Месячные архивы: Март 2021

ШЫМКЕНТ ӘКІМІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ СИНГАПУРДАҒЫ ЕЛШІСІМЕН ОНЛАЙН КЕЗДЕСТІ

  Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Қазақстан Республикасының Сингапур, Аустралия одағы және Жаңа Зеландиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Аркен Арыстановпен және сингапурлық кәсіпкерлермен онлайн форматта кездесті. Кездесуде тараптар екі жақ ынтымақтастық, инвестиция мәселесін қозғап, Шымкент қаласын одан әрі дамытудың жолдарын талқылады. Қала әкімі Шымкенттің республикалық маңыздағы қала мәртебесін алуы экономика секторына инвестициялық ағымның түсуіне қосымша серпін бергенін айтып өтті. — ...

Читать далее »

Түркістанның ең үлкен кітапханасы ашылады

Түркістан қаласындағы облыстық ғылыми — әмбебап кітапханасы есігін айқара ашуға дайын. 400 орындық оқу залы бар, заманауи технологиялармен жабдықталған білім ошағында 250 мыңнан астам оқулық қоры жинақталып, үнемі жаңартылып тұрады. Шаһардағы құрылыс алаңдарын аралаған облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев жауапты басшыларға құрылысты ширатуды тапсырды. Өңір басшысы әуежай аумағындағы көгалдандыру барысымен танысты. Сонымен қатар Өмірзақ Шөкеев мәдени — рухани орталықтағы жаңа құрылыс ...

Читать далее »

Түркістан әуежайынан алғашқы халықаралық рейс ашылды

Наурыз мейрамы қарсаңында еліміздің рухани астанасы Түркістан қаласынан Ыстамбұлға алғашқы халықаралық тұрақты рейсі ашылды. Алғашқы халықаралық рейсті Fly Arystan әуе компаниясы орындады. Енді Түркістан және Ыстамбұл қалалары арасында аптасына екі рейспен, жұма және жексенбі күндері әуе кемесі тұрақты түрде ұшып отырады. Салтанатты шараға облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов қатысып, жолаушылар сәттілік тіледі. «Жаңа әуе бағыты Түркия мен Қазақстанның арасындағы халықаралық ...

Читать далее »

«Тараз-Қайнар» ақылы учаскесінде 11 жылы дәретхана орнатылады

  2021 жылғы 12 наурызда абаттандырылған санитарлық тораптармен сервистің 11 павильонын орнату бойынша келісімге қол қойылды. Шағын және орта бизнесті қолдау шаралары аясында демалыс алаңдарында «Feanor» ЖШС және «СӘТНҰР» ЖК жеке инвесторларының есебінен жол бойындағы қызметтерді ұсына отырып, сервистің заманауи модульдік павильондары орнатылады. Бүгінгі таңда ақылы және жоспарланған ақылы автомобиль учаскелерінің бойында 310 бос демалыс алаңы бар, осы орындарға «ҚазАвтоЖол» ...

Читать далее »

ТҮРКИЯДАҒЫ ҚАУІПСІЗ ТУРИЗМ

Түркияда туризм саласына қатысы бар барлық қызметкерге COVID-19 вирусына қарсы екпе егу шарасы басталды. Аталған науқанға «Қауіпсіз туризмді сертификаттау» бағдарламасы шеңберінде Түркия Мәдениет және туризм министрлігі, Түркия Денсаулық сақтау министрлігі мен Түркия Туризмді жетілдіру және дамыту агенттігі (TGA) жауапты. Басты мақсат – алдағы туризм маусымында туризм саласында қымет көрсететін мамандар мен олардың туғандарын, туристер көп шоғырланатын аймақтардағы тұрғындардың денсаулығы мен ...

Читать далее »

СТАМБҰЛДАҒЫ “АТЛАС” КИНОТЕАТРЫ МЕН КИНЕМАТОГРАФ МУЗЕЙІ

Стамбұлдағы Истиклял даңғылына орналасқан «Атлас» тарихи кинотеатры 2019-2020 жж. аралығында қайта жөндеуден өткеннен кейін көрерменге есігін ашты. Ашылу салтанатына Түркия Республикасының президенті Реджеп Тайип Ердоғанмен бірге ілемге танымал режиссер Гай Ричи,актерлар Джейсон Стетхэм, Джош Гарнетт, Джеки Эйнсли, қазір Гай Ричи Антальяда түсіріп жатқан «Бес көз» жаңа фильміне түсіп жатқан актерлар мен актрисалар қатысты. Іргетасы 1948 жылы қаланған кинотеатрда 483 орын, ...

Читать далее »

Шымкенттік педиатр жылына 6000-ға жуық балаға медициналық көмек көрсетеді

  Әлемдегі ең маңызды да мерейлі мамандықтардың бірі — дәрігер. Ақ халатты абзал жан деген теңеу де осының айғағы. Сырқаттанып, ауырғанда да жаныңыздан табылатын – осы мейірбан адамдар. Шымкенттік балалар дәрігері Елена Хан саналы ғұмырын медицина саласына арнады. Қаладағы №8 емханада қызмет ететін Елена Ханды білмейтін шымкенттіктер кемде кем. Әйел болса да, адам өміріне араша түсу кезіндегі кейбір қиын сәттерде ...

Читать далее »

Шымкентте жаңа спорт кешені ашылды

Шымшаһарда халықаралық талаптарға сай спорт кешені пайдалануға берілді. Нысанда ірі спорттық іс-шараларды, тіпті әлем чемпионаттарын ұйымдастыру үшін барлық қажетті инфрақұрылымдар қарастырылған. Қазығұрт шағынауданындағы ату аймағында орналасқан финалдық ойындар өтетін алаң Азия өңіріндегі ең ірі атыс объектілерінің біріне айналмақ. Ендігі жерде үшінші мегаполистегі жастар спорт ойындарының оқ ату спорт түрінен финалдық жарыстарын жаңа кешенде өткізу мүмкіндігіне ие болды. Мұнда алдағы уақытта ...

Читать далее »

Шымкенттегі №1 қалалық емханада Ковидке қарсы вакцинация басталды

Вакцинация 2021 жылдың 5 наурызынан бастап емханаға тіркелген халыққа, оның ішінде медициналық қызметкерлерге, мұғалімдерге, құқық қорғау мекемелерінің қызметкерлеріне санылуда. Бұл үшін |- компонентті ГАМ КОВИД ВАК вакцинасы қолданылуда. Емханада тәулігіне 40-50 адам вакцинациядан өтуде. Вакцина қабылдағандар үш күн учаскелік дәрігердің бақылауында болады. Вакцинация қабылдаған азаматтардың жағдайы жақсы.

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ «АДАМГЕРШІЛІК ІЛІМІ ЖӘНЕ ХАКІМ АБАЙ» КІТАБЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ

  Шымкенттегі «Хакім Абай» музейінде белгілі абайтанушы, М.Әуезов атындағы ОҚУ-ң «Абайтану» ғылыми-зерттеу орталығының аға ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының кандидаты Мақсат Әліпханның «Адамгершілік ілімі және Хакім Абай» атты кітабының тұсаукесері өтті. Кітапта адамзат танымының тарихында қызу талқыланған адамгершілік ұғымының мән-мазмұны мен төркін-тегі Аристотель, Плотин, Әл-Фараби, Ибн-Сина еңбектері негізінде жүйеленіп, айқындалған. Адамгершіліктің ең қайырымдылық пен жан саулығы, ең берісі игілік пен бақыт ...

Читать далее »