Қасиетті мекен Ордабасы тауында Наурыз мейрамы тойланды. Ұлан асыр іс-шара «Наурыз – жыл басы» сахналық композициясымен басталып, кернейшілер, дабылшылар, атты жаршылар керуенімен жалғасты. Қыдыр ата бата беріп, адыраспанмен аластау, жеті шелпек тарату, шашу шашу, тұсаукесер, көрісу дәстүрлері жаңғырды. Наурыздың келуін дәріптейтін құмырадан ақ құю рәсімі жасалды. Ордабасы ауданының әкімі Азат Оралбаев жұртшылықты мерекемен құттықтап, түркі жұрты үшін ортақ мейрамның ...
Читать далее »Руханият
«Сіз күткен көктем…»
Түркістан облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасы ерекше әдеби кеш ұйымдастырды. «Түнгі кітапхана» жобасы аясында өткен «Сіз күткен көктем…» атты поэзия кешінде көктемнің сұлулығы, нәзіктігі және жаңаруы жырланды. Іс-шараға зиялы қауым өкілдері, жас ақындар мен өнерсүйер қауым қатысты. Сонымен қатар, әдеби кештің негізгі ерекшелігі – өнер көрсеткен қатысушылардың қатарында кітапханашы жастар мен белсенді оқырмандардың болуы. Бұл кеш кітапхана оқырмандары мен ...
Читать далее »КӘСІБИ СУРЕТШІЛЕРДІҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КОНКУРСЫ ЖАРИЯЛАНДЫ
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті еліміздің аумағында «Ұлттық құндылықтар: салттың сырлы бейнесі» атты кәсіби суретшілердің республикалық шығармашылық конкурсын жариялайды. Конкурстың мақсаты – бейнелеу өнері туындыларының негізінде ұлттық құндылықтар мен мәдени нысандарды дәріптеу, отандық суретшілердің шығармашылығын қолдау және қоғамдағы патриоттық рух пен ұлттық бірегейлікті қалыптастыру болып табылады. Конкурстың міндеттері: қоғамда қазақ халқының ұлттық құндылықтары мен мәдени нысандарын дәріптеу; ...
Читать далее »Аида Балаева «Айбоз» Ұлттық әдеби сыйлығының жеңімпаздарын марапаттады
Алматыда «Айбоз» ұлттық әдеби сыйлығының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі ұйымдастырған байқау биыл үшінші рет өткізілді. Лауреаттарды құттықтаған Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева қазақ әдебиетінің дамуына қосқан үлестері үшін жазушыларға ризашылығын білдірді. – «Айбоз» әдеби сыйлығы – сөз өнерінің майталмандарын дәріптейтін, олардың шығармашылығын елге танытатын ерекше сыйлық, – деді министр. Сондай-ақ, ол мемлекет тарапынан ...
Читать далее »«Архив – 2025: нәтижелер мен мәселелер» республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті
Қазақстан Республикасының Ұлттық архивінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің ұйымдастыруымен «Архив – 2025: нәтижелер мен мәселелер» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Іс-шара «Архив-2025» жобасы аясында шетелдердегі Қазақстанға қатысты құжаттарды анықтау, көшіру, цифрлау және жариялау бағытында жасалған жұмыстарды талқылауға арналды. Конференцияға ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің өкілдері республикалық және өңірлік мемлекеттік архивтердің қызметкерлері, тарихшылар қатысты. Конференция шеңберінде ...
Читать далее »ТҮРКІСТАН: «ҮЛГІЛІ АУЫЛ» ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ АНЫҚТАЛДЫ
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасы бойынша, өңірдегі ауылдардың экономикасын өркендетіп, тұрғындар үшiн қолайлы өмір сүру ортасын қалыптастыру бағытында «Үлгілі ауыл» байқауы қолға алынған болатын. Осы орайда, «Үлгілі ауыл» байқауының жеңімпазын анықтау мақсатында облыстық конкурстық комиссияның отырысы өтті. Салалық басқармалар басшылығы, облыстық мәслихат, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері қатысқан жиында қорытынды жасалып, аталған байқаудың жеңімпаздары анықталды. Нақтырақ айтқанда, Қазығұрт ауданы, Шарбұлақ ауылы ...
Читать далее »В Алматы прошла молодежная выставка книг «BookVibe»
На площади Арбат состоялась книжная ярмарка «BookVibe», организованная фондом «Жаухар» при поддержке Управления молодежной политики города Алматы. Для жителей города это стало прекрасной возможностью окунуться в мир литературы и встретиться с известными писателями и авторами произведений как прошлого, так и настоящего времени. Так, актеры, загримированные в образы Ахмета Байтұрсынұлы и Шокана Уалиханова создавали атмосферу живого общения с литературными классиками. Книжное ...
Читать далее »Алматыда жастарға арналған «BookVibe» кітап көрмесі өтті
Арбат алаңында Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының қолдауымен «Жаухар» қоры ұйымдастырған «BookVibe» кітап баспалары жәрмеңкесі мен белгілі кітап авторларымен кездесулер өтті. Қала тұрғындары үшін бұл әдебиет әлеміне еніп, өткен және қазіргі заманның белгілі жазушылары мен шығармаларының авторларымен кездесуге тамаша мүмкіндік болды. Осылайша, Ахмет Байтұрсынұлы мен Шоқан Уалиханов бейнесіндегі актерлар әдеби классиктермен жанды қарым-қатынас атмосферасын құрды. «BookVibe» кітап шарасы осы жылы ...
Читать далее »Түркістанда Алаш ардақтыларын ұлықтаған мәдени кеш өтті
Бүгін Түркістан қалалық мәдениет үйі ұжымының ұйымдастыруымен Түркістан қалалық Фараб ғылыми-әмбебап кітапханасында айтулы мәдени-танымдық шара өтті. Бұл шараға халқымыздың біртуар тұлғалары Сұлтанбек Қожанов, Нәзір Төреқұлов және Нұртас Оңдасыновты еске алуға келген қала зиялы қауымының өкілдері жиналды. Шараны кітапхана директоры Жанат Сәдібекқызы ашып, келген қонақтарды құттықтап, Алаш арыстарын есте сақтаудың маңыздылығына тоқталды. Ол мұндай іс-шаралардың жастардың бойында отанға ...
Читать далее »Түркістандық киногерлердің еңбегі орасан
Қазақстан кинематографиясының бай және сан алуан тарихы бар, оның ең маңызды сәттерінің бірі қазақтың тұңғыш көркем фильмі «Амангелді» фильмінің түсірілуі болды. «Ленфильм» киностудиясында түсірілген бұл фильм Қазақстан тарихындағы жаңа кезеңнің басталғанын білдіретін ұлттық кинематография үшін айтулы оқиға болды. 1941 жылы жарық көрген «Амангелді» фильмі қазақ халқының отаршыл күштерге қарсы күресін басқарған ұлттың көрнекті тұлғасы Амангелді Иманов туралы баяндайды. ...
Читать далее »