Месячные архивы: Май 2024

Сарыағашта жыл басынан бері 105 науқасқа коронарография əдісімен ота жасалған

  Сарыағаш аудандық орталық ауруханасында жыл басынан бері 105 науқасқа коронарография əдісімен ота жасалған. Жоғары технологиялық операция кезінде дәрігерлер тіліксіз әдіспен науқастардың жүрек қан тамырларына стенд орнатып берген. Аудандық ауруханада жасалған оталардың барлығы сәтті өтті дейді дәрігерлер. Коронарография мамандандырылған операциясы ангиограф аппаратының көмегімен жасалады. Аталған аппарат 2023 жылы қаңтар айында ауруханаға орнатылған. Науқастарға бірінші этапта коронарография әдісімен жүректегі қан тамырларын ...

Читать далее »

САРЫАҒАШТА ЖАҢА АВТОМАТТАНДЫРЫЛҒАН ГАЗ ТАРАТУ СТАНЦИЯСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Сарыағаш ауданы, Дербісек ауылдық округінде автоматтандырылған «Тоболино» АГТС газ тарату станциясы іске қосылды. Енді аудандағы елді мекендерді газдандыру жұмысы жанданбақ. Аудан әкімі Арман Абдуллаев газ тарату станциясын іске қосу шарасына қатысты. Былтыр қараша айында магистральды газ құбырына үрлеу, қысымдау жұмыстары жүргізілген болатын. Ал дәнекерлеу жұмыстары биыл аяқталып, «Тоболино» АГТС-на «Интергаз» магистральды құбырынан табиғи газ жіберілді. Ендігі кезекте аталған АГТС-ке қарасты ...

Читать далее »

ЖЕТІСАЙ ҚАУЫНДАРЫ РЕСЕЙГЕ ЖӨНЕЛТІЛУДЕ

Жетісайлық шаруалар биылғы жылы 79,3 мың гектар суармалы жердің 40,8 мың гектарына мақта шитін сепсе, 20,1 мың гектар жерге бақша, 7,2 мың жерге дәндік жүгері, 3,3 мың га жерге көкөніс пен 6,3 мың гектар алқапқа жоңышқа дақылын ексе, қазіргі таңда күріш пен маш дақылдарын егу жұмыстары жүргізілуде. Бүгінде ауданда егілген қауын дақылдарының алғашқы өнімі пісіп те үлгерген. Жетісай ауданының тұрғыны ...

Читать далее »

ТҮРКІСТАН: «AL-FARABI» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ ОЙЫНЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

Түркістан облысында 4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне орай республикалық «AL-FARABI» интеллектуалды ойыны өз мәресіне жетті. Екі күнге созылған білімділер бәйгесінде «Эрудит» командасы жеңіске жетті.   Аталмыш интеллектуалды сайыстың финалдық кезеңіне Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Жастар және отбасы істері комитеті төрағасының орынбасары Біржан Әлімжанов қатысып, жеңімпаз атанған жастарды марапаттап, сәттілік тіледі. ...

Читать далее »

ТҮРКІСТАНДА БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАУ КҮНІНЕ ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ШАРАЛАР ӨТКІЗІЛЕДІ

Түркістан қаласында 1-маусым Халықаралық Балаларды қорғау күніне орай ауқымды іс-шаралар өткізілмек. Облыс орталығындағы «Керуен сарай» көпсалалы кешенінде «Бақытты балалық шақ» атты мерекелік шара ұйымдастырылмақ. Мерекелік жиын барысында «Қуыршақ» театрының қойылымы, балалар үшін аквагрим жасалып, тегін тәттілер үйлестіріледі. Бұл жайында Түркістан облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Қасымбекова брифингте мәлімдеді. «Бағдарламаға сәйкес, «Керуен сарай» көпсалалы кешенінде оқушылардың қолөнер жұмыстарының жәрмеңкесі мен ...

