Әлем назарын өздеріне аударған қазақ оғландарының қашанда мәртебесі биік. Бір ғана Шымкент өңірінің ғана емес, қазақ елінің абыройын асқақтатқан спортшылар Махмуд пен Төрехан Сабырхандар бүгін елге оралды. Олар Ливерпуль қаласында өткен Әлем чемпионатында топ жарып, алтын медаль иеленді. Барша қазақты қуантқан қос батыр Шымкенттің маңындағы Маятас атты елді мекеннен түлеп ұшқан. Жастайынан спортты серік еткен қос батыр әлемді мойындатып отыр. ...
Читать далее »Месячные архивы: Сентябрь 2025
Құрманғазы оркестрі 92-ші концерттік маусымын бастайды
2025 жылдың 12 қыркүйегінде Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрі 92-ші концерт маусымын салтанатты түрде ашты. Отандық өнер жұлдыздары, танымал сахна шеберлері бас қосқан кеш, көрерменге түрлі музыкалық шығармалар ұсынды. Кештің көркін еліміздің танымал сахна саңлақтары мен дәстүрлі өнердің көрнекті өкілдері келістіре ашты. Атап айтсақ, «Құрмет» орденінің иегері, Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының жетекші солисі – ...
Читать далее »«БАҚЫТ ҚҰШАҒЫНДА»: ШӘМШІ ҚАЛДАЯҚОВ ӘНДЕРІМЕН ТҮСІРІЛГЕН МЮЗИКЛ ҚАЗАН АЙЫНДА КӨРЕРМЕНГЕ ЖОЛ ТАРТАДЫ
2025 жылдың 23 қазанында қазақтың ұлы композиторы Шәмші Қалдаяқовтың 95 жылдығы аясында жаңа мюзикл фильм экрандарға жол тартпақ. Фильм толығымен композитордың әндерімен шабыттана отырып өндірілген. Фильмнің бас продюсері әрі режиссеры New York Film Academy түлегі Санат Шапашовтың мәліметінше, фильм үшін арнайы Ш. Қалдаяқовтың 13 әні симфониялық оркестр сүйемелімен жазылып, саундтрек ретінде ұсынылады. Фильмнің шығармашылық тобына композитордың ұлы Мұхтар Қалдаяқов пен ...
Читать далее »Қару иелері қатаң тексерістен өтуде
Жетісай ауданында өтіп жатқан «Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасына полицейлер мен қоғамдық құрылым өкілі жұмылдырылды. Шара барысында полицейлер тұрғын үйлерді аралап, профилактикалық әңгімелер жүргізді. Атап айтқанда полиция есебінде тұрған азаматтардың тұрғылықты мекенжайы бойынша тексеріп, 47 шетелдік азаматтың құжаттары қаралып, көші-қон заңнамасын бұзудың 15 дерегі анықталды. Аудан аумағында 765 қару иесін тексерістен өткізіп, түрлі құқық бұзушылықтар бойынша 178 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Полиция ...
Читать далее »ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН ТАРИФТЕР ӨСПЕЙДІ – ҮКІМЕТ
Жыл соңына дейін халық пен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өндірушілері үшін тарифтердің өсуі күтілмейді. Кеңес инфляцияны тежеуге арналды. Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин өңірлік тұрақтандыру қорларына жаңа өнімді жеткізуге келісімшарт жасау барысын және «Инвестицияға айырбасталған тариф» бағдарламасының іске асырылуын тыңдады. «Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитетінің төрағасы Тимур Қосымбаевтың айтуынша, биылға жоспарланған коммуналдық тарифтердің барлық көтерілуі ...
Читать далее »Түркістанда «Қолөнершілер қалашығы» кешені ашылады
Түркістан қаласында кезекті нысанның құрылысы аяқталуға жақын. Қыркүйек айында қолданысқа берілетін «Қолөнершілер қалашығы» кешенінің жалпы аумағы — 2,3 гектар. Туристік және мәдени бағыттағы бұл кешен 8 негізгі функционалды бөліктен тұрады. Онда 20 шеберхана, 2 шоурум, көрме залы, мейрамхана, қонақүй және өзге де қажетті инфрақұрылымдар қарастырылған. Сонымен қатар, өңірлік ерекшеліктер мен тұтынушылар сұранысына орай арнайы брендтік каталог әзірленіп, соның негізінде ұлттық ...
Читать далее »Астанада волонтерлік қызметті ұйымдастырушыларға арналған «Бес кілт» атты интенсив өтті
2025 жылдың 11 қыркүйегінде Астана қаласында волонтерлік қызметті ұйымдастырушыларға арналған «Бес кілт» атты оқыту интенсиві өтті. Іс-шара 2025 жылға арналған Қазақстан мен Ресей арасындағы гуманитарлық ынтымақтастықты дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспары аясында ұйымдастырылып, екі елдің волонтерлік ұйымдары өкілдерінің кәсіби тәжірибе алмасуына және серіктестік байланыстарын кеңейтуге арналған маңызды алаңға айналды. Интенсивке Астана қаласындағы волонтерлік бірлестіктердің үйлестірушілері мен көшбасшылары, үкіметтік емес ұйымдар мен ...
Читать далее »«Түнгі кітапхана» жобасы аясында Ұлы Абайдың 180 жылдығына арналған поэтикалық кеш өтті
Шымкентте «Түнгі кітапхана» жобасы аясында қазақтың ұлы ақыны, ойшыл Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына арналған «Желсіз түнде жарық ай…» атты поэтикалық кеш ұйымдастырылды. Шараны Шымкент қаласы әкімдігінің қолдауымен Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасы өткізді. Аталған жобаның негізі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жастарды кітап оқуға ынталандыру мақсатында түнгі кітапхана жұмысын жолға қою туралы бастамасымен қаланды. Алғаш рет Алматыда іске қосылған бұл ...
Читать далее »Ата-ана құқығы шектеліп, алимент өндірілді
Шымкент қаласының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты талап қоюшы «Қиын өмірлік жағдайдағы балаларды қолдау орталығы» КММ-нің жауапкер Г.-ға қатысты ата-ана құқығын шектеу және алимент өндіру туралы талап қою бойынша азаматтық ісін қарады. Талап қоюшы өз талабында жауапкердің кәмелетке толмаған ұлы Г.-ның мектеп әкімшілігінің шағымдарына сәйкес, дәлелді себептерсіз жүйелі түрде сабақтарды қалдырып, оқу орнының ішкі тәртібіне бағынбағанын, сондықтан осы ...
Читать далее »Түркістанда «VOICE BEYOND HORIZON» халықаралық музыкалық шоуының түсірілімі басталды
Түркістан қаласында «VOICE BEYOND HORIZON» халықаралық музыкалық шоуының түсірілімі басталды. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, еліміздің мақтанышы Димаш Құдайберген атқарушы продюсерлік ететін жоба Қытайдың «Hunan Broadcasting System» телеарнасымен бірлесіп жүзеге асырылуда. Халықаралық байқауға Қазақстан, Қытай, Қырғыз Республикасы, Италия, Малайзия және Сербия мемлекеттерінің өнерпаздары қатысып жатыр. Қатысушылар түсірілім барысында өңірдің мәдени-тарихи және туристік нысандарында өнер көрсетеді. Атап айтқанда, түсірілім жұмыстары Қ.А.Ясауи кесенесі ...
Читать далее »
Ел тұмар Ақпараттық портал
