Месячные архивы: Март 2023

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕГІ КОМИССИЯСЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Төлеби ауданы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында аудан әкімі Төлеген Телғараевтың төрағалығымен аудан әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссиясының кезекті отырысы өтті. Мәжілістің күн тәртібіне сәйкес, жиында Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру іс-шаралар жоспарының орындалуы бойынша мемлекеттік мекемелер есептері тыңдалды. Комиссия отырысында жиын тақырыбына орай, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы — Ж.Абдиев, ...

Читать далее »

Жиын құқық бұзушылық профилактикасына арналды

Аудан әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының кезекті отырысы өтті. Мәжіліске аудан әкімі, аудан әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия төрағасы Төлеген Телғараев төрағалық етті. Жиынның күн тәртібінде көрсетілгендей, ауданның құқық бұзушылық пен қылмыстылықтың статистикалық мәліметіне байланысты ұрлық, бөтеннің мүлкін ұрлаудың, алаяқтылықтың, профилактикасына бағытталған іс-шараларды іске асыру, оларды шешу жолдары тақырыбы бойынша аудандық полиция бөлімінің жергілікті ...

Читать далее »

ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙДА ИГЕРІЛМЕЙ ЖАТҚАН ЖЕРЛЕРДІ МЕМЛЕКЕТКЕ ҚАЙТАРУ ЖҰМЫСТАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

Жетісай ауданының әкімі Серік Үсенұлының төрағалығымен мәжіліс өтті. Күн тәртібінде аудандағы игерілмей жатқан жерлерді игеру, қала, кент, ауылдық округтердегі заңсыз құрылыстарды жою, цифрландыру мен мемлекеттік қызмет көрсету бағытында атқарылып жатқан жұмыстардың барысы бойынша жауапты сала мамандарының есебі тыңдалып, ұсыныс-пікірлер талқыланды. Жетісай ауданының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімінің жер қатынастары секторы тарапынан арнайы жұмысшы тобы құрылып, ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік мақсатындағы ...

Читать далее »

ТӨЛЕБИДЕ ЖАҢА МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Түркістан облысы, Төлеби ауданындағы Ұйымшыл шағын жинақты жалпы орта мектебінің оқушылары ІV тоқсанның алғашқы күнінен бастап, екі қабатты жаңа ғимаратта білім ала бастады. Осыған байланысты Төлеби аудандық білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Бекайдар Тойлыбаев аталмыш мектептің жаңа ғимаратына барып, ұстаздар мен оқушылардың қуанышына ортақтасты. Ол 200 орындық жаңа білім ордасын аралап, оқушылар мен мектеп ұстаздарымен тілдесті. Жалпы, Ұйымшыл шағын жинақты ...

Читать далее »

БОЗАРЫҚ ШАҒЫНАУДАНЫНДА 183 КӨПҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙ САЛЫНАДЫ

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Бозарық шағынауданында болып, елдімекеннің даму жоспарына сәйкес атқарылып жатқан жұмыстарды тексерді. Қаланың егжей-тегжейлі жобалау жоспарында шағынауданнан 183 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы қаралған. Олардың 65-і мемлекеттік бюджет есебінен салынады. Қазір шағынауданда 16 тұрғын үй бой көтерген, бұл нысандар жыл соңына дейін пайдалануға беріледі. Қалған 49 үйдің құрылысы келесі жылы басталады. Сонымен қатар шағынауданда алдағы уақытта ...

Читать далее »

ҚАЛА ӘКІМІ ШАҒЫНАУДАНДАРДЫ САПАЛЫ ИНФРАҚҰРЫЛЫММЕН ҚАМТУДЫ ТАПСЫРДЫ

Бүгін қала әкімі Мұрат Әйтенов Нұртас, Асар-2 шағынаудандарын инфрақұрылыммен қамту жұмыстарын тексерді. Қазір 18 мыңға жуық халқы бар Нұртас елдімекенінде кәріз жүйесін тарту жұмыстары қарқынды жүргізілуде. 62,6 шақырымды алып жатқан кәріз жүйесінің құрылысы 2024 жылы толық аяқталады. Құрылыс барысын қадағалаған қала әкімі энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысына жергілікті әкімдікпен бірлесе абоненттеу жұмыстары бастауды тапсырды. Асар-2 шағынауданында бұл бағыттағы жұмыстар ...

Читать далее »

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 80 МЫҢ ГЕКТАРҒА ЖУЫҚ АЛҚАПҚА ШЕГІРТКЕГЕ ҚАРСЫ ХИМИЯЛЫҚ ӨҢДЕУ ЖҮРГІЗІЛЕДІ

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Түркістан облыстық аумақтық инспекциясының басшысы Ибрагим Бегасилов мәлімдеді. Оның сөзінше, биыл облыс көлемінде үйірлі марокко шегірткесіне қарсы 67 290 га және азиялық шегірткеге қарсы 11 500 га алқапта химиялық өңдеу жұмыстары жүргізіледі. – 2023 жылы облыс аумағында қолайлы фитосанитариялық ахуалды қамтамасыз ету үшін штабтар ...

Читать далее »

ЕРЛАН ҚОШАНОВ ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ БОЛЫП ҚАЙТА САЙЛАНДЫ

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілістің төрағасы лауазымына Ерлан Қошанов сайланды. Атап айтқанда, ҚР Конституциясы 58-бабының 1-тармағына сәйкес, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы мемлекеттік тілді еркін меңгерген депутаттар арасынан Палата депутаттары жалпы санының көпшілік даусымен жасырын дауыс беру арқылы сайланады. Ерлан Қошановтың кандидатурасын Мәжіліс депутаты Бақтықожа Ізмұхамбетов ұсынды. Дауыс беру нәтижесі бойынша палата депутаттары ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы қызметіне Ерлан Жақанұлы Қошановты бірауыздан ...

Читать далее »

ТҮРКІСТАН: ТЕРРОРИЗМГЕ ҚАРСЫ КОМИССИЯНЫҢ КЕЗЕКТІ ЖИЫНЫ ӨТТІ

Түркістан облысы әкімінің кеңесшісі — терроризмге қарсы комиссия аппаратының жетекшісі Абулхаиров Илхамның төрағалығымен кезекті мәжіліс өткізілді. Жиынға облыс әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев, ҚР ҰҚК Түркістан облысы бойынша департаментінен өкіл ретінде Қанат Амангельдиев, облыстық терроризмге қарсы комиссия аппаратының мүшелері және қала, аудан әкімдерінің жауапты орынбасарлары, құзырлы мекемелердің өкілдері қатысты.   Күн тәртібінде 3 мәселе қаралды. Атап айтқанда, тиісті аудан, қала әкімдерінің ...

Читать далее »

29 НАУРЫЗДА ЖАҢА САЙЛАНҒАН ПАРЛАМЕНТ МӘЖІЛІСІНІҢ АЛҒАШҚЫ СЕССИЯСЫ ӨТЕДІ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сегізінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламентінің бірінші сессиясын шақыру туралы Жарлыққа қол қойды. «Қазақстан Республикасы Конституциясының 59-бабының 2-тармағына сәйкес: 1. Сегізінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламентінің бірінші сессиясы 2023 жылғы 29 наурызда сағат 10-да Астана қаласында шақырылсын. 2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі», делінген қаулы мәтінінде.

Читать далее »