Читать далее »

Шаруаларға 5 пайызбен несие беріледі

2024 жылы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарына алғаш рет 5% жеңілдікпен 400 млрд теңге көлемінде қосымша қаражат бөлінді. Несиелер «Кең дала-2» бағдарламасы бойынша бөлініп, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ филиалдары, несие серіктестіктері және екінші деңгейлі банктер арқылы іске асырылады. 2021 жылдан бастап бағдарлама операторы – «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын тікелей жеңілдетілген несиелендіруге 140 ...

Читать далее »

ТҮРКІСТАНДА ҚОЛӨНЕРШІЛЕР ҚАЛАШЫҒЫ САЛЫНУДА

Тарихы тереңнен бастау алатын Түркістан қаласына келетін саяхатшылар саны артып келеді. Түркістан қаласының мәдени-рухани орталығында қолөнершілер қалашығы салынуда. Негізгі мақсат – туристерді тарту және өңірдегі кәсіпкерлікті дамыту. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды құрылыс жұмыстарын қадағалау мақсатына құрылыс нысанына барды. Киелі шаһарда қолөнершілердің әлеуеті зор екенін тілге тиек еткен өңір басшысы мердігерге жұмысты ширатуды, сапалы әрі мерзімінде орындауды тапсырды. Биыл Түркістан – ...

Читать далее »

ТӨЛЕБИДЕ ТЫЛ ЕҢБЕККЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Ұлы Жеңістің 79 жылдық мерейтойына орай, Төлеби ауданының әкімі Төлеген Телғараев, аудандық мәслихат төрағасы Нұрлан Қойбағаров ардагерлерге теңестірілген тыл еңбеккерлерін үйлеріне арнайы барып, құттықтады. Ел басына күн туғанда қолына қару алып, майданның алдыңғы шебінде жүрген батыр бабаларымыздың ерлігі бүгінгі және келешек ұрпақ санасында нағыз адамгершіліктің, отансүйгіштіктің үлгісі болып қалса, тыл ардагерінің еңбегі де ерлік пен қайсарлықтың символы болып табылады. Аудан ...

Читать далее »

«ӨНЕГЕЛІ ҰРПАҚ»: ЖЕТІСАЙЛЫҚ ЖАСТАР ЖАЛҒЫЗБАСТЫ ҚАРИЯНЫҢ ҮЙ АУЛАСЫН ТАЗАРТТЫ

Жетісайлық жастар «Өнегелі ұрпақ» апталығында жалғызбасты қарияның шаңырағында болып, тазалық шараларын жүргізді. Игі шараға аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің қызметкерлері мен Жетісай жоғары медициналық колледжінің студенттері қатысты. Атқарылған жұмыстар барысында ауладағы ағаштар шабылып, тұрғын үй айналасы күл-қоқыстан тазартылды. Сондай-ақ, жастар қураған ағаштарды шауып, абаттандыру жұмыстарын жүргізді. Бүгінде Жетісай ауданында науқан аясында көгалдандыру және тазалық шаралары белсенді түрде жүргізіліп жатыр. Акция ...

Читать далее »

«ӨНЕГЕЛІ ҰРПАҚ»: ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДА ЖАЛҒЫЗБАСТЫ ҚАРТТАРДЫҢ ҮЙ АУЛАЛАРЫ ТАЗАЛАНЫП ЖАТЫР

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясының «Өнегелі ұрпақ» апталығында төлебилік жастар қариялардың ауласына сенбілік жұмыстарын атқаруда. Тазалық шаралары барысында аудандағы барлық ауылдық округтердегі жалғызбасты қарттардың ауласы қамтылуда. Бүгін аудан жастары 87 жастағы Майдан Жатақбаеваның ауласын тазалап, бау-бақшасын ретке келтірді. Одан бөлек, қарияның үй жұмыстарына көмек беріп, аулада көгалдандыру шараларын жүргізді. Бүгінде Төлеби ауданында акция аясында көгалдандыру және тазалық шаралары белсенді түрде жүргізілуде. ...

Читать далее »