Авторские архивы: admin

Париждегі ЮНЕСКО штаб-пәтерінде қазақ дәстүрлі музыкасының концерті өтеді

2025 жылғы 24 қыркүйек күні Париж қаласындағы ЮНЕСКО штаб-пәтерінде қазақтың әйгілі күйші, композиторы, дирижер Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына арналған «Ғасыр әуендері: Тілендиевке тағзым» атты мерекелік концерт өтеді. 2023 жылдың қараша айында ЮНЕСКО-ның Бас конференциясы бұл датаны 2024–2025 жылдары ұйымның қатысуымен аталып өтетін мерейтойлар тізіміне ресми түрде енгізді. Бұл шешім оның өз халқына ғана емес, бүкіл адамзат мәдениетіне қосқан зор үлесін ...

Читать далее »

ШАҢЫРАҚ АСТЫНДАҒЫ БЕРЕКЕ: ӨНЕГЕЛІ ОТБАСЫЛАР МАРАПАТТАЛДЫ

  Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдық мерейтойы аясында қаладағы «Достық үйінде» «Отбасы күні» мерекесіне арналған салтанатты іс-шара ұйымдастырылып, өнегелі әулеттер марапатталды. Мерекелік жиынның ашылу салтанатында қалалық ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Гүлжан Сүгірбаева, Ассамблея хатшылығының меңгерушісі Айгүл Әмзеева қатысты. – Отбасы – мемлекет пен қоғамның ең басты тірегі. Әр шаңырақта ұлттық дәстүр сақталып, бауырмалдық пен сыйластық орнықса, еліміздегі бірлік пен ...

Читать далее »

ҚР Ұлттық кітапханасында халықаралық сарапшылар балалар әдебиеті тақырыбында талқылау өткізді

ҚР Ұлттық кітапханасында халықаралық сарапшылардың қатысуымен балалар әдебиеті саласындағы инновацияларға арналған «Әлем оқырмандарына арналған балалар әдебиеті» атты халықаралық талқылау ұйымдастырылды. Іс-шараны балалар әдебиеті мен білім беру саласында жұмыс істейтін «Nomad Culture Foundation» қоры кітапханамен бірлесе ұйымдастырды. Жиынның негізгі мақсаты – балаларға арналған кітаптар мен білім беру технологиялары саласындағы халықаралық сарапшыларды Орталық Азияның баспагерлерімен, авторларымен, иллюстраторларымен және педагогтарымен тәжірибе алмасуға тарту. ...

Читать далее »

Әлем чемпиондары Махмуд пен Төрехан Сабырханды жерлестері күтіп алды

Әлем назарын өздеріне аударған қазақ оғландарының қашанда мәртебесі биік. Бір ғана Шымкент өңірінің ғана емес, қазақ елінің абыройын асқақтатқан спортшылар Махмуд пен Төрехан Сабырхандар бүгін елге оралды. Олар Ливерпуль қаласында өткен Әлем чемпионатында топ жарып, алтын медаль иеленді. Барша қазақты қуантқан қос батыр Шымкенттің маңындағы Маятас атты елді мекеннен түлеп ұшқан. Жастайынан спортты серік еткен қос батыр әлемді мойындатып отыр.  ...

Читать далее »

Құрманғазы оркестрі 92-ші концерттік маусымын бастайды

2025 жылдың 12 қыркүйегінде Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрі 92-ші концерт маусымын салтанатты түрде ашты. Отандық өнер жұлдыздары, танымал сахна шеберлері бас қосқан кеш, көрерменге түрлі музыкалық шығармалар ұсынды. Кештің көркін еліміздің танымал сахна саңлақтары мен дәстүрлі өнердің көрнекті өкілдері келістіре ашты. Атап айтсақ, «Құрмет» орденінің иегері, Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының жетекші солисі – ...

