Әлеумет

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫНА БЕЛСЕНДІ ҚОЛДАУ КӨРСЕТУДЕ

Ел көлемінде тазалықты қалыптастыру мақсатында «Таза Қазақстан» атты экологиялық акциясы қолға алынды. Аталған жоба аясында Түркістан облысының барлық қала, аудандары тазалық жұмыстарын бастап кеткен. Нақтырақ айтсақ, «Таза өлке – Түркістан» науқаны бойынша Түлкібас, Шардара аудандарында күллі мұсылманға ортақ Рамазан айт мейрамы қарсаңында тазалық жұмыстары қарқын алды. Түлкібас ауданында жаяу жүргіншілер жолдарын қоқыстан тазарту, ағаш бұтақтарын кесу жұмыстарына тұрғындар белсене кіріскен. ...

Читать далее »

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 201 МЫҢ КӨШЕТ ОТЫРҒЫЗЫЛЫП, 317 МЫҢ АҒАШ ӘКТЕЛДІ

Аббаттандыру, көгалдандыру және тазалық жұмыстарын сапалы жүргізбеген аудан, қала әкімдерінің жұмысына кезекті рет сын-ескертпе айтылды. Түркістан облысы әкімі аппаратының апталық мәжілісінде осы мәселе арнайы қаралды. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды бұл бағыттағы жұмыстардың әлі де өз деңгейінде жүйеленбегенін айтып, жауаптыларға тапсырмалар жүктеді. – Әкімі қандай болса, көшесі сондай болады. Бірнеше рет бұл мәселе бойынша тапсырма берілді. Бірнеше аудан, қалада ғана сәл ...

Читать далее »

Жеке үйде орналасқан есірткі өндіретін жасырын зертхана анықталды

ҰҚК Алматы облысы бойынша департаменті 22 наурызда жеке үйде орналасқан психотроптық заттарды өндіретін жасырын зертхана әрекетінің жолын кесті.   Осы құқық бұзушылық жасады деген күдікпен екі шетелдік ұсталды. Тінту барысында 20 кг-ға жуық синтетикалық есірткі, 1 мың литр прекурсорлар мен «синтетика» жасауға арналған жабдықтар алынды.   Алдын ала табылған шикізат шетелден логистикалық компаниялар арқылы жасырын түрде жеткізілгені анықталды. Қылмыстық Кодекстің ...

Читать далее »

Халық саулығын жақсарту

  Сарыағаш аудандық орталық ауруханасына қарасты Ақбура дәрігерлік амбулаториясының мамандары «Денсаулық күні» атты ұлттық бағдарламасы бойынша белсенді жұмыстар атқаруда. Амбулатория қызметкерлері ауылдағы мектептерге арнайы барып, оқушылардың саулығын жақсарту үшін іс шаралар өткізді. Сондай-ақ жергілікті тұрғындармен кездесіп, халық арасында ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. «Денсаулық күні» атты ұлттық бағдарламасының мақсаты – құрамында тұз, қант, әртүрлі майлар бар азық-түліктерді тұтынуды шектеу немесе бас ...

Читать далее »

ТҮРКІСТАН ЖҰРТШЫЛЫҒЫ АТЫНАН СУ БАСҚАН АЙМАҚТАРҒА ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК ЛЕГІ ЖАЛҒАСЫП ЖАТЫР

Қарғын судың астында қалған ауылдарға ағылған халық көмегі сүрінгенге сүйеу, құлағанға демеу болып, жұдырықтай жұмылған бірлігімізді көрсетуде. Су басқан аймақтардың тұрғындарына арналған азық-түлік, киім-кешек, көрпе-төсеніш, тұрмысқа қажетті басқа да заттарды жинап жөнелтуге жалпы тұрғындар, әкімдік қызметкерлері, депутаттық корпус өкілдері, азаматтық ұйымдар, волонтерлар, діни ұйымдардың қызметшілері, Жастар ресурстық орталықтары мен жас белсенділер, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері, «AMANAT» партияcының өкілдері, күш біріктіріп, қиындықты ...

