2019 жылы 8 қызмет түрі services.atameken.kz порталында онлайн режимде халыққа қолжетімді болса, оның ішінде 4 қызмет түрі оффлайн режимде іске асырылған. Бұл туралы қалалық кәсіпкерлер палатасының директоры Н.Қабыштаев баспасөз брифингінде мәлімдеді. 2019 жылы 2191 шағын және орта кәсіпкерлік нысандарына 2499 қызмет көрсетіліп (жоспарлық көрсеткіш 156,6%-ға орындалды), жалпы сомасы 702,3 млн. теңгеге 148 жоба жүзеге асырылды. Нәтижесінде 643 жаңа жұмыс ...
Читать далее »Месячные архивы: Январь 2020
Түркістан облысында үшем дүниеге келді
Түркістан облысында биылғы жылдың алғашқы үшемі дүниеге келді. Сарыағаш ауданының тұрғыны, студент Жанар Анарбаева он сегіз жасында үш баланың анасы атанды. Былтыр ғана ақ босаға аттап келін атанған жас келіншек Адина, Медина, Үсен есімді екі қыз және бір ұл баланы дүниеге әкеліп отыр. Облыстық №1-ші перинаталды орталықта ай күніне жетпей туылған үш ағайынды сәбидің жағдайы қазір жақсы. Жанар перзентхананың ...
Читать далее »Өмірзақ Шөкеев Сайрам ауданындағы ет саудасын ретке келтіруді тапсырды
Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев Сайрам ауданындағы шаһар шырайын қашырған сұрықсыз сауда орындары мен олардың салық төлеу тәртібін ретке келтіруді тапсырды. Әсіресе ет саудасымен айналысатын ірі саудагерлердің салықтан жалтарып не салықтың жеңілтетілген түрімен құтылып жүргендерін анықтап, тиісті шара көруді міндеттеді. Сайрам ауданының әкімі Ұласбек Сәдібековтің өткен жылдың қорытындысы бойынша есебін тыңдаған аймақ басшысы бұл мәселеге қатысты жауапты сала жетекшілеріне нақты міндеттер ...
Читать далее »Шымкент әкімі американдық инвестормен кездесті
Кеше Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Америка Құрама Штатының «Valmont» компаниясының вице-президенті Гиллен Роберт бастаған бір топ делегатпен кездесті. Кездесуде америкалық компания Қазақстанда жаңбырлатқыш қондырғылар зауытын салуға ниетті екенін айтып, инвестициялық жоба туралы таныстырып өтті. Ауыл шаруашылығы өндірісіне заманауи технологияны енгізудің маңызын ерекше атап өткен қала басшысы Қазақстанның үшінші мегаполисі елдің жетекші өндірістік және экономикалық орталықтарының бірі саналатынын айтты. ...
Читать далее »Әкім «өгіз де өлмейтін, арба да сынбайтын» амал табу керектігін айтты
Сайрам ауданы Қарасу ауылдық округінде өткен аудан әкімінің есеп беру жиынында тұрғындар жер беру кезегінің жылжымай қалғанын айтып қынжылды. Аудан әкімі Уласбек Садибеков жер беру мәселесі тек қарасулықтардың емес, бүгінгі таңда Сайрам ауданы бойынша өзекті мәселеге айналғанын атап өтті. – Қазір аудан бойынша тұрғын үй салу үшін жер алуға 17 мыңнан астам азамат өтініш білдірген. Алайда, бұл мақсатта үлестіре салуға ...
Читать далее »Түркістан өңірінде Әл Фараби туралы тарихи фильм түсірілуде
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз жолдауында «2020 жылы Әл-Фарабидің 1150 жылдық, Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойларын атап өтеміз. Мерейтой барысында ысырапшылдыққа жол бермей, ғұлама тұлғаларымыздың еңбектерін халық арасында дәріптеуіміз керек» деген болатын. Осыған орай Әбу Насыр әл-Фараби туралы тарихи 10 сериялы телехикаясын түсіру жұмыстары басталып та кетті. Жалпы Қазақстанда кино түсіріліп жатқан жерлер көп емес. Алматыдан соң біздің ...
Читать далее »Шымкентте таза былғарыдан аяқ киім тігіледі
“Қазақстанда жасалған” деген таңбамен сатылып жатқан аяқ киімдер былғары және қолтырауын терілерінен жасалған. «Заря» сауда белгісіндегі цехта ерлер, әйелдер және балаларға арналған қыстық, жаздық және спорттық секілді 27 түрлі аяқ киімнің қазіргі заманға лайық 180 модель түрін ұсынып отыр. Цех иесі шикізаттың басым көпшілігін Шымкенттегі қаракөл зауытынан және Алматы мен Семей қалаларынан алып отыр. Ал, «Заря» өнімдері Ресеймен қатар Түркістан ...
Читать далее »Шетелдіктер қызыққан шетелдік кілем
Шымкенттегі «Бал Текстиль» Қазақстандағы ең ірі кілем фабрикаларының бірі болып табылады. Кәсіпорын кілемдер мен кілемше бұйымдарын синтетикалық жартылай пропиленді жіптерден қазіргі заманғы Бельгияда жасалған «MICHEL VAN DE WIELE» құрылғысында тоқып шығарады. Барлық кілем бұйымдары жоғары сапа мен қолжетімді бағаға ие. «Бал Текстиль» фабрикасы шведтік ИКЕА компаниясымен келісімге келудің нәтижесінде соңғы жылдары экспорт көлемі 20-30 пайызға ұлғайды. Енді «Қазақстанда жасалған» белгісі ...
Читать далее »Жас кәсіпкер түрлі — түсті құрт жасау кәсібін дөңгелетіп отыр
Ауыл ішінде мал бағып, өнімдерін кәдеге асырып, ескі үрдісті ұстанған отбасылар бүгінде кемде кем. Өзі жас болса да осы үрдісті жаңғыртып, батыл қадамға барып отырған жас кәсіпкер Аскер Назерке бүгінде жұмыссыз жастарға үлгі. Бала кезінен әжесінен, анасынан ағарғаннан әртүрлі тағамдар жасауды үйренген Назерке заман талабына сай түрлі түсті құрт жасап, несібесін кәсібінен тауып отыр. Аудандық кәсіпкерлік палатасына жас кәсіпкер ретінде ...
Читать далее »Жексенбідегі жедел жиналыс
Қала әкімі М.Әйтеновтің бұл жолғы жиналысы әтеттегідей кабинетте емес автобуста өтті. Шаһар басшысы өз орынбасарлары мен басқарма басшыларын жинап автобуспен қаланы аралады. Аралау «Шымкент Сити» шағын ауданындағы мектеп құрылысының барысын көрумен басталды. Одан әрі Орталық ипподромдағы «Этноауыл» құрылысы жобасымен танысты. «Karlskrona LB AC» ЖШС-і Мұрат Дүйсенбекұлына атқарып жатқан жұмыстарын баяндады. Қала әкімі «Тассай» индустриалды аймағындағы «Asia Trafo» ЖШС-нің жұмысын өз ...
Читать далее »