Әлеумет

Кешенді жоспарға сәйкес Шымкент қаласы республика деңгейінде “жасыл аймақта” тұр

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Арман Сәбитовтің төрағалығымен «Денсаулық сақтау саласының 7 айлық қорытындысы» тақырыбында Алқа отырысы өтті. Жиынға Денсаулық сақтау басқармасы мен департамент басшылары, сондай-ақ мемлекеттік және жекеменшік медициналық ұйымдардың жетекшілері қатысты. Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасының басшысының м.у.а. Сауле Сансызбайқызы саладағы 7 айда атқарылған жұмыстар мен басым бағыттарды баяндады. “2023–2025 жылдары қалада 14 жаңа емхана ашылып, емханалардың орташа жүктемесі ...

Читать далее »

Түркістан облысында тоқыма өндірісінің алып жобасы іске асуда

  Түркістан облысында ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп қатар дамытып келеді. Соңғы жылдары бұл өңірде агроөнеркәсіп кешенін қайта өңдеуге басымдық беріліп, жаңа өндірістік қуаттар іске қосылуда. Соның бірегейі – «Түркістан Текстиль» ЖШС қолға алған маңдайалды мақта-мата кластері. Жобаның құрылыс барысымен облыс әкімі Нұралхан Көшеров арнайы барып танысты. Өңір басшысы кластердің экономикалық мән-маңызын атап өтіп, сапалы әрі жедел іске асыруды тапсырды. Бұл ...

Читать далее »

Қостанай облысында отқа төзімді 7 мың тоннадан астам саз балшық заңсыз өндіріліп, сатылған

  Қаржылық мониторинг агенттігі А.С. Нургазинді қолдауға бағытталған әлеуметтік желілердегі ақпаратты заңсыз әрекетті ақтау деп бағалайды ҚМА Қостанай облысы бойынша департаменті «ОГНЕУПОРСНАБ» ЖШС лауазымды тұлғаларына қатысты аса ірі көлемде техногендік минералдық түзілімдерді жымқыру фактісі бойынша тергеу жүргізуде. Бір жыл бойы компания Арқалық кен орнынан 7 мың тоннадан астам отқа төзімді саз балшықты заңсыз өндіріп, сатқан.   Айта кету керек, техногендік ...

Читать далее »

Сайрам ауданында заңсыз жүк тасымалына тосқауыл қойылды

Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес облыс аумағында заңсыз жер қойнауын пайдалану әрекеттерінің алдын алу және оларды тоқтату мақсатында құрылған жұмысшы топ Сайрам ауданы аумағында рейдтік іс-шара жүргізді. Рейд барысында ауыр жүк көліктерімен заңсыз тасымалдау және жүк тасымалына қатысты құқықбұзушылық фактілері анықталды. Нәтижесінде, 7 бірлік ауыр жүк көлігі Сайрам ауданының айыптұрағына қойылды. Аталған заңбұзушылықтар бойынша тиісті заң шеңберінде облыстық көліктік бақылау инспекциясы ...

Читать далее »

ҮЕҰ-ға арналған сыйлықақыға өтінім қабылдау мерзімі аяқталуда

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі жыл сайынғы үкіметтік емес ұйымдарға арналған сыйлықақыны табыстау конкурсына өтінімдерді 2025 жылғы 2 қыркүйек (қоса алғанда) сағат 18:30-ға дейін қабылдайды. Конкурстың мақсаты – ұйымдардың әлеуетін нығайту және қоғамдық маңызы бар жобаларды іске асыруға ынталандыру үшін институционалдық қолдау көрсету. Сыйлықақы әлеуметтік маңызы бар 16 сала бойынша беріледі. Бір салаға арналған сыйлықақы мөлшері – 2000 АЕК. ...

Читать далее »

Психотроптық заттарды өткізу мақсатында заңсыз дайындауға оқталу бабы бойынша үкім жарияланды

  Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ҚК-нің 24-бабы 3-бөлігі, 297-1-бабы 3-бөлігінің 1), 3) тармақтарымен (алдын ала сөз байласқан адамдар тобымен, аса ірі мөлшердегі психотроптық заттарды, өткізу мақсатында заңсыз дайындау, өзіне байланысты емес мән-жайлар бойынша ақырына дейін жеткізе алмаған) айыпталған М.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.   Сотталушы 2024 жылдың қыркүйек айында «Telegram» мессенджері арқылы белгісіз тұлғамен жылдам ақша ...

Читать далее »

Түркістанда 9 жастағы баланың бауырынан эинококк құрты табылып, күрделі ота жасалды

Түркістан облыстық балалар ауруханасында 9 жасар балаға күрделі ота жасалды. Науқасқа тексерулер жүргізіліп, баланың бауырында көлемі 14 см болатын эхинококк құрты болу диагнозы қойылған. Білікті дәрігер Мұхан Спабекұлының жетекшілігімен күрделі ота жүргізіліп, мамандар эхинококк құртын ашық әдіспен алып шықты. Ота міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі аясында тегін жүргізіліп, қажетті емдік шаралар қолданылды. Науқас қанағаттанарлық жағдайда үйіне шығарылды. Мамандар ата-аналарға ...

Читать далее »

Абай облысында XII Өңірлік азаматтық форум өтіп жатыр

  2025 жылғы 26 тамызда Семей қаласында «Мемлекет – бизнес – ҮЕҰ: тиімді өзара әрекеттесу және серіктестік» тақырыбында Абай облысының XII Өңірлік азаматтық форумы өтіп жатыр. Форумға ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің өкілдері, Қазақстанның Азаматтық альянсы, үкіметтік емес ұйымдар, бизнес-қоғамдастық, жастар бірлестіктері, қоғамдық кеңестер мен белсенді азаматтар қатысуда. Іс-шара бағдарламасында азаматтық қоғамды дамыту перспективалары, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың ...

Читать далее »

2 млн. теңге төленбеген айыппұлы бар “Opel Vectra” маркалы автокөлігі анықталды

      “Заң және тәртіп” қағидатын іске асыру аясында Түркістан қаласы аумағында борышкерлерді анықтау және оларға қатысты айыппұлдарды өндіру мақсатында профилактикалық іс-шара жүрігізілді. Мақсаты — әкімшілік айыппұлдарды мәжбүрлеп орындаудың қажетті шараларын қолдана отырып, борышкерлерді анықтау бойынша тиісті жұмысты жандандыру. Шара барысында тәртіп сақшылары “Автоураган” жылжымалы кешені мен “Қорғау” жүйесі арқылы 2 млн теңгеге жуық төленбеген айыппұлы бар облыс орталығы ...

Читать далее »

Шымкентте полиция екі есірткі өткізушіден ірі көлемде есірткі заттарын тәркіледі

Шымкент қалалық полиция департаментінің қызметкерлері 19 тамызда жедел іс-шаралар жүргізу барысында өз автокөлігінде есірткі заттарын тасымалдаған ер адамды ұстады.   Күдіктінің көлігінің жүксалғышынан жалпы салмағы 14 келіден асатын «кептірілмеген марихуана» есірткі заты табылды.   Сондай-ақ, 15 тамызда синтетикалық есірткі заттарының заңсыз айналымын әшкерелеуге бағытталған жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде жергілікті тұрғын ұсталды. Тексеру кезінде оның тұрғылықты мекенжайынан жалпы салмағы 400 грамнан асатын ...

Читать далее »