Жарияланды: 15.03.2021

Шымкенттік педиатр жылына 6000-ға жуық балаға медициналық көмек көрсетеді

 
Әлемдегі ең маңызды да мерейлі мамандықтардың бірі — дәрігер. Ақ халатты абзал жан деген теңеу де осының айғағы. Сырқаттанып, ауырғанда да жаныңыздан табылатын – осы мейірбан адамдар. Шымкенттік балалар дәрігері Елена Хан саналы ғұмырын медицина саласына арнады.
Қаладағы №8 емханада қызмет ететін Елена Ханды білмейтін шымкенттіктер кемде кем. Әйел болса да, адам өміріне араша түсу кезіндегі кейбір қиын сәттерде ерлерден кем түскен жері жоқ. Ол жылына 6000 балаға медициналық көмек көрсетеді. Ақ халатты абзал жан тұрғындарға да кеңес беруден жалықпайды.
Елена дәрігердің 30 жылдан бері медицина саласында еселі еңбек етіп келе жатқан қызметі елеусіз қалған жоқ. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің, облыстық, қалалық денсаулық сақтау басқармасының, кәсіподақ ұйымының алғыс хаттарымен марапатталған.
Бүгінде педиатр дәрігер талай жанның өміріне араша түсіп, ерлікке пара-пар қызмет атқарып жүр.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
2 966 қаралым