Қазақстан Республикасының Ұлттық архиві «Архив және болашақ ұрпақ» республикалық жобасы аясында ашық есік күнін өткізді. Іс-шараның мақсаты – қазақ халқының төл тарихы мен тұлғаларға қатысты құнды құжаттарды ұрпақ санасында жаңғырту, ұлттық тарих пен мәдениетке деген қызығушылықты арттыру және жастардың патриоттық сезімін ояту. Іс-шараға ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің өкілдері, қоғам және мемлекет қайраткерлері, зиялы қауым және студенттер мен оқушылар қатысты. ...
Читать далее »Авторские архивы: admin
Қазақстан мен Мысыр дін саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда
Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIII съезі аясында Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Мысыр Араб Республикасының Уақыптар министрі Усама әл-Азхаримен кездесті. Тараптар Қазақстан мен Мысыр арасындағы тарихи әрі рухани байланыстарға негізделген және 1992 жылдан дипломатиялық қатынастар орнағаннан бастап белсенді дамып жатқан достық қарым-қатынастардың жоғары деңгейін атап өтті. Министрдің айтуынша, Мысыр елі араб-мұсылман әлемінің рухани және мәдени орталықтарының ...
Читать далее »Жаңа тәрбие моделі: «Адал азамат» елдегі барлық мектептерде енгізілді
Жаңа оқу жылынан бастап еліміздегі барлық білім беру ұйымдарында, соның ішінде жекеменшік мектептерде де тәрбие жұмысы «Адал азамат» атты біртұтас бағдарлама негізінде жүргізіледі. Бұл – бұрын жүзеге асырылған «Біртұтас тәрбие» тұжырымдамасының жалғасы, бірақ мазмұны жаңартылып, Мемлекет басшысының «Адал азамат – адал еңбек – адал табыс» идеологиялық қағидасымен үндестірілген. Бағдарламаның басты мақсаты – адал, еңбекқор, елжанды азаматтар тәрбиелеу. Тәрбие жүйесі жалпыұлттық ...
Читать далее »30-ға жуық элктрсамокат айыптұраққа қойылды
Республикалық “Қауіпсіз жол” жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Түркістан қаласында көшеде қалдырылған 30-ға жуық электросамокат айыптұраққа жеткізілді. Полицейлердің айтуынша, пайдаланушылар ретсіз тастап кеткен самокаттар көлік қозғалысына және жаяу жүргіншілерге кедергі келтіріп жатқаны туралы тұрғындар жиі шағымдануда. Жол оқиғаларының алдын алу мақсатында тәртіп сақшылары тұрақты түрде рейдтер жүргізіп, электросамокаттарды пайдаланудағы ереже бұзу жайттарын анықтауда. Тәртіп сақшылары жол қозғалысы қатысушыларының қауіпсіздігі басты назарда екенін ...
Читать далее »Париждегі ЮНЕСКО штаб-пәтерінде қазақ дәстүрлі музыкасының концерті өтеді
2025 жылғы 24 қыркүйек күні Париж қаласындағы ЮНЕСКО штаб-пәтерінде қазақтың әйгілі күйші, композиторы, дирижер Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына арналған «Ғасыр әуендері: Тілендиевке тағзым» атты мерекелік концерт өтеді. 2023 жылдың қараша айында ЮНЕСКО-ның Бас конференциясы бұл датаны 2024–2025 жылдары ұйымның қатысуымен аталып өтетін мерейтойлар тізіміне ресми түрде енгізді. Бұл шешім оның өз халқына ғана емес, бүкіл адамзат мәдениетіне қосқан зор үлесін ...
Читать далее »ШАҢЫРАҚ АСТЫНДАҒЫ БЕРЕКЕ: ӨНЕГЕЛІ ОТБАСЫЛАР МАРАПАТТАЛДЫ
Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдық мерейтойы аясында қаладағы «Достық үйінде» «Отбасы күні» мерекесіне арналған салтанатты іс-шара ұйымдастырылып, өнегелі әулеттер марапатталды. Мерекелік жиынның ашылу салтанатында қалалық ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Гүлжан Сүгірбаева, Ассамблея хатшылығының меңгерушісі Айгүл Әмзеева қатысты. – Отбасы – мемлекет пен қоғамның ең басты тірегі. Әр шаңырақта ұлттық дәстүр сақталып, бауырмалдық пен сыйластық орнықса, еліміздегі бірлік пен ...
Читать далее »ҚР Ұлттық кітапханасында халықаралық сарапшылар балалар әдебиеті тақырыбында талқылау өткізді
ҚР Ұлттық кітапханасында халықаралық сарапшылардың қатысуымен балалар әдебиеті саласындағы инновацияларға арналған «Әлем оқырмандарына арналған балалар әдебиеті» атты халықаралық талқылау ұйымдастырылды. Іс-шараны балалар әдебиеті мен білім беру саласында жұмыс істейтін «Nomad Culture Foundation» қоры кітапханамен бірлесе ұйымдастырды. Жиынның негізгі мақсаты – балаларға арналған кітаптар мен білім беру технологиялары саласындағы халықаралық сарапшыларды Орталық Азияның баспагерлерімен, авторларымен, иллюстраторларымен және педагогтарымен тәжірибе алмасуға тарту. ...
Читать далее »Әлем чемпиондары Махмуд пен Төрехан Сабырханды жерлестері күтіп алды
Әлем назарын өздеріне аударған қазақ оғландарының қашанда мәртебесі биік. Бір ғана Шымкент өңірінің ғана емес, қазақ елінің абыройын асқақтатқан спортшылар Махмуд пен Төрехан Сабырхандар бүгін елге оралды. Олар Ливерпуль қаласында өткен Әлем чемпионатында топ жарып, алтын медаль иеленді. Барша қазақты қуантқан қос батыр Шымкенттің маңындағы Маятас атты елді мекеннен түлеп ұшқан. Жастайынан спортты серік еткен қос батыр әлемді мойындатып отыр. ...
Читать далее »Құрманғазы оркестрі 92-ші концерттік маусымын бастайды
2025 жылдың 12 қыркүйегінде Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрі 92-ші концерт маусымын салтанатты түрде ашты. Отандық өнер жұлдыздары, танымал сахна шеберлері бас қосқан кеш, көрерменге түрлі музыкалық шығармалар ұсынды. Кештің көркін еліміздің танымал сахна саңлақтары мен дәстүрлі өнердің көрнекті өкілдері келістіре ашты. Атап айтсақ, «Құрмет» орденінің иегері, Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының жетекші солисі – ...
Читать далее »«БАҚЫТ ҚҰШАҒЫНДА»: ШӘМШІ ҚАЛДАЯҚОВ ӘНДЕРІМЕН ТҮСІРІЛГЕН МЮЗИКЛ ҚАЗАН АЙЫНДА КӨРЕРМЕНГЕ ЖОЛ ТАРТАДЫ
2025 жылдың 23 қазанында қазақтың ұлы композиторы Шәмші Қалдаяқовтың 95 жылдығы аясында жаңа мюзикл фильм экрандарға жол тартпақ. Фильм толығымен композитордың әндерімен шабыттана отырып өндірілген. Фильмнің бас продюсері әрі режиссеры New York Film Academy түлегі Санат Шапашовтың мәліметінше, фильм үшін арнайы Ш. Қалдаяқовтың 13 әні симфониялық оркестр сүйемелімен жазылып, саундтрек ретінде ұсынылады. Фильмнің шығармашылық тобына композитордың ұлы Мұхтар Қалдаяқов пен ...
Читать далее »
Ел тұмар Ақпараттық портал
