаңтарда Шымкент қаласының полиция департаменті жедел іс-шаралар нәтижесінде жанар-жағармай материалдарын заңсыз шығару арнасын ұйымдастырған адамдар тобын ұстады. Қылмыстық схемаға мұнай өңдеу зауытымен байланысты кәсіпорындардың бірінің қызметкерлері тартылып, олар мегаполис тұрғындарымен сөз байласқан. Ұрланған отынды қылмыстық схеманы ұйымдастырушыларға тиесілі бірнеше базаның аумағында сақтау және сату фактілері ...

Читать далее »

МӘМС жүйесіндегі маңызды өзгерістер

2025 жылғы 14 шілдеде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев МӘМС мәселелері бойынша заңға өзгерістер енгізу туралы құжатқа қол қойды. Бұл өзгерістер 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді. 🔹Скринингтік зерттеулер МӘМС пакетiнен ТМККК пакетіне ауыстырылды. Оның ішінде онкологиялық скринингтер де бар. Енді халық сақтандыру мәртебесіне қарамастан жатыр мойны обыры, сүт безі обыры, колоректалды қатерлі ісік, артериялық гипертония, жүректің ишемиялық ауруы, ...

Читать далее »

МӘМС ЖҮЙЕСІ: ПСИХИКАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ

Психикалық денсаулық орталығы – қала тұрғындарына кешенді әрі қолжетімді психикалық денсаулық қызметін көрсететін жетекші мамандандырылған медициналық мекеме. Орталықта ТМККК (ГОБМП) аясында психикалық белсенді заттарға тәуелділігі бар, сондай-ақ психикалық және мінез-құлықтық бұзылыстармен ауыратын азаматтарға білікті және мамандандырылған медициналық көмек көрсетіледі. Медициналық қызмет тек емдеумен шектелмей, алдын алу, диагностика, кеңес беру және медициналық-әлеуметтік оңалтуды қамтиды. Балалар мен ересектерге арналған заманауи психоәлеуметтік оңалту ...

Читать далее »

Алматыда «Жасанды интеллект және әдебиет» тақырыбында ғылыми конференция өтті

ҚР Ұлттық кітапханасында «Жасанды интеллект және әдебиет» атты ғылыми конференция өтті. Аталған жиын қазіргі замандағы өзекті мәселелердің бірі – жасанды интеллекттің әдебиет пен мәдениет салаларына ықпалын ғылыми тұрғыда зерделеуге арналды. Бүгінде жаңа технологиялар дамып, жасанды интеллект шығармашылық үдерістерге белсенді араласа бастады. Осы орайда оның көркем әдебиетке тигізер әсері, мүмкіндіктері мен туындауы мүмкін тәуекелдер терең талдауды қажет етеді. Конференцияның басты мақсаты ...

Читать далее »

Мопед мінген мас атай құрыққа ілікті

  Келес ауданының учаскелік полиция инспекторлары қызметтік міндеттерін атқару барысында жол қозғалысы ережесін өрескел бұзған мопед жүргізушісін тоқтатпақ болды. Алайда ер адам полицейлердің заңды талабына бағынбай, қашып кетуге әрекеттенді. Жүргізушінің бұл әрекеті жол қозғалысы қауіпсіздігіне елеулі қауіп төндірді. Нәтижесінде ол полициядан қашып бара жатып, қарама-қарсы бағыттағы көлікпен соқтығысты. Алайда адам шығыны жоқ. Оқиға орнына жеткен тәртіп сақшылары жүргізушінің спирттік ішімдік ...

Читать далее »

Әзірбайжандық үшемдер қазақ тілін үйреніп жүр

  Түркістан қаласындағы Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-да 30 жылдан астам уақыт бойы Түркі елдерінен келген жастар білім алып жатыр. Жыл сайын оқу ордасына қазақ тілін үйрену үшін әртүрлі елдерден студенттер келеді.   Биыл университеттің Дайындық орталығында Әзірбайжаннан келген үшем – Зехра, Эсра және Лала Азизовалар мен Қырғызстаннан келген егіздер – Батма және Зуура Акканалиевалар білім алып жатыр. Қазақ тілін үйренуді бастағандарына ...

Читать далее »

АУТИЗМІ БАР БАЛАЛАРДЫҢ ЕМІНДЕ ОҢ КӨРСЕТКІШ БАЙҚАЛАДЫ

Шымкент қалалық Психикалық денсаулық орталығының бас дәрігері Болат Медетов балаларға арналған жалпы психиатриялық бөлімшеге барып, ондағы жұмыс барысымен және ем қабылдап жатқан балалардың жағдайымен танысты. Аралау барысында бас дәрігер палаталарды аралап, медициналық қызметкерлермен кездесіп, көрсетілетін көмектің сапасын арттыру және оңалту шараларын жетілдіру мәселелерін талқылады. Сондай-ақ балалардың жайлы әрі қауіпсіз ортада ем қабылдауына, тиімді терапия мен реабилитацияның дұрыс ұйымдастырылуына ерекше назар ...

Читать далее »

ӘЛЕУМЕТТІК ДҮКЕНДЕР МЕН ЖӘРМЕҢКЕЛЕР САНЫ АРТЫП КЕЛЕДІ

Шымкент қаласында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында бірқатар кешенді шаралар қолға алынған. Қала әкімдігінің бастамасымен ірі сауда желілері мен жергілікті өндірушілер арасында келісім-шарттар жасалып, бүгінде 80-ге жуық әлеуметтік сауда нүктесі тұрақты түрде жұмыс істеп тұр. Атап айтқанда, қалада «Грамад» сауда желісінің 22 нүктесі, «Магнум» желісінің 26 нүктесі, «Маркет» желісінің 2 нүктесі, «Қасқасу-С» шаруа қожалығының көкөніс сататын 5 ...

Читать далее »

2026–2027 оқу жылына арналған мектеп оқулықтарының жобалары талқылауға шығарылды

2026–2027 оқу жылында енгізілетін мектеп оқулықтарының жобалары Білім беру мазмұнын сараптау орталығының https://talqylau.bmso.kz сайтында қоғамдық талқылауға шығарылды, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі. Оқулықтарды талқылау ««Оқу әдебиеттерін қоғамдық талқылау» бөлімінде келесі пәндер бойынша жүргізіледі: • 4-сыныптарға арналған: «Қазақ тілі», «Орыс тілі» (қазақ тілінде оқытатын мектептер үшін), «Математика» (қазақ және орыс тілдерінде оқытатын мектептер үшін), «Дүниетану», «Әдебиеттік оқу» • 7–10 ...

Читать далее »

Х.БӨКЕЕВА ТЕАТРЫ ГАСТРОЛЬДІК МАУСЫМЫН ШЫМКЕНТТЕ БАСТАДЫ

Хадиша Бөкеева атындағы Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театрының халықаралық гастрольдік сапары Шымкент қаласындағы Ж.Шанин атындағы академиялық қазақ драма театрынан басталды. Гастрольдік сапар аясында театр ұжымы мен жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті. Шараға театр директоры, Қазақстан Республикасы Мәдениет саласының үздігі Нұржан Тасбулатов, театрдың көркемдік жетекшісі, мәдениет саласының үздігі Салауат Түменов, сондай-ақ Ж.Шанин атындағы театр директорының міндетін ...

Читать далее »