Читать далее »

«БАҚЫТ ҚҰШАҒЫНДА»: ШӘМШІ ҚАЛДАЯҚОВ ӘНДЕРІМЕН ТҮСІРІЛГЕН МЮЗИКЛ ҚАЗАН АЙЫНДА КӨРЕРМЕНГЕ ЖОЛ ТАРТАДЫ

2025 жылдың 23 қазанында қазақтың ұлы композиторы Шәмші Қалдаяқовтың 95 жылдығы аясында жаңа мюзикл фильм экрандарға жол тартпақ. Фильм толығымен композитордың әндерімен шабыттана отырып өндірілген. Фильмнің бас продюсері әрі режиссеры New York Film Academy түлегі Санат Шапашовтың мәліметінше, фильм үшін арнайы Ш. Қалдаяқовтың 13 әні симфониялық оркестр сүйемелімен жазылып, саундтрек ретінде ұсынылады. Фильмнің шығармашылық тобына композитордың ұлы Мұхтар Қалдаяқов пен ...

Читать далее »

Қару иелері қатаң тексерістен өтуде

Жетісай ауданында өтіп жатқан «Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасына полицейлер мен қоғамдық құрылым өкілі жұмылдырылды. Шара барысында полицейлер тұрғын үйлерді аралап, профилактикалық әңгімелер жүргізді. Атап айтқанда полиция есебінде тұрған азаматтардың тұрғылықты мекенжайы бойынша тексеріп, 47 шетелдік азаматтың құжаттары қаралып, көші-қон заңнамасын бұзудың 15 дерегі анықталды. Аудан аумағында 765 қару иесін тексерістен өткізіп, түрлі құқық бұзушылықтар бойынша 178 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Полиция ...

Читать далее »

ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН ТАРИФТЕР ӨСПЕЙДІ – ҮКІМЕТ

Жыл соңына дейін халық пен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өндірушілері үшін тарифтердің өсуі күтілмейді. Кеңес инфляцияны тежеуге арналды. Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин өңірлік тұрақтандыру қорларына жаңа өнімді жеткізуге келісімшарт жасау барысын және «Инвестицияға айырбасталған тариф» бағдарламасының іске асырылуын тыңдады. «Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитетінің төрағасы Тимур Қосымбаевтың айтуынша, биылға жоспарланған коммуналдық тарифтердің барлық көтерілуі ...

Читать далее »

Түркістанда «Қолөнершілер қалашығы» кешені ашылады

Түркістан қаласында кезекті нысанның құрылысы аяқталуға жақын. Қыркүйек айында қолданысқа берілетін «Қолөнершілер қалашығы» кешенінің жалпы аумағы — 2,3 гектар. Туристік және мәдени бағыттағы бұл кешен 8 негізгі функционалды бөліктен тұрады. Онда 20 шеберхана, 2 шоурум, көрме залы, мейрамхана, қонақүй және өзге де қажетті инфрақұрылымдар қарастырылған. Сонымен қатар, өңірлік ерекшеліктер мен тұтынушылар сұранысына орай арнайы брендтік каталог әзірленіп, соның негізінде ұлттық ...

Читать далее »

Астанада волонтерлік қызметті ұйымдастырушыларға арналған «Бес кілт» атты интенсив өтті

2025 жылдың 11 қыркүйегінде Астана қаласында волонтерлік қызметті ұйымдастырушыларға арналған «Бес кілт» атты оқыту интенсиві өтті. Іс-шара 2025 жылға арналған Қазақстан мен Ресей арасындағы гуманитарлық ынтымақтастықты дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспары аясында ұйымдастырылып, екі елдің волонтерлік ұйымдары өкілдерінің кәсіби тәжірибе алмасуына және серіктестік байланыстарын кеңейтуге арналған маңызды алаңға айналды. Интенсивке Астана қаласындағы волонтерлік бірлестіктердің үйлестірушілері мен көшбасшылары, үкіметтік емес ұйымдар мен ...

Читать далее »