«Таза Қазақстан» экологиялық акциясының «Өнегелі ұрпақ» апталығында төлебилік жастар қариялардың ауласына сенбілік жұмыстарын атқаруда. Тазалық шаралары барысында аудандағы барлық ауылдық округтердегі жалғызбасты қарттардың ауласы қамтылуда. Бүгін аудан жастары 87 жастағы Майдан Жатақбаеваның ауласын тазалап, бау-бақшасын ретке келтірді. Одан бөлек, қарияның үй жұмыстарына көмек беріп, аулада көгалдандыру шараларын жүргізді.
Бүгінде Төлеби ауданында акция аясында көгалдандыру және тазалық шаралары белсенді түрде жүргізілуде. Науқанның әрбір күніне іс-шаралар бекітіліп, үш апта көлемінде көшеттер отырғызылып, абаттандырылды. Еске сала кетсек, еліміз бойынша экоакция аясында 27 сәуірден 4 мамырға дейін — «Өнегелі ұрпақ», ал 4-11 мамыр аралығы – «Мөлдір бұлақ» апталығы өтеді.
Жарияланды: 04.05.2024