Әлеумет

Мопед мінген мас атай құрыққа ілікті

  Келес ауданының учаскелік полиция инспекторлары қызметтік міндеттерін атқару барысында жол қозғалысы ережесін өрескел бұзған мопед жүргізушісін тоқтатпақ болды. Алайда ер адам полицейлердің заңды талабына бағынбай, қашып кетуге әрекеттенді. Жүргізушінің бұл әрекеті жол қозғалысы қауіпсіздігіне елеулі қауіп төндірді. Нәтижесінде ол полициядан қашып бара жатып, қарама-қарсы бағыттағы көлікпен соқтығысты. Алайда адам шығыны жоқ. Оқиға орнына жеткен тәртіп сақшылары жүргізушінің спирттік ішімдік ...

Читать далее »

Әзірбайжандық үшемдер қазақ тілін үйреніп жүр

  Түркістан қаласындағы Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-да 30 жылдан астам уақыт бойы Түркі елдерінен келген жастар білім алып жатыр. Жыл сайын оқу ордасына қазақ тілін үйрену үшін әртүрлі елдерден студенттер келеді.   Биыл университеттің Дайындық орталығында Әзірбайжаннан келген үшем – Зехра, Эсра және Лала Азизовалар мен Қырғызстаннан келген егіздер – Батма және Зуура Акканалиевалар білім алып жатыр. Қазақ тілін үйренуді бастағандарына ...

Читать далее »

АУТИЗМІ БАР БАЛАЛАРДЫҢ ЕМІНДЕ ОҢ КӨРСЕТКІШ БАЙҚАЛАДЫ

Шымкент қалалық Психикалық денсаулық орталығының бас дәрігері Болат Медетов балаларға арналған жалпы психиатриялық бөлімшеге барып, ондағы жұмыс барысымен және ем қабылдап жатқан балалардың жағдайымен танысты. Аралау барысында бас дәрігер палаталарды аралап, медициналық қызметкерлермен кездесіп, көрсетілетін көмектің сапасын арттыру және оңалту шараларын жетілдіру мәселелерін талқылады. Сондай-ақ балалардың жайлы әрі қауіпсіз ортада ем қабылдауына, тиімді терапия мен реабилитацияның дұрыс ұйымдастырылуына ерекше назар ...

Читать далее »

ӘЛЕУМЕТТІК ДҮКЕНДЕР МЕН ЖӘРМЕҢКЕЛЕР САНЫ АРТЫП КЕЛЕДІ

Шымкент қаласында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында бірқатар кешенді шаралар қолға алынған. Қала әкімдігінің бастамасымен ірі сауда желілері мен жергілікті өндірушілер арасында келісім-шарттар жасалып, бүгінде 80-ге жуық әлеуметтік сауда нүктесі тұрақты түрде жұмыс істеп тұр. Атап айтқанда, қалада «Грамад» сауда желісінің 22 нүктесі, «Магнум» желісінің 26 нүктесі, «Маркет» желісінің 2 нүктесі, «Қасқасу-С» шаруа қожалығының көкөніс сататын 5 ...

Читать далее »

2026–2027 оқу жылына арналған мектеп оқулықтарының жобалары талқылауға шығарылды

2026–2027 оқу жылында енгізілетін мектеп оқулықтарының жобалары Білім беру мазмұнын сараптау орталығының https://talqylau.bmso.kz сайтында қоғамдық талқылауға шығарылды, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі. Оқулықтарды талқылау ««Оқу әдебиеттерін қоғамдық талқылау» бөлімінде келесі пәндер бойынша жүргізіледі: • 4-сыныптарға арналған: «Қазақ тілі», «Орыс тілі» (қазақ тілінде оқытатын мектептер үшін), «Математика» (қазақ және орыс тілдерінде оқытатын мектептер үшін), «Дүниетану», «Әдебиеттік оқу» • 7–10 ...

Читать далее »

Х.БӨКЕЕВА ТЕАТРЫ ГАСТРОЛЬДІК МАУСЫМЫН ШЫМКЕНТТЕ БАСТАДЫ

Хадиша Бөкеева атындағы Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театрының халықаралық гастрольдік сапары Шымкент қаласындағы Ж.Шанин атындағы академиялық қазақ драма театрынан басталды. Гастрольдік сапар аясында театр ұжымы мен жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті. Шараға театр директоры, Қазақстан Республикасы Мәдениет саласының үздігі Нұржан Тасбулатов, театрдың көркемдік жетекшісі, мәдениет саласының үздігі Салауат Түменов, сондай-ақ Ж.Шанин атындағы театр директорының міндетін ...

Читать далее »

Қазақстандық мектептерде бейіндік сыныптар ашылуда

Жұмысшы мамандықтары жылында орта білім беру ұйымдарында 1000 бейіндік сынып құру жүзеге асырылуда. Аталған бастама аясында жалпы саны 31 000-нан астам оқушы кәсіби дағдымен қамтылмақ, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі. Мұндағы мақсат – мектеп оқушыларының еңбек нарығында сұранысқа ие жұмысшы мамандықтарына ерте бейімделуін қамтамасыз ету, олардың кәсіби бағдарын жүйелі түрде қалыптастыру және техникалық-кәсіптік білімге қызығушылығын арттыру. Осыған орай, қазақстандық мектептерде ...

Читать далее »

«Астана Опера» Оманда «Коппелия» балетін ұсынады

«Астана Опера» театры 4-5 желтоқсанда Маскат Корольдік опера театры сахнасында өнер көрсетеді. Оманның басты музыкалық орталығында ұжым Лео Делибтің терең әрі жарқын балеттерінің бірі «Коппелияны» ұсынады. Қойылымға маэстро Руслан Баймурзин дирижерлік етеді. Кемеңгер француз хореографы Ролан Пети бұл қойылымы – иронияға толы туынды. Ол Гофманның тылсым оқиғасын шебер пайымдап, оны жарқын комедияға айналдырды. Балет «Астана Опера» репертуарына 2019 жылы енді ...

Читать далее »

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ҰСТАЗЫ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ҚОЛЫНАН МАРАПАТ АЛДЫ

Ұстаздық – ұлы миссия. Осы бір қадірлі жолда аянбай еңбек етіп келе жатқан Түркістан облысы, Жетісай қаласының тәжірибелі педагогы Ұлжан Райымбекова Мемлекет басшысының қолынан «Қазақстанға еңбегі сіңген ұстаз» медалін алып, ел абыройын асқақтатты. Ұлжан Кеттешқызы – саналы ғұмырын білім беруге ғана емес, жас ұрпақты тәрбиелеуге де арнаған ұлағатты ұстаз. Орыс тілі мен әдебиеті пәнінің жоғары санатты маманы ретінде ол өзінің ...

Читать далее »

230 млн. теңге залал келтірілген қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылды

  ҚМА Алматы қаласы бойынша департаменті «Boxy Wealth» қаржы пирамидасының қызметін тоқтатты. Ұйымдастырушылар өздерін инвестициялық компания ретінде таныстырып, салымшыларға жарнамалық материалдарды қарау арқылы жоғары табыс табуды ұсынған. Олар күн сайын 5%-дан 10%-ға дейін, яғни айына 150%-дан астам және жылына 1800%-дан жоғары кіріс табатынына уәде еткен.   Сондай-ақ, рефералдық сілтемелер арқылы жаңа қатысушыларды тартқан жағдайда 10% көлемінде дивиденд төлеу қарастырылған.   ...

Читать далее »