Месячные архивы: Ноябрь 2022

1 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды

    Түркістан қаласында 31 жастағы ер кісі түнгі уақытта масаң күйде бөтен адамның тұрғын үйіне есіктен кіріп, иесінің үйден шығуды талап етуіне құлақ аспай, онымен төбелесіп, денсаулығына орта дәрежелі зиян келтірген. Аталған факті бойынша Түркістан қаласының полиция басқармасы ҚР Қылмыстық кодексінің 149-бабының 2-бөлігімен (түнгі уақытта тұрғынжайға онда тұратын адамның еркiнен тыс күш қолданып заңсыз басып кiру) сотқа дейінгі тергеп-тексеру ...

Читать далее »

«Ордабасы қауіпсіз аудан» бағдарламасы іске асырылуда

«Ордабасы қауіпсіз аудан» бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралары аясында бүгін Жеңіс ауылдық округіндегі Ө.Тұрманжанов, Бөген ауылдық округіндегі Б.Кенжебаев», Қарақұм ауылдық округіндегі Қарақұм атындағы жалпы орта мектептерінің 9-11 сынып оқушыларымен кездесу өткізілді. Кездесуге 100-ге жуық оқушы қатысты. Аталмыш жиынды Түркістан облысына қарасты Ордабасы ауданының прокуратурасы ұйымдастырды. Кездесу барысында аудан прокуроры К.Нәрікбаев бала құқығын сақтау, құқық бұзушылық профилактикасы мен қылмыстың алдын алу ...

Читать далее »

Әдепті болу – міндетің…

  Әдеп нормаларын сақтау мемлекеттік қызмет жүйесінде ерекше орын алады. Осыған орай Түркістан облысының Әділет департаменті басшысының орынбасары Балжан Алипбектің төрайымдылығымен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің тапсырмасына сәйкес мемлекеттік қызметші адал, әділ, қарапайым болуы, жалпы қабылданған моральдық- этикалық нормаларды сақтауы, азаматтармен және әріптестерімен қарым- қатынаста сыпайылық пен әдептілік танытуы, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және болдырмау, құмар ойындарға қарсы теріс пікір қалыптастыру ...

Читать далее »

Баспасөз қызметтерінің жұмыстары қорытындыланды

    Қарулы күштердің Ұлттық әскери-патриоттық орталығында Әскери журналист күніне орай оқу-әдістемелік жиын өтті. Гарнизондар баспасөз қызметтерінің басшылары мен мамандарын, Қарулы күштер түрлерінің және әскери оқу орындарының баспасөз хатшыларын Қорғаныс министрінің орынбасары Сұлтан Камалетдинов кәсіби мерекемен құттықтап, қоғамның, нақтырақ айтқанда Қарулы күштер туралы көзқарастың қалыптасуындағы бұқаралық ақпарат құралдарының рөлін атап өтті. Аталмыш жиынға Түркістан облысындағы әскери бөлімдерде қызмет етіп жүрген ...

Читать далее »

«Білімділік – қорғаның» атты интеллектуалды ойыны өткізілді

  Қоғамдағы тәртіпті күзетушілер бұл қызметтерінен бөлек әрдайым өздерінің білімдерін жетілдіріп отыруы керек. Қазір ол үшін мүмкіндік көп. Ал полицейлердің білім дәрежелері  интеллектуалды ойындарда сыналары анық. Жуырда Түркістан облысына қарасты Кентау қалалық полиция бөлімінің ұйымдастыруымен «Білімділік – қорғаның» атты интеллектуалды ойыны өткізілді. Сайыста полиция қызметкерлері арасынан құрылған топтар бақ сынады. Интеллектуалды ойынның негізі құқық қорғау қызметкерлерінің білімділіктерін өзге де бағыттарда ...

Читать далее »

7 адамнан тұратын 3 қылмыстық топ құрықталды

  Қоғамда көп орын алатын қылмыстың бір түрі – ұрлық болса, бүгінгі мақаламызда автокөлік ұрлығы бойынша айтып өтпекпіз. Көлік ұрлығы қылмыстарының алдын алу мақсатында, Түркістан облысы ПД-нің полиция қызметкерлері жүйелі жұмыс жүргізіп келеді. Яғни автокөлік пен олардың иелерін, оның ішінде көрші мемлекеттер мен шекара маңындағы аудандарда тексеру бойынша мобильді бекеттер құрылған. Тәртіп сақшылары айдап әкетілген автокөлікті және ұрланған қосалқы бөлшектерді ...

Читать далее »

Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы семинар өтті

Түркістан облысына қарасты Арыс ауданы ПБ қызметкерлерінің ұйымдастыруымен ауқымды семинар-тренинг өткізілді. Шараға аудан бойынша Адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты білім беру мекемелеріндегі педагогтар мен кіші қызметкерлер қатысты. Бұл шарада әйелдер мен балаларды қорғау, зорлық-зомбылыққа жол бермеу мәселесі жан-жақты қаралды. Баршаңызға белгілі, бүгінде елімізде отбасы ішіндегі зорлық-зомбылыққа қарсы іс-әрекет ең маңызды мәселелердің бірі. Осы ретте бұл кездесуде отбасындағы әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық, ...

Читать далее »

Арнайы әзірленген жадынамалар таратылды

Заман ағымына қарай алаяқтық қылмысы сан түрленіп, мың құбылып тұр. Бүгінде нарық пен маркетингтің әліпбиін мықты меңгеріп алғандар «аңқау елге арамза молданың» кебін киіп жүр. Алаяқтықтың көбейгенін айтып, алдын алу жұмыстары жүргізіліп, түсіндіріп жатса да қақпанға түсіп қалатындардың қатары азаймай тұр. Қоғамда табыс табудың түрлі жолдарымен қоса, алаяқтық жүйелердің бірқатар әдіс-тәсілдері шығып жатыр. Қазақстанда қаржы пирамидасын жарнамалау қылмыс деп танылып, пирамида құрғандар үшін жауапкершілік күшейтілді.  Соңғы бірер жылда қаржы пирамидасының құрығына түскен қазақстандықтардың қатары күрт ...

Читать далее »

Қарсы бағытқа шығып, апаттық жағдай туғызған жүргізуші жауапқа тартылды

  Түркістан облысының полицейлері жол-көлік оқиғаларының алдын алу мен болдырмау мақсатында, рейдтік-профилактикалық жұмыстарды үнемі жүргізіп отырады. Оның ішінде әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу, полицейлердің күн тәртібінен түскен емес. Осы бағытта жүргізілген кезекті қызмет барысында, «Телеграмм» арнасынан Сарыағаш ауданы «DAEWOO NEXIA» маркалы автокөлігінің жолдың қақ ортасында қарсы қозғалыс жолағына шығып, өзге көліктерге кедергі келтіріп бара жатқан бейнежазбасын анықтады. Орын алған құқық бұзушылықты ...

Читать далее »

Құны 3 миллион теңге тұратын ұсақ малдарын тауып берді

Түркістан облысына қарасты Келес аудандық полиция бөліміне Бозай ауылының тұрғыны шағымданып, жайылымда жүрген 57 бас қойын таппай қалғандығын хабарлаған. Құны 3 миллион теңге тұратын ұсақ малдарын өзі іздеп таба алмаған тұрғын, келесі күні полицейлерден көмек сұраған. Полиция қызметкерлері аталған хабарлама бойынша жедел іздеуге кірісті. Тәртіп сақшыларымен жедел-іздестіру кезінде, куәлардан жауап алынып, жақын аумақтар мұқият қаралды. Егістік алқаптары, тау-тас, қыр толық ...

Читать далее »