Жарияланды: 27.11.2026

ТҰТАС СЫЗЫҚТЫ КЕСТІ: 6 АЙҒА РӨЛСІЗ ҚАЛДЫ

фото ТОПД

Бірнеше секунд ұтамын деп, алты айға рөлсіз қалды. Түлкібас ауданының Т.Рысқұлов ауылында «ВАЗ-21060» автокөлігінің жүргізушісі тұтас сызықты кесіп, қарсы бағытқа шыққан. Оның бұл әрекетін патрульдік полицейлер байқап, көлікті тоқтатты.
Жүргізушіге әкімшілік іс рәсімделіп, құжаттар сотқа жолданды. Сот шешімімен ол 6 айға көлік басқару құқығынан айырылды.
Оқиға толығымен полицияның бейнежетонына түскен.
Қарсы бағытқа шығу- жол апатына себеп болатын ең қауіпті әрекеттердің бірі. Бір сәттік асығыстық адам өмірін қиюы мүмкін.
Полиция ескертеді: жолда асықпаңыз, өз өміріңізді де, өзгенің өмірін де қатерге тікпеңіз!
62 қаралым