Читать далее »

Түркістан облыстында ішімдіктен бас тартқан ауылдар саны 20-ға жетті

Бүгінде Түркістан облысында жалпы 20 ауыл ішімдіктен мүлдем бас тартқан. Олардың қатарында Арыс қаласындағы — Дермене, Теміржолшы, Орманды, 40-разъезд елді мекендері, Бәйдібек ауданындағы — Түйетас елді мекені, Жетісай ауданындағы — Алмалы елді мекені, Келес ауданындағы — Шұқырсай және Мақташы елді мекендері бар. Сонымен қатар, Мақтаарал ауданындағы — Табысты елді мекені, Ордабасы ауданындағы — Аққойлы, Жусансай, Төреарық және Көлтоған елді мекендері, ...

Читать далее »

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНАН АҚТӨБЕ ӨҢІРІНІҢ СУ БАСҚАН АЙМАҚТАРЫНА 30 ТОННА ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК ЖІБЕРІЛДІ

  Еліміздің бірнеше өңіріндегі су тасқынына байланысты Түркістан облысы «Жастар ресурстық орталығы» ғимаратында 27 наурыздан бастап гуманитарлық көмек қабылдайтын штаб жұмыс істеп жатыр. Сонымен бірге Түркістан облысының барлық аудан, қалаларында штабтар ашылып, тұрғындардың көмектерін қабылдауда. Қарғын су апаты аймағындағы зардап шеккен тұрғындарға көмек қолын созамын деген волонтерлар мен облыс тұрғындары игі іске өз үлестерін қосты. Алғашқы күннің өзінде тұрғындар, мәслихат ...

Читать далее »

Полиция үйіндегілерге ренжіп, жоғалып кеткен жасөспірімді тапты

Сайрам аудандық полиция басқармасына жергілікті тұрғын хабарласып, өзінің 13 жасар ұлы үйге қайта оралмағанын айтып, көмек сұраған.     Полицейлер хабарламаны бірден тіркеуге алып, жоғалған баланы табу үшін толық жұмылдырды. Тәртіп сақшылары оқиға орны мен оған жақын аумақты түгел тексерді. Жасөспірімнің достары мен сыныптастарынан жауап алды. Іздеуге ауыл тұрғындары қосылды.     Нәтижесінде бейнебақылау камерасы арқылы оның жүрген жері анықталды. ...

Читать далее »

МАҚТААРАЛДЫҚ КӘСІПКЕР ЕКІ ОТБАСЫҒА БАСПАНА СЫЙЛАДЫ

  Рамазан айы қарсаңында мақтааралдық кәсіпкер, «Cotton мақта» ЖШС-ң директоры Абдухашим Боев көпбалалы екі отбасыға баспана сыйлады. Кәсіпкер екі үйді сатып алу үшін 26 миллион теңге қаржы жұмсаған. Сондай-ақ жомарт жан Мақтаарал, Жетісай аудандарындағы аз қамтамасыз етілген 200 отбасыға азық-түлік себетін үлестірді.   Айта кетерлігі, аудандық кәсіпкерлер мұқтаж отбасыларға үнемі көмек көрсетіп келеді. Тек Рамазан айында ғана емес, өзге уақыттарда ...

Читать далее »

ШАРДАРАЛЫҚ СПОРТШЫЛАР ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫНДА ТОП ЖАРДЫ

Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамы қарсаңында Алматы қаласында найза лақтырудан жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Тартысты додада өнер көрсеткен шардаралық спортшылар 4 алтын, 2 күміс, 1 қола медаль жеңіп алды. Атап айтар болсақ, І орынды — Маман Нұрдәулет, Елбосын Жігер, Манасбай Әйгерім, Есіркеп Ұлболсын алса, ІІ орынға — Құлатай Шадияр мен Жаманбай Азамат тұрақтады. Ал ІІІ орын Керімбек Рысдәулетке ...

Читать далее »