Жарияланды: 28.01.2020

Шымкентте таза былғарыдан аяқ киім тігіледі

“Қазақстанда жасалған” деген таңбамен сатылып жатқан аяқ киімдер былғары және қолтырауын терілерінен жасалған.

«Заря» сауда белгісіндегі цехта ерлер, әйелдер және балаларға арналған қыстық, жаздық және спорттық секілді 27 түрлі аяқ киімнің қазіргі заманға лайық 180 модель түрін ұсынып отыр.

Цех иесі шикізаттың басым көпшілігін Шымкенттегі қаракөл зауытынан және Алматы мен Семей қалаларынан алып отыр.

Ал, «Заря» өнімдері Ресеймен қатар Түркістан облысы мен Жамбыл, Қызылорда облыстары және Алматы қаласындағы сауда нүтелеріне шығарылып келеді.

1 662 қаралым