Жарияланды: 13.09.2024

Алматыда жастарға арналған «BookVibe» кітап көрмесі өтті

фото Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасы

Арбат алаңында Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының қолдауымен «Жаухар» қоры ұйымдастырған «BookVibe» кітап баспалары жәрмеңкесі мен белгілі кітап авторларымен кездесулер өтті. Қала тұрғындары үшін бұл әдебиет әлеміне еніп, өткен және қазіргі заманның белгілі жазушылары мен шығармаларының авторларымен кездесуге тамаша мүмкіндік болды. Осылайша, Ахмет Байтұрсынұлы мен Шоқан Уалиханов бейнесіндегі актерлар әдеби классиктермен жанды қарым-қатынас атмосферасын құрды.
«BookVibe» кітап шарасы осы жылы үшінше рет ұйымдастырылып, алматылықтардың жүрегін жаулап алды. Белгілі жазушылар мен кітап елшілері сөздері қонақтардың назарын аударды. Казахстандық кәсіпкер және атақты ресторатор. «Rumi Group» компаниясының негізін қалаушысы Қуаныш Шонбай өз шығармаларын таныстырып, кітап жазу соны оқырманға таныту жайлы айтып берді. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Жазушылар Одағының және Журналистер Одағының мүшесі Досжан Сәуле Мағазбекқызы өзінің тәжірибелерімен жиналған оқырмандарға ой кеңс берді. Және де журналистика саласын зерттеуші, Қазақстандық ғалым, қоғам қайраткері, жазушы, саясаттанушы, Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының иегері Ләйлә Ахметова Сейсембекқызы, Заманауи қазақ ақыны, эссеист, кинорежиссер Ербол Жумагулов, Қазақстандық жазушы, бірнеше кітап авторы Серик Мейржанов, Жазушы, актер, саяхатшы, «Жыл дебюті 2019» Ресей ұлттық әдеби сыйлығының номинанты Данияр Куантканов және Қазақ әдебиеті тарихының оқытушысы, жазушы және аудармашы Қайрат Жаңабаев өздерінің кітаптары мен шығармашылық идеяларымен бөлісті. Жәрмеңкеге танымал блогерлер Ерлан Әбдірұлы мен жұбайы Лаура Сейтбек келіп, өз туындыларымен бөлісіт.
Іс-шараның модераторы ретінде белгілі жазушы және «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Бекнұр Қисықов авторлар мен оқырмандар арасындағы қызықты және танымдық қарым-қатынас атмосферасын, кітаптардың әр адамның өміріндегі маңыздылығын атап өтті.
Жәрмеңкеде 20-дан астам баспаның кітап өнімдері ұсынылды. (Атамұра корпорациясы, Абай баспасы, Қасым баспасы, Марфу пресс баспасы, Отбасы хрестоматиясы баспасы, Мазмұндама баспасы және де басқа ірі баспалар). Сонымен қатар кітап алмасу алаңы ұйымдастырылып, онда әрбір келуші қызықты кітап тауып қана қоймай, оны басқа оқу әуесқойларымен алмастыра алды.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, іс-шараның мақсаты «BookVibe» жобасының бірегей мүмкіндіктерін көрсету, жас оқырмандарды көбірек тарту, оқу әуесқойлары мен авторларды біріктіру болды. Ұйымдастырушылар «BookVibe» көрмесін биыл тағы екі рет өткізуге ниетті.
«BookVibe» кітап әуесқойларын біріктіріп қана қоймай, көптеген адамдарды жаңа әдеби жаңалықтарға шабыттандырды. Бұл шара Алматының мәдени өмірін дамытудағы маңызды қадам болды, әдебиеттің қоғам өміріндегі маңыздылығын көрсетіп, жастар арасында оқуды дамытуға ықпал етті.

164 қаралым