Бүгін Ислам әлемінің білім, ғылым және мәдениет ұйымы (ISESCO) Бас директоры, доктор Салем бин Мохаммед Әл-Малик Шымкент қаласындағы республикалық маңызы бар тарихи-мәдени мұра нысандары — Ибрагим ата және Қарашаш ана кесенелерін, сондай-ақ «Шымқала» тарихи-мәдени кешенін аралады. Сапар барысында аталған нысандарды Ислам әлемінің мәдени мұралар тізіміне енгізу мәселесі қарастырылды. Бұл қадам Шымкент қаласының мәдени құндылықтарын халықаралық деңгейде танытуға және қорғауға ...
Читать далее »Месячные архивы: Сентябрь 2025
ШЫМКЕНТ: ҚАЛАЛЫҚ МАРШРУТТАРҒА 30 ЖАҢА АВТОБУС ҚОСЫЛАДЫ
Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков қоғамдық көлік паркінде болып, күні ертең №146 және №150 маршруттарға шығатын 30 жаңа автобусты қарап шықты. Қарағандыдағы «Qaz Tehna» ЖШС зауытында өндірілген «Yutong» маркалы заманауи автобустар халықаралық стандарттарға сәйкес келеді және әрқайсысы 85 жолаушыға арналған. Айта кетейік, жолаушылар тасымалын Шымкент нарығында жұмыс істей бастаған «Bozjorga Bus» ЖШС жаңа көлік компаниясы жүзеге асырады. Жаңа операторлардың ...
Читать далее »Түркістан облысының спортшысы жаңа рекорд орнатты
Арыс қаласының спортшысы Азамат Мақұлбеков Алматы қаласындағы «Медеу» мұз айдынының 842 баспалдаққа 100 келілік өгіз мүсінді 34 минут 28 секундта көтеріп шықты. Нәтижесінде ол Қазақстан «Кинэстер» кітабына ресми түрде тіркелді. Шараға облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ғалымжан Худияров, Қазақстан рекордтар кітабының ресми өкілі Бақытжан Тастүлеков арнайы қатысып, спортшыны жетістігімен құттықтады. Спортшы Азамат Нұрғалиұлы 1986 жылы дүниеге келген. Ол ...
Читать далее »«Архив және болашақ ұрпақ» жобасы аясында ашық есік күні өтті
Қазақстан Республикасының Ұлттық архиві «Архив және болашақ ұрпақ» республикалық жобасы аясында ашық есік күнін өткізді. Іс-шараның мақсаты – қазақ халқының төл тарихы мен тұлғаларға қатысты құнды құжаттарды ұрпақ санасында жаңғырту, ұлттық тарих пен мәдениетке деген қызығушылықты арттыру және жастардың патриоттық сезімін ояту. Іс-шараға ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің өкілдері, қоғам және мемлекет қайраткерлері, зиялы қауым және студенттер мен оқушылар қатысты. ...
Читать далее »Қазақстан мен Мысыр дін саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда
Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIII съезі аясында Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Мысыр Араб Республикасының Уақыптар министрі Усама әл-Азхаримен кездесті. Тараптар Қазақстан мен Мысыр арасындағы тарихи әрі рухани байланыстарға негізделген және 1992 жылдан дипломатиялық қатынастар орнағаннан бастап белсенді дамып жатқан достық қарым-қатынастардың жоғары деңгейін атап өтті. Министрдің айтуынша, Мысыр елі араб-мұсылман әлемінің рухани және мәдени орталықтарының ...
Читать далее »Жаңа тәрбие моделі: «Адал азамат» елдегі барлық мектептерде енгізілді
Жаңа оқу жылынан бастап еліміздегі барлық білім беру ұйымдарында, соның ішінде жекеменшік мектептерде де тәрбие жұмысы «Адал азамат» атты біртұтас бағдарлама негізінде жүргізіледі. Бұл – бұрын жүзеге асырылған «Біртұтас тәрбие» тұжырымдамасының жалғасы, бірақ мазмұны жаңартылып, Мемлекет басшысының «Адал азамат – адал еңбек – адал табыс» идеологиялық қағидасымен үндестірілген. Бағдарламаның басты мақсаты – адал, еңбекқор, елжанды азаматтар тәрбиелеу. Тәрбие жүйесі жалпыұлттық ...
Читать далее »30-ға жуық элктрсамокат айыптұраққа қойылды
Республикалық “Қауіпсіз жол” жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Түркістан қаласында көшеде қалдырылған 30-ға жуық электросамокат айыптұраққа жеткізілді. Полицейлердің айтуынша, пайдаланушылар ретсіз тастап кеткен самокаттар көлік қозғалысына және жаяу жүргіншілерге кедергі келтіріп жатқаны туралы тұрғындар жиі шағымдануда. Жол оқиғаларының алдын алу мақсатында тәртіп сақшылары тұрақты түрде рейдтер жүргізіп, электросамокаттарды пайдаланудағы ереже бұзу жайттарын анықтауда. Тәртіп сақшылары жол қозғалысы қатысушыларының қауіпсіздігі басты назарда екенін ...
Читать далее »Париждегі ЮНЕСКО штаб-пәтерінде қазақ дәстүрлі музыкасының концерті өтеді
2025 жылғы 24 қыркүйек күні Париж қаласындағы ЮНЕСКО штаб-пәтерінде қазақтың әйгілі күйші, композиторы, дирижер Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына арналған «Ғасыр әуендері: Тілендиевке тағзым» атты мерекелік концерт өтеді. 2023 жылдың қараша айында ЮНЕСКО-ның Бас конференциясы бұл датаны 2024–2025 жылдары ұйымның қатысуымен аталып өтетін мерейтойлар тізіміне ресми түрде енгізді. Бұл шешім оның өз халқына ғана емес, бүкіл адамзат мәдениетіне қосқан зор үлесін ...
Читать далее »ШАҢЫРАҚ АСТЫНДАҒЫ БЕРЕКЕ: ӨНЕГЕЛІ ОТБАСЫЛАР МАРАПАТТАЛДЫ
Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдық мерейтойы аясында қаладағы «Достық үйінде» «Отбасы күні» мерекесіне арналған салтанатты іс-шара ұйымдастырылып, өнегелі әулеттер марапатталды. Мерекелік жиынның ашылу салтанатында қалалық ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Гүлжан Сүгірбаева, Ассамблея хатшылығының меңгерушісі Айгүл Әмзеева қатысты. – Отбасы – мемлекет пен қоғамның ең басты тірегі. Әр шаңырақта ұлттық дәстүр сақталып, бауырмалдық пен сыйластық орнықса, еліміздегі бірлік пен ...
Читать далее »ҚР Ұлттық кітапханасында халықаралық сарапшылар балалар әдебиеті тақырыбында талқылау өткізді
ҚР Ұлттық кітапханасында халықаралық сарапшылардың қатысуымен балалар әдебиеті саласындағы инновацияларға арналған «Әлем оқырмандарына арналған балалар әдебиеті» атты халықаралық талқылау ұйымдастырылды. Іс-шараны балалар әдебиеті мен білім беру саласында жұмыс істейтін «Nomad Culture Foundation» қоры кітапханамен бірлесе ұйымдастырды. Жиынның негізгі мақсаты – балаларға арналған кітаптар мен білім беру технологиялары саласындағы халықаралық сарапшыларды Орталық Азияның баспагерлерімен, авторларымен, иллюстраторларымен және педагогтарымен тәжірибе алмасуға тарту. ...
Читать далее »
Ел тұмар Ақпараттық